Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_bilet_otvety_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.6 Кб
Скачать

1. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары.

 Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары - бұл халықты қорғау, соғыс уақытында экономика объектілері жұмысының тұрақтылығын арттыру, болуы мүмкін қираулардың алдын алу және қарсыластың қазіргі заманғы зақымдау құралдарына қарсы қолдану нәтижесінде халықтың шығынын азайту, зақымдау ошақтарында, авариялар, апаттар және дүлей зілзалалар аудандарында авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін жағдай жасау.

2. Буынның шығу белгілері.

Буынның шығу белгілері. Домбығу, буының табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.

3. «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қашан қабылданды және бұл заңда көрсетілген Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерін ата.

Осы заң Қазақстан Республикасының халқын, объектілері мен аумағын азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

16 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Асептика және антисептика туралы түсінік.

Асептика — микробиология, вирусология, медицина саласындағы және өндірістік жұмыстары кезіндегі сақтық шаралардың жинағы. Адам және жануарларды зақымдайтын бөтен микроорганизмдердің жұғуына немесе қоректік орталардың, материалдың және құрал-саймандардың ластануына қарсы бағытталған әдіс. Асептикаға: тазалау, зарарсыздандыру,антисептика, дезинфекция, дезинсекция, лас ауа кірместей жабу (герметизация), оңашалау (изоляция) кіреді.

Антисептика деген сөздің түсінігі: грек тілінде «анти» - «қарсы» деген сөз (мысалы, антиимпериалистическая борьба – имперализмге қарсы күрес) және «септикос» - «іріп шіру» деген сөз. Толығырақ айтсақ, антисептика дегеніміз – іріп-шіруге қарсы күрес немесе іріп-шіруге жол бермейтін әдіс Антисептика ұғымына әртүрлі мағына берілетінін де білеміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]