Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор,анимация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.55 Кб
Скачать

1.Педагогикалық анимация пәніне кіріспе

Анимация (французша animation — жандану, рухтану) — анимация, сондай-ақ сәйкес технологияның қолданылуымен кӛрсетілуі. — алдын ала даярланған графикалық файлдардың рет-ретімен кӛисетілуі, сондай-ақ қозғалыстың кезеңдерін рет-ретімен кӛрсету немесе объектілердің формасын ӛзгерту арқылы қозғалысты компьютерлік имитациялау.

Бүгінгі таңда педагогикалық анимация балаларды, жасӛспірімдерді және жастарды сапалы тәрбиелеу жолдарын іздеудің жаңа бағыты болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық анимация теорялық және тәжірибелік тұрғыдан уақыт талабына сай білім беру кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың алдыңғ қтарлы және жаңашыл үлгісі ретінде қарастырылады. Педагогикалық анимацияның балаларды тәрбиелеудің ерекше түрі ретіндегі ерекшелігі педагогтың тәрбиеленушілердің қарапайым қажеттіліктерінен жоғарғысына дейін (шығармашылық және рухани дамуында) қанағаттандыруды болжайтын іс-әрекет түрімен анықталады

2. Пәннің мақсаты мен міндеттері

Анимация (французша animation — жандану, рухтану) — анимация, сондай-ақ сәйкес технологияның қолданылуымен кӛрсетілуі. — алдын ала даярланған графикалық файлдардың рет-ретімен кӛисетілуі, сондай-ақ қозғалыстың кезеңдерін рет-ретімен кӛрсету немесе объектілердің формасын ӛзгерту арқылы қозғалысты компьютерлік имитациялау.педагогикалық анимация пәні анимациялық технология жүйесін сан қырлы жан жақтан анықтау.бүгінгі таңда анимация балаларды жастарды сапалы тәрбиелеу жолдарын іздеудің жаңа бағыты болып табылады.

3. .«Аниматор» сөзінің анықтамасы

Францияда баллардың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру испаттамасы үшін «аниматор» термині қолданылады. Аниматор балаларды қуанышқа бӛлеп, шаттандыратын, қызықты іс-әрекет жағдайын ұйымдастыруға тырысуы тиіс. Ол топтың мүшесі ретінде қабылданып, топтың әлеуметтік және мәдени жетілуіне жауапты болады. Оның мәндеті балалардың бетін мәдениетке бұру, топта тілектес қатынастарды орнатуға дағдыландыру, балаларды шығармашылық іс-әрекетке ынталандыру. Аниматордың іс-әрекеті жан-жақты болып, нақты әлеуметтік бағыттылығы болуы тиіс. Бірінші жағдайда жетекші топтың қажеттіліктерін ескере отырып, реттеуші іс-әрекетті жүзеге асырады. Екінші жағдайда, жетекші арнайы техникалық немесе ӛзге мамандық иесі болуы мүмкін. Аниматорлардың іс-әрекеті екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: біріншісі жалпы сипатқа ие болса, екіншісі арнайы мамандандырылған техникалық болуы мүмкін. Біріншісіне – кәсіподақтардың, ассоциациялардың

қозғалыстардың жауапты қызметкерлері; қоғамдық-тәрбиелеуші мәдени мекемелердің, мысалы кәтапхана мен муражай қызметкерлері; екіншісіне, балалар лагерінің жетекшілері (вожатый), спорт клубтарының жаттықтырушылары, кӛркем ӛнер басшылары және т.с.с.жатады.

4. Бос уақытты ұйымдастыру

Формалары

Бос уақыт - тұлғаның жеке физикалық рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жұмыстан тыс уақыт бөлігі.Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі. Бос уақытты тиімді пайдалану үшін, баланың таным процесстеріне, дамуына әсер ететін пайдалы шаралар мен үйірмелерге қатыстырып отыру қажет.

Бос уақыт алдын алу жүйесінің тиімділігін анықтау үшін жасӛспірімдердің мәдени-тұрмыстық және спорт мекемеле-рімен қаншалықты қамтылғандығын, олардың жұмыстарының жалпы бағыты мен мазмұнын, кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұтымды пайдалану мүмкіндігін білу керек. Жеткіншек ӛмірінің отбасы, тұрмыстағы, оқудағы, жұмыстағы және бос кездердегі айқындалған ауытқуларын жою оның криминогендік топтармен байланысының үзілуіне алып келеді, күнделікті ӛмір салтын ӛзгертеді, қылмысқа бару мүмкіндігін азайтады. Бос уақытын ұйымдастыру- бұл белсенді қарым-қатынас процесі, балалардың қарым-қатынас жасауға, зияткерлік және дене жағынан дамуына, мінез-құлқын қалыптастыруға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.Балалардың бос уақытын ұйымдастыру-баланың лагерде болған кезеңінде бірыңғай өмір сүру процесі құрауыштарының бірі болып саналады.Оның негізі әртