Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты казахского языка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.68 Кб
Скачать

10 Билет.

1.Менің жұмыс күнім.

Мен Қарағанды Мемлекеттік Университетінде,Философия және Психология факультетінде ,психолог мамандығында оқимын.Таңертең мен сағат онда тұрамын,жуынамын,тамақтанамын,тура он бірде мен киінемін,боянамын,таранамын.Он екіге он бес минут қалғанда мен үйден шығып,өз университетіме барамын.Сәрсенбі күні сабақтар көп.Бірінші сабақпен сәрсенбі күні бізде информатика пәні.Информатика сабағында біз компьютермен жұмыс жасаймыз,Word,Pascal,Excel,Access деген тақырыптарда өтеміз.Информатикадан кейін бізде ағылшын тілі,бұл сабақта біз ағылышын тілінде кино көреміз.Екінші сабақтан кейін мен құрбыммен асханаға барамын. Үшінші,төртінші,бесінші сабақпен бізде қазақ тілі болады.Қазақ тілінде біз қызықты тақырыптарды өтеміз.Сабақтан соң,үйге келіп,ертеңгі тапсырмаларды орындап,демаламын.

2. Қарағанды – бұл Қазақстанның  ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала аты осы маңайда көп өсетін қарағана өсімдігінен шықты деп есептелінеді. Қарағанды өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпан айында алды. Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).

Қарағандыда көмір шығару бойынша ірі кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар машина салу, металл өңдеу және тамақ өндірісінің кәсіпорындары бар. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары көп.

ХІХ ғасырда қала орнында ештеңе болған жоқ. Жаңа ғасыр басталуымен қалада қайтадан құрылыс басталды: қаланы салу бірінші жоспарында қарастырылған басты көшелер қалпына келтіріліп жатты, тұрғын үйлер, мәдени және әкімшілік мекемелер реконструкцияланды, қазіргі эстетика ережелеріне сәйкес жаңа сауда ортылықтары салынды, жаңа саябақтар салынды.

11 Билет.

1.Ата– әкесінің әкесі.

Әже – әкесінің шешесі.

Әке – перзентті болған ер адам

Ана – сәби сүйген әйел заты. (шеше)

Нағашы ата – шешенің әкесі. (ата)

Нағашы әже – шешесінің шешесі. (апа)

Бала – балиғат жасына жетпеген перзент.

Аға – жасы өзінен үлкен ер адам.

Әпке – жасы өзінен үлкен әйел адам (қыз).

Ағайын – туыс – бір рудың адамдары.

Іні – жасы кіші ер адам.

Қарындас – ер адамдардан жасы кіші әйел (қыз).

Сіңлі – жасы әйел адамдардан кіші қыз.

Бауыр – бірге туған тумасы.

Жеңге – ағаның жұбайы.

Келін – баласының және інісінің жұбайы.

Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.

Жезде – әпкенің күйеуі.

Күйеу – әйел адамның некелескен ері.

Күйеу бала – ұзатылған қыздың не қарындасы, сіңілілерінің күйеуі (ері).

Қайын ата – әйелінің әкесін

Қайын ене – әйел жақтың анасы.

Қалыңдық – атастырылып қойған қыз.

Бажа – әйелдің әпкесіне не сіңілісіне жар болған адам, күйеу.

Бөле – туысқан, ағайын адамдардың арасында қыздарынан туған бала.

Абысын – қайын ағаның әйелі

Немере – ұлынан туған нәресте. (екінші дүние есігін ашқан бала)

Шөбере – немереден туған бала (үшінші ұрпақ)

Шөпшек – шөбереден туған бала (төртінші ұрпақ)

2.Біздің Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті –Қазақстандағы алғашқы университеттердің бірі.Ол 1972 жылы құрылған.Мұндағы 14 факультетте 117 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы бөлімдерде 20 мыңнан аса студент оқиды.Оларға Интернет залы,мәдениет сарайы,асхана,лингафон кабинеті,спорт залы ,мультимедиялық сыныптар,тұрмыстық қызмет көрсету кешені қызмет етеді.Кітапхана қорында,мерзімді баспасөз залында оқытушылар мен студенттер үнемі шұғылданады.67 кафедраның жоғары білікті мамандары студенттермен оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді.Жыл сайын 30 мамырда университетте «Ашық есіктер күні» өткізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]