Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор,анимация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.55 Кб
Скачать

15. Мелодрама, водевиль, фарс,мюзикл, трагикомедия жанрларының

өзіндік ерекшеліктері.Мелодрама (гр. melos — өлең және драма) — драма жанрының бір түрі. Шиеленіскен тартысқа құрылатын, моральдық тенденциялармен ерекшеленетін пьесалар. Мелодраманың пайда болуы 18 ғасырдағы француз ағартушы демократиялық ағыммен тығыз байланысты. Алғашқы мелодраммалар 18 ғасырдың аяғында Француз буржуазиялық төңкерісі жылдары пайда болды. Мелодрама авторлары трагедия мен комедияны үйлестіріп, драматургия тақырыбын кеңейтті. 19 ғасырдың 20-жылдары мелодраммада көңілсіз оқиғалар басым келіп, соңы трагедиямен аяқтала бастады. 19 ғасырдағы романтиктік және реалистік бағыт-бағдардағы театрлар жасаған сахналық реформаларға түрткі болды. Қазіргі кезеңде мелодрама ұғымы кино өнеріндегі жанрдың атауы ретінде де қолданылады. Қазақ киносында мелодрамалық сарындағы телесериалдар (“Тоғысқан тағдырлар”, “Шегіртке”) түсіріліп, көрермендер назарына ұсынылды. Водевиль (фр. vaudeville - Вир өзеннің аңғары, онда 15 ғ-да водевир халық әндері шыққан) - әдетте, тамақпен, өлеңмен айтылатын, кейде би аралас ойналатын шағын комедиялық пьеса. Франция шаруалар арасындағы ажуа өлеңдерден шыққан. Бертін келе әзіл-оспақ айтыстар, екеу ара сөз қақтығыстары Водевиль деп аталып кетті. Театр жанры ретінде Водевиль 18 ғ-да қалыптасып, кейін бүкіл Еуропаға тарады. Водевильдің ерекшелігі - адам мінезіндегі келеңсіз қылықтарды өткір тілмен, мысқыл-әзілмен сынау. Ресейде 19 ғ-дың басында кең тарады. Оның дамуы А.И. Писарев, АС. Грибоедов, А.П. Чеховтардың есімімен байланысты. Қазақ жазушылары Б.Майлин, С.Байқожаев т.б-дың Водевильдері жұртшылыққа жақсы танымал. Фарс (фр. farce, лат. farcіo — бастаймын; орта ғасырда мистериялық ойындардың комедиялық кіріспемен “басталуына” байланысты шыққан):

14 — 16 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде көп тараған халық театрының бір түрі. Фарс көңілді әрі сатиралық бағытқа құрылуымен, өмірді шынайы бейнелеу тәсілінің нақтылығымен ерекшеленеді. Фарс кейіпкерлері, негізінен қалалықтар. лықтар. Ұсақ дворяндар дәрежесіндегі шаруалар да Фарста әжуашылар ретінде көрініс берді. Фарстардағы маска-образдардан (ақымақ еркек, бетпақ әйел, көрсоқыр сот, алдамшы дәрігер, ғалымсымақ, т.б.) әлеуметтік тип жасаудағы алғашқы бетбұрыс бой көрсетті. Фарста буффонада тәсілі кең орын алған. 15 ғасырда “Лохант”, “Патлен адвокат” сияқты француз Фарстары кең тарады. Фарстардағы халық дәстүрі француздың демократиялық бағыттағы актерлік өнерінің өрістеуіне (17 ғасырдың фарсшы актерлері Табарен, Гро-Гильом, Готье-Гаргиль, Тюрлюпен, т.б.), сонымен қатар Ж.Б. Мольер шығарм-на да игі әсер етті. Фарс италиялықтардың дель арте комедиясына негіз болды; Англияда У.Шекспир комедияларында, Испанияда М.Сервантес интермедияларында көрініс тапты; неміс Фарсы (фастнахтшпиль) Г.Сакстың шығармасынан орын алды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда А.Жарри, Б.Брехттің пьесаларында (“Швейк екінші дүниежүзілік соғыста”, 1943) Фарс ішінара көрініс берді. Мюзикл[1] (ағылш. Musical) эстрадалық, хореографиялық,драмалық,опералық, т.б. сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық қойылым. Бұл жанрдың тек комед. қана емес, драм. сюжеті де болады. Мюзикл жанр ретінде 1920 – 30 жылдары АҚШ-та пайда болды. 1940 – 60 жылдары АҚШ-та ерекше дамып, 60-жылдардан бастап басқа елдерде кең тарала бастады. Қазіргі уақытта Мюзикл музыкалық театрлары рок-музыка, ән-би жанрлары элементтерін игере отырып дамуда. Трагикомедия – драмалық шығарманың бір түрі. Драмалық шығарманың басқа да түрлері сияқты трагикомедия да шиеленіскен оқиғаға құрылады, оқиға кейіпкер сөздері (монолог, диалог) арқылы өрбиді. Трагедияда қақтығыс-шиеленіс суреттеліп, шығарма көбіне кейіпкердің қазаға ұшырауымен аяқталса, комедия әзіл-оспаққа, күлкіге толы болады, мұнда адам мінезіндегі түрлі кемшіліктерді әжуалау, сықақ ету басым келеді. Ал осы екі түрге жатпайтын, сахнаға арналған басқадай шығармаларды ‘‘жалпылама драма’’ деп атай береді. Ал трагикомедияда трагедияға да, комедияға да тән сипаттар кездеседі

16. Ежелгі Греция мен Рим, Ортағасыр театрларының қойылымдарындағы басты бағыттар.Ежелгі грек театры – Антикалық театрдің бірі, кейінгі барлық халыққа аңыз болып тараған мәдениет ошағы. Ежелгі грек театры генетикасы бойынша ежелгі дәуірдің культтық дәстүрлерінен бастау алады (аң аулау, жер өңдеу, қысты шығарып салу, жоқтау айту т.б.). Аталған дәcтүрлердің қарапайымдылығына қарамастан, бұлардан театрлық көріністердің алғашқы бастамаларын байқауға болады. Яғни, музыка, би, ән мен сөздің үйлесімділігі. Ежелгі грек театрының өзі бірнеше күнге созылып салтанатты түрде өткен Дионисқа арналған мерекелерді атаудан шыққан. Бұл мерекелерде драматургтер мен ақындардың шығармалары, хор сайыстары арнайы салынған сарайларда өткізілген. Театр ежелгі грек қаласының қоғамдық және рухани өмірінде маңызды рөл атқарған. Бұл күндері халық жұмыстан босатылып, мереке тойлау шараларына қатысуға міндетті болған. Афиныда Перикл басқарған кезінде кедейлерге театрге келуге қажетті қаражат бөлініп те отырған. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін грек театры жөнінде рим сәулетшісі Витрувийдің б.з.б. 25 жылдар шамасында жазылған «Сәулет туралы» трактатында жазылғаннан басқа мәліметтер болған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде әр дәуірдегі грек театрлары жөнінде толыққанды деректер жеткілікті. Мың жылдан астам тарихы бар және географиялық аумағы бойынша Жерорта өзенінің бассейнін түгелдей дерлік қамтып жатқан антикалық театр құдіретті де біртұтас жүйе болып табылады. Ежелгі Рим театры р мәдениеті дәстүрлі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай, Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Алғаш театр өнерінің пайда болуы — өнім жинап алу мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтарға байланысты. Одан кейінгі театр элементтері ән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахна — сатирлерде өрбіді. Б.з.д. 300 жылдар шамасында ұлттық ателлана комедиясы дүниеге келді. Ателланада маска киген тұрақты 4 кейіпкер болған: Макк, Буккон, Папп және Доссен. Осы кейіпкерлерді ойнайтын әуесқой актерлердің пьесасы, мәтіні болған емес, сондықтан олардың импровизация жасауына кең жол ашылды. Ателлананы бертін келе кәсіби шебер актерлер ойнайтын болды. Орта ғасырдағы театр. Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді. Қалалардың өсуімен байланысты 11 ғасырдан бастап орындаушылық өнердің мамандануы басталады. Мысалы, кезбе актерлер: жонглерлер, гистриондар мен скоморохтар пайда болды. Орта ғасыр театрындағы ең ірі жанр болып табылатын миракль мен мистерия сауықтарының (14 – 15 ғасырлар) діни мазмұнынан өмір әуендері кең көрініс тапты және әуесқой актерлердің өнері арқылы келген шіркеуге қарсы белгілер, тұрмыстық реализм мен стихиялы халықтық бояулар да бой көрсетіп отырды.