Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_bilet_otvety_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.6 Кб
Скачать

11 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Зілзала түсінігі және оның қысқаша сипаттамасы. Қар басу туралы хабарды алған бойда жасалатын іс-шаралар.

Зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші, дамуының сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.

Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады. Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; запрдап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу; коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою. Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі. Егер қар басуға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, ол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, двигательді радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын желге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаған жөн. Машинаны қар басып қалу қаупі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бүлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін. Машинадан шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (Бір ұшын автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі. Жолдағы көкайғақ аса қауіпті, ал қилысы көп жерлерде автомобиль қозғалысын мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын, әр түрлі заттардың құлауы және ұшуы өте қауіпті. Бұл жағдайларда ескі құрылыстардың маңынан, электр желілерінің және олардың діңгектерінің жанынан аулақ кеткен жөн. Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады.

2. Тәуекелдік факторларына түсінік бер. Ыстық, шөлдеу сияқты авариялық жағдайда болған адамға көмек көрсету шаралары.

Тәуекел (Риск; фр. risque қауіп) — жүзеге асырмақ іс-шаралардьщ сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. «Әйтеуір бір сәті болар» дегенге негізделген көзжұмбай тәуекел және әбден ойластырылган, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел ден сараланады. «Тәуекел»термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады.

Ыстық тию Белгілері: әлсіреу, жүрек айниды, құсқысы келеді, тері бозарып, жабысқақтық пайда болады, тыныс алуы жиілей түседі және тамыр соғысы жиелейді, әлсіз. Бас ауырады, айналады, естен тануы мүмкін, сіңірі тартылады. Сенің әрекеттерің: -Зардап шегушіні салқын, жақсы желдетілген жерге, желдің өтіне жатқыз. Үйде желдеткішті қолдан. - Басы мен жүрек төңірегін суық сумен салқындат; суық тартуды шат төңірегіне, қолтық астына және мойынға қой. - Аяғын сәл көтеріңкіре. Тар киімнің түймелерін ағыт. - Алдын ала тұз салып су бер (1 литрге 1 шай қасық тұз). - Егер зардап шегуші есінен танып, тыныс алуы тоқтаса, "ауызды ауызға" әдісімен жасанды дем алдыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]