Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор,анимация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.55 Кб
Скачать

17.Қазақ драматургиясының бүгінгі өкілдері.

Драматургия (гр. dramaturgіa) — қандай да бір халықтың немесе жазушының белгілі бір дәуір мен кезеңдегі драмалық шығармаларының жиынтығы. Драматургия шығармалардың алғашқы үлгілері Ежелгі Грекияда діни дәстүрлерден (Дионис құдайға табынудан) басталған.Драматургияның қазіргі өкілдері:Дулат Исабеков, драматург-жазушы. Қалихан Ысқақ, жазушы-драматург. Қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесалары ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты. Драматургия саласындағы әдебиеттану мен театртану, өнертану тұрғысындағы егізделе, теориялық-тәжірибелік тұтастықпен өрілген зерттеулер, танымдық бағалаулар да үздіксіз жазылумен келеді

18.Актер, режиссер, декорация терминдерінің анықтамасы

Актер (фр. acteur, лат. аctorорындаушы сөзінен) — драмалық спектакль мен кинофильмде рөл орындаушы. Балет, эстрада, цирк ойын-сауығы мен опералық спектакльдегі рөлдерді орындаушыны көбінесе әртіс немесе әнші-әртіс деп те атайды.[1] Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді. декорация өнері, сахналық безендіру өнері – декорация, киім-кешек, әр түрлі жарықтар мен қойылымдық техника арқылы спектакльдің бейнелі де көркем образын жасау өнері. Театр декорация өнерінің даму тарихы театр, драматургия, бейнелеу өнерінің өсіп-өркендеу жолымен тығыз байланысты. Сахналық безендіру өнерінің элементтері (киім-кешек, маска, т.б.) ежелгі халық ойын-сауықтарынан бой көрсетті. Б. з. б. 5 ғасырда ежелгі грек театрының скеналары, ежелгі рим театрының шымылдықтары суреттермен безендірілді. Ежелгі дәуірдегі симультанды декорация принципі (бүкіл оқиға желісін тұтас бейнелеу) орта ғасырдағы еуропалық театр декорация өнеріне негіз болды

19.Актер шеберлігінің басты элементтері. Болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесі мамандық пәндерді педагогикалық әртістік шеберлікке оқыту арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан болашақ актерлерді кәсіби даярлау жүйесін жобалауда мына негізгі кезеңдерге сүйендік: - оқу жоспарларының құрылымын талдау, - окыту мақсатын айқындау; - оқыту мазмұнын жүйелеу; - оқытудың әдістерін таңдау; - окытудың күралдарын іріктеу; - оқытудың формаларын саралау; Болашақ актерлерге кәсіби педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру жүйесін жасауда оның келесі элементтері ерекшеленеді:

- мақсаты: оқу үдерісінде кәсіби педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастыру;

мазмұны: педагогикалық әртістік шеберлікті пәндік мазмұнмен сабақтастыру;

- әдістері: танымдык әдістер; дидактикалык әдістер, практикалық әдістер, интерактивтік әдістер т.б.- формалары: дәрістер, шығармашылық семинарлар, өзіндік жұмыстар, арнайы практикумдар, музыкалық студия базасындағы сабақтар, консультациялар, дипломдық және курстық жұмыстарды қорғау, ғылыми семинарлар мен конференциялар, шығармашылық шеберханалар, музыкалық қойылымдар, әуендік кештер, тақырыптық кештер т.б.;

- құралдары: дидактикалық, педагогикалык жағдаяттар, әртістік шеберлікті кәсіби қалыптастыруға арналған тапсырмалар т.б.;

- бақылау тәсілдері: ағымдық, қорытынды: сынақ, емтихан, курстық және дипломдық жұмыстарды қорғау, педагогикалык әртістік шеберлік нәтижелерін талдау;

- коррекция тәсілдері: педагогикалық әртістік шеберлікті қальщтастыруға арналған тапсырмаларды жүйелеу, оқытудың жекелеген кезеңдерін нақтылау, эксперимент арқылы теориялық, практикалық мәнділігін талдау;

- күтілетін нәтиже: болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігі қалыптасуының жоғары, жеткілікті деңгейлері.