
- •1 Билет.
- •2 Билет.
- •3 Билет.
- •4 Билет.
- •2.Қала және ауыл өмірі.
- •5 Билет.
- •6 Билет.
- •7 Билет.
- •2.Ауылым-алтын бесігім.
- •8 Билет.
- •9 Билет.
- •10 Билет.
- •11 Билет.
- •12 Билет.
- •1)” Мен тұратын қала” сұхбатты:
- •1)” Университеттегі жаңалықтар” сұхбатты:
- •2)Адамның денсаулығына кері әсер өтетін факторлар
- •1)Кітапханада
- •2)Халық емі
- •2)Менің білім алатын оқу орны:
- •1)Емханада
5 Билет.
1. 1. Адамгершілік болмай, Әділдік болмас.
2. Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде.
3. Жақсы ниет - жарым ырыс.
4. Су бермегенге, сүт бер,
5. Ана алдында - құрмет, Ата алдында қызмет.
6. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
7. Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
8. Жақсылық еткен, алғыс алады.
9. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
10. Көпті сыйлағаның, өзіңді сыйлағаның.
2. Әрбір адам – өмірге келген қонақ. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл-күй адамның айнасы.Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Қарым-қатынас адамның бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін түсіндіреді. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, , тіл табысу, келісім, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының арасында қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі төмендеп бара жатыр. Себебі, сөйлеу мәдениеті бұзылып барады. Тіл қарым-қатынас құралы. Әрбір айтылған сөз арқылы адамның ой-өрісінің, ақыл-парасатының, рухани байлығының қандай екенін білуге болады. Мектеп оқушыларының қарым-қатынасы көп өзгерген. Оны өзгерткен көбіне компьютер, ғаламтор деп ойлаймын. Олар белгілі бір қарым-қатынасты жеделдету үшін сөздердің графикалық қысқартылған нұсқаларын жиі қолданады. Барлығымыз тек ізгі жолмен жүріп, дұрыс қарым-қатынас жасасақ екен деймін.
6 Билет.
1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді. 2.Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық. 3.Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды. 4.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы. 5.Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. 6.Отан от басынан басталады. 7.Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. 8.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. 9.Отансыздың оты жанбайды. 10.Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы боласың. 2. 1. Ата жұрт Ата жұрт деп отырғанымыз азаматтың өз жұрты, әке-шеше, аға-іні-бауыр, әпеке-қарындас-сіңлі қатынастағы отбасы ортасы, осы отбасы рулық нарқы бойынша жеті атасын немесе онан арғысын тізіп, рулық шежіресін қалыптастырады. 2. Нағашы жұрты Ер жігіттің нағашы жұрты негізінен анасының (шешесінің) жұрты, туыс-туғандары. Рулық тұрғыдан алғанда, баланың өз жұрты мен нағашы жұрты тең тұрғыда құрметке бөленеді.
3. Қайын жұрты Ата жұрттан өсіп-өнген ұрпақтар неке жасына толған соң, сөз байласып үйлену барысын қалыптастыра бастайды. Міне мұнан барып рулар ара құдандалық қарым-қатынас орнап, қыз-ұлдарда қайын жұрт қалыптасады.
Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, бұдан ары туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Қазақ халқы жеті ата араламайынша өзара қыз алыспайтын дағдыны осылай атап қалыптастырған екен.
7 Билет.
1. Сұхбат: Орталық әмбебап дүкенінен туысқаныма сыйлық алу.
-Сәлем,Дина!Бір аптадан кейін Жаңа Жыл!!!
-Сәлем,Әдия!Мәссаған,сен туысқандарына сыйлық сатып алдың ба?
-Жоқ,бірге барып алайық
-Жарайды,менде әлі сыйлықтарды алған жоқпын,қай дукеннен аламыз?
-Мүмкін орталық әмбебап дукенінен алармыз?
-Орталық әмбебап дүкенінде қымбат емес пе?
-Қазір мереке болған соң сыйлықтардың бағалары төмендеу
-Жақсы болды ғой,онда ертең сағат уште аялдаманың қасында кездесейік
-Сен кімге сыйлық сатып аласын?
-Әкеме,анама,атама,әжеме,сіңлілеріме,інілеріме.Ал сен ше?
-Мен де,өзіне сыйлық жасамайсың ба?
-Хех,жасайтын шыгармын,саған сыйлық сатып алуым керек.
-Рақмет!!Мен де саған сыйлық дайындаймын.
-Жарайды онда,кездескенше!
-Сау бол!