
- •1 Билет.
- •2 Билет.
- •3 Билет.
- •4 Билет.
- •2.Қала және ауыл өмірі.
- •5 Билет.
- •6 Билет.
- •7 Билет.
- •2.Ауылым-алтын бесігім.
- •8 Билет.
- •9 Билет.
- •10 Билет.
- •11 Билет.
- •12 Билет.
- •1)” Мен тұратын қала” сұхбатты:
- •1)” Университеттегі жаңалықтар” сұхбатты:
- •2)Адамның денсаулығына кері әсер өтетін факторлар
- •1)Кітапханада
- •2)Халық емі
- •2)Менің білім алатын оқу орны:
- •1)Емханада
1 Билет.
1.
Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.
Әке - баласы бар ер адам
Ана - балалы әйел, туған шеше.
Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.
Туыстық қарым-қатынастағы атаулар[
Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
Ене - ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ана болады.
Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
2 Билет.
Менің тобым.
Мен Қарағанды Мемлекеттік университетінде ,Философия және Психология факультетінде ,психолог мамандығында оқимын.Менің факультетімдегі студенттер тату адамдар екен.Ал менің тобым сондай күшті топ.Біз бір-бірімізді тек қана 4 ай білеміз,бірақ біз осы 4 айда жақсы дос болып қалдық.Біз бақылау жұмыстарында бір бірімізге көмектесеміз.Маған оқумен қиын болса,курстастарым маған көмектеседі.Біз анда санда киноға барамыз,саяхаттануға шығамыз.Мен өз тобымды жақсы көремін.
2. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған.Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден
тұрады. Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады.
Шаңырақ Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
Уық
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.
Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Киіз үй есігі
Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.
Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.