Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2509a287-5020-11e3-a305-f6d299da70eeУМК-ББМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.34 Mб
Скачать

Қысқаша конспект

Соңғы жылдары мультимедиа деп аталған құралдарға фото және видео бейнелерді, дыбысты жазуға және ойнатуға болатын құралдар жатады. Мультимедиа құралдарын ақпараттың түрлерін және оны көрсету тәсілдерін білмей түсіну мүмкін емес.            

Меңгеру түрлері бойынша барлық информацияны үш негізгі топқа бөлуге болады:

1. Адам көру арқылы меңгеретін ақпарат. Былайша айтқанда, өзіне мәтінді графикалық бейнелерді және суреттерді, фотосуреттерді, мультфильмдерді, кинофильмдерді қосатын көру немесе визуалды ақпараты деп аталады;      2. Адам есту аппараты арқылы меңгеретін ақпарат. Былайша айтқанда, өзіне шуларды, музыканы, сөзді қосатын дыбыстық ақпарат деп аталады.      3. Адамның сенсорлы жүйесі арқылы меңгеретін ақпарат. Былайша, арнайы техникалық құралдардың көмегімен жұмыс істейтін сенсорлы немесе тактильды деп аталады.           Ең маңыздысы "мультимедиа"     сөзінің басқа да сөздер сияқты бірнеше мағынасы бар екенін түсіну. Мультимедиа - бұл:

  • әртүрлі типтегі ақпараттарды өндеудегі құралдарды қолдану және жобалау ретін суреттейтін технология;

  • әртүрлі ақпараттарды беру және өндеу технологиясы негізінде құрылған ақараттық ресурс;

  • компьютерлік програмалық қамтасыз ету;

  • компьютерлік аппаратты қамтамасыз ету. Оның көмегімен әртүрлі типтегі ақпараттармен жұмыс істеу мүмкін болады;

  • өзінде әртүрлі типтегі дәстүрлі, статистикалық, визуалды (мәтін, графика) және динамикалық (сөз, музыка, видеофрагменттер, анимациялар және т.б.) ақпатаратты ерекше жалпылайтын ақпарат түрі.

Қазіргі уақытта құрылған мультимедиа саны мыңдаған атаулармен өлшенеді. Мультимедиа-технологиялары және сәйкес АКТ құралдары өте тез дамуда.      Мультимедиа құралдары және технологиялары аудиовизуалды ақпаратты өндеу есебінен оқытуды интенсификациялау және мотивацияның көтерілу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Олар:

  • визуалды ақпаратты "манипуляциялау" (орынауыстыру);

  • әртүрлі аудиовизуалды ақпараттың контаминациясы (араласу);

  • анимациялық эффектілердің жүзеге асуы;

  • визуалды ақпараттың деформациясы (белгілі сызықтық параметрлердің үлкеюі және кішіреюі, бейнені созу немесе сығу);

  • аудиовизуалды ақпараттың дискретті берілуі;

  • бейнені қарайту;

  • оның келесі орын ауыстыруы немесе «лупаның астынан» қарастыру үшін таңдалған визуалды ақпараттың бөлігін фиксирлеу;

  • аудиовизуалды ақпараттың экранның кез келген бөлігін активизациялау мүмкіндігі бар бір экранда көптерезелі көрінісі (мысалы, бір терезеде видеофильм, ал басқасында – мәтін);

  • шын уақытта ағымдағы процесстердің, оқиғалардың демонстрациясы (видеофильм).

Жалпы орта білім беруде мультимедиамен және АКТ құралдарын колданумен байланысты бірнеше ұғымдары бар. Мысалы:     Иллюстрация (иллюстрациялау) - бұл:

  • мәтінге түсіндіретін және толықтыратын басқа типті (бейненің және дыбыстың) ақпаратты енгізу,

  • көрнекі және сенімді түсіндіру үшін мысалдар келтіру (басқа типті ақпаратты қолданбау мүмкіндігі бар).

АКТ құралдарының Интерактивтілігі қолданушыға, яғни оқушыларға және мұғалімдерге осы құралдармен белсенді қатынасу мүмкіндігін ұсынуды білдіреді.      Интерактивтілікті ұсыну мультимедиа құралдарының белгілі біреуінің сипаты болып табылады.      Мультимедиа технологиялары көптеген ақпарат түрлерін интеграциялауға мүмкіндік береді. Бұл компьютер көмегімен ақпаратты әртүрлі формада жеткізіп беруге мүмкіндік береді. Олар:

  • бейнелер (сканерленген фотосуреттер, сызбалар, карталар және слайдтар);

  • дауысты жазу, дыбыстық эффектілер және музыка;

  • видео, күрделі видеоэффекттер;

  • анимациялар және анимациялық имитация.

Мультимедиа мынадай мүмкіндіктерді қалыптастырады:

  1. ақпаратты қабылдау және меңгеру сияқты оқу аспектілерін стимуляциялау;

  2. оқушылардың мотивацияларының жоғарылауы;

  3. біріккен жұмыстың дамуы және оқушылардағы ұжымдық таным;

Бақылау сұрақтары:

  1. Мультимедиа - бұл:

  2. Мультимедиа қандай мүмкіндіктерді қалыптастырады?

  3. Мультимедиялық ақпарат элементтеріне не жатады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]