Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор,анимация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.55 Кб
Скачать

22. Аниматордың басты міндеттері

Аниматор балаларды қуанышқа бөлеп шаттандырып қызықты іс – әрекет жағдайын ұйымдастыруға тырысуы тиіс.Оның міндеті балалардывң бетін мәдениетке баулу.Топта тілектес қатыснастарға дағдыландыру.Балаларды шығармашылыққа іс әрекетке ынталандыру.Аниматордың іс әрекеті жан жақты болып нақты әлеуметтік бағыттылығыболуы тиіс.1.жағдайда жетекші топтың қажеттіліктерінескере отырып реттеуші іс әрекетті жүзеге асырады.2.жағдайда жетекші арнайы техникалық немесе өзге маман иесі болуы мүмкін.

23.Эпизод-көпірше мен эпизод

кескін ұғымдарының анықтамасы

24. Бос уақытты ұйымдастыру формалары. Бос уақыт - тұлғаның жеке физикалық рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі.Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі. Бос уақытты тиімді пайдалану үшін, баланың таным процесстеріне, дамуына әсер ететін пайдалы шаралар мен үйірмелерге қатыстырып отыру қажет.

Бос уақыт алдын алу жүйесінің тиімділігін анықтау үшін жасӛспірімдердің мәдени-тұрмыстық және спорт мекемеле-рімен қаншалықты қамтылғандығын, олардың жұмыстарының жалпы бағыты мен мазмұнын, кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұтымды пайдалану мүмкіндігін білу керек. Жеткіншек ӛмірінің отбасы, тұрмыстағы, оқудағы, жұмыстағы және бос кездердегі айқындалған ауытқуларын жою оның криминогендік топтармен байланысының үзілуіне алып келеді, күнделікті ӛмір салтын ӛзгертеді, қылмысқа бару мүмкіндігін азайтады. Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады.Оның негізі әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады.Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.

25.Ойын – бос уақыт құрылымы ретінде

Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойында баланың шы-ғармашылық қасиеттері, мүмкіндіктері, эмоционалдық кӛңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді. Бұл сана-сезім, ойлау процесімен тығыз байланысты болады.А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз ӛмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-ӛмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады..Ерте заманда ойын қоғамдық ӛмірдің бір бӛлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын ӛмірде пайдасыз кӛрінгенмен аса қажетті кӛрініс құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді кӛмекші бола алады. Ӛйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға ӛте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға ӛз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің ӛзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жӛнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Ойын баланың даму құралы, таным кӛзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала ӛмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, ӛскен соң жұмыста да кӛп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.