
- •Пәнін оқыту-әдістемелік кешен
- •5В011100 - «Информатика» мамандығына арналған
- •Мазмұны
- •Глоссарий
- •Дәрістер
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Қысқаша конспект
- •Зертханалық сабақтар Зертханалық жұмыс №1
- •Зертханалық жұмыс №2
- •- Мөлдір жабында қабатталған анимация-
- •Зертханалық жұмыс №3
- •- Әрбір қабаттағы суреттер -
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Зертханалық жұмыс №5
- •Сплайндарды құру негіздері
- •Дене айналымы. Lathe модификаторы
- •Lathe қолдану мысалы. Вазаны құру.
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстар жоспары
- •Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:
- •СөЖді орындау және тапсыру графигі
- •Сөж орындау бойынша нұсқаулар
- •6. Әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары:
- •3Ds max программасында сплайндарды құру негіздері
Қысқаша конспект
Анимацияның дамуы
Анимацияның технологиялық түсінігі ол, кадрлік әдіс бойынша қозғалмайтын суреттер тізбегі конопленкаға түсіріледі және осы суреттердің проекциясы(көлеңкесі)
экранда секундына 24 кадр көрсету арқылы қозғалыс иллюзиясын құрады. «Анимация» сөзі «тірілу» деген мағынаны ал бұл термин біздің елімізде 1980 жылы пайда болып, бұрынғы «мультипликация» сөзінің орнын басты. Егер бұрынғы анықтау
оның техникалық принципіне байланысты айтылса, ал жаңа анықтау оның негізгі мағынасын ашады, яғни біздің көз алдымызда жансыз суреттер тіріледі. Осы уақытқа дейін айтылып келген киножанр анимациялық киноның өздігінен экран өнері.
«Тастан» , «фенакистоскоп» дәуіріне дейін. Ең бірінші түркі ерте заманда яғни жаңып тұрған оттың өзгермелі көлеңкесі. Оның одан әрі дамуы яғни қозғалыс иллюзияларын пайдалану Қытай көлеңке театрының: жарықтандырылған жазықтықта көлеңкелердің қозғалуы пайда болды.Бұл сәттен бастап мультипликация өнерінің негізгі және алғашқы элементі пайда болды. Көлемді персонаж экранда тірілу үшін оның қозғалыстарын жеке фазаларға бөліп одан кейін оны кинопленкаға түсіреді. Егер түсірілген пленкаға нақтырақ қарасақ әрбір кадрда персонаждың орналасуы бір- бірінен өзгешерек, ол экранда қозғалыс проекциясын тудырараы.Бұл құбылыс ерте гректік физик және математик Птоломейдің б.з.э. 150 жыл бұрын еңбектерінде айтылған. Әрине,негізгі ой қозғалмайтын бейнелер туралы, яғни бейнелердің тірілуі.Анимациялық фильнің бастауы үңгірде салынған суреттер , Франциядағы Ласко және Испаниядағы Альтамира үңгірлері (мысалы, алты аяқты және екі құйрықты өгіз)және Көне египеттік рельфтер және гректік вазадағы суреттер.
Әр заман суретшілері өз туындыларының жалған қозғалыс өмірін көруді армандады. Адамзаттың бейнелерінің қозғалысын түсіру ұмтылысы біз ежелгі ескерткіштерден және ежелгі заманда суретшінің тастар әр түрлі жануарларды қозғалысын бейнелеуінен көреміз. Ежелгі солтүстіктік адамдарының суреттерінде көретініміз, жүгіріп бара жатқан еліктің көп аяқтармен салынуы оның жүгіруге деген ұмтылысын көрсетеді және билеп жүрген сегіз қолды,сегіз аяқты аңшы, оның бидегі әр қозғалыс моменті көрсетілген. Бұндай суреттерді біз оңтүстік африка елдерінен және солтүстік және оңтүстік америка үндістерінен кездестіреміз. Адам өмірді бақылай отырып, өмір қозғалысын өзінде бар құралдармен түсіріп алуға тырысты. Жарқын бейнелер қозғалысының берілуін біз ежелгі мысыр және грек өнерінен , яғни скульптуралық рельфтерде фарауондардың храмдарында және вазалардағы суреттерден көреміз. Біздің елімізде де «ежелгі анимация» - Онеж көлінің жағалауындағы тастарда аңшы мен бақаның суреттері, олар күн сәулесі түскен бетте «тіріледі» бар. Анимацияның ататегі ретінде Шығыстағы көлеңке театрын санайды. Француз құрастырушысы Эмиль Рейноның оптикалық театрдағы алғашқы сеансы «световых пантомым» жарыққа шығуы киноматографияның 1892 жылы тууына әкелді.
Жансыз суреттерді тірілту үшін әртүрлі оптикалық ойыншықтар бұдан бұрынырақта пайда болды. Мысалы, фенакистископ – дөңгелек, яғни дөңгелек шетіндегі суреттер бейнеленген, осы дөңгелекті дөңгелеткенде осы суреттер бірінен кейін бірі қайталанып көрсетіледі.
Басқа амалдардың бірі-зоотроп-барабанның қиылған кескіндерімен танылады, яғни оның ішінде ленталы сурет салынған, бастапқы және ақырғы фазадағы суреттер сәйкесінше келуі керек,сонды сурет тірі сияқты болып көрінеді, мысалы:аттың шауып бара жатқаны, қыз бала жіптен секіріп жатқаны және т.б. Бірақта, осы және басқа да оптиакалық ойыншықтар, тағы да сол сияқты бірақ блокнот бетіне салынған,блокноттың бетін кезек – кезек - ашқанда салынған суреттің қозғалғанын көруге болады, ол тек бір ғана көрерменге арналған. Рейно зоотропта өзінің аппаратын құрастырған болатын, ол айнаның және сыйқырлы фонарьмен біріктірді.Сонда оның бейнелері экранда пайда болды және оны көптеген көрермендер тамашалай алу мүмкіндігіне ие болды. Ол оларға сюжеттінің сеансын 15-20 минуттан көрсетті. Рейно өзінің барлық «фильмдерін» өзі салған болатын, ол суреттерді ұзын лентаға түсірді, әр сюжет бірнеше жүздеген картинадан құралды. Ол ең алғаш рет бірнеше әдістерді қолданды, кейіннен мультипликация технологиясының негізі болған, оның ішінде персонаж бен декорациялар жеке-жеке салынған.
Ол 1893-1894 жылдары өзінің туындысы «Вокруг кабины» дүниеге әкелді, бірақта, 1895 жылы киноматографияның пайда болуы оған өте үлкен соққы болды; Рейноның қолдан жасалған ленталары жаңадан пайда болған тез әрі арзан кинофильмдермен бәсекелесе алмады. Мұнайған ол өзінің аппаратын және лентаны Сенаға лақтырды, тек екі туындысы «Бедный Пьеро» және «Вокруг кабины» аман қалды. Бірнеше күндерден кейін оған киномагнат Леон Гомон мұражайға оның аппаратымен фильмін сұрады. Анимация дамуына Рейноның еңбегін бағалау қиын , себебі оны алғашқы анимациялық фильмнің құрушысы ретінде өзінің кинопленкасын суреттер тасушысы ретінде қолданған жоқ.
Алғашқы аниматорлар
Тарихшылар алғашқы анимациялық фильмнің авторы ретінде кімді санауға байланысты бір шешімге келген жоқ. Біреулер адамзат тарихындағы алғашқы фильм Эмиль Кольдің «Фантасмагория» деп есептеді. Коль американың жаңа туындылары мен таныс болған жоқ, мөлдір целлуиод, содан ол өз персонаждарын «фантош» қағазына салып, ол жеке фон немесе кадрдан кадрға ауысқанда өзгеретін бөліктерді сала алмады. Шартты персонажды көрсетуде оған әр кадрды қайта – қайта көрсетуге тура келді. Бірақта, ол мұндай жағдайға қарамай ондаған фильмдерді жасап шығарды. Нәтижесінде Коль жаңа технологияларды пайдалана отырып, 300- ге жуық фильмдерді жасап шығарды, бірақ олардың көбі жоғалған. Екіншілері дүние жүзіндегі ең алғашқы аниматор ретінде америкаға келген ағылшын эмигранты Джеймс Стюарт Блэктонды санады. Оның 1900 жылы шыққан алғашқы анимациялық фильмі «Волшебные рисунки». Қандай жағдай болса да, салмалы фильмдерге журналдардағы иллюстрациялар, карикатура мен комикстар. Газеттегі комикстарға байлранысты америка мультипликаторы Уинзор Мак-Кейдің «Маленьки Немо» фильмі туындады.
Фильм үш әріптестермен жасалынды,1906 жылы Мак-Кей мюзик-холдың құрама бөліміне кіріп, өте тез жылдамдықпен сурет салды. Кейінен ол «Динозавр Герти» фильмінің көрсетілімінде өз қимылын персанажға қайталатқызып орындатты.Алғашқы болып Мак-Кей анимациялық технологияның циклін қолданды, қайталанатын қозғалыстарға бір ғана целлулоид қағазын қолданды.
Рауль Барр ең алғашқы болып перфорирделген целлулоид қолданды, оның туындылары сурет салынған қағазды штифт көмегімен жапсыруға болады. Ал Пат Селиван ең алғашқы болып ешқандай комикстардан алынбаған персанаж-Феликс мысығын ойлап тапты.Феликс туралы фильм ақ-қаралы және дауыссыз болды.
Ең олардың арасында танымалы Уолт Дисней. Ол мультфильм өндіріс технологиясын жасап шығарды.
Анимацияны бірінші боп жасаған адамдардың ішіндегі әйгілісі Уолт Дисней: ол тек мультиктерді жасап қоймай сонымен қатар мультфильм құрудың әлемін құра білді. Оның еңбекетірі: Пароходик Вилли (Steamboat Willie, 1928) атты бірінші дыбыстық мультфильмі, және бірінші музыкалық мультфильмі ол Пляска скелетов (The Skeleton Dance, 1929), және Белоснежка и семь гномов (Snow White and the Seven Dwarfs, 1938) толық метржды мультфильмі.
Обьекмді анимацияның негізін салған адам ол ресейлік режисер, суретші және оператор Владислав Старевич (1882–1965) болды.тарихтағы бірінші куклалы фильм болып Прекрасная Люканида киносы есептеледі, немесе Кровавая война рогачей и усачей (1912).
Бақылау сұрақтары:
Анимацияның даму кезеңдерін атаңыз?
Алғашқы аниматорлар
Дәріс 2
Тақырыбы: Жазық анимация
Мақсаты: Анимация түсінігімен танысу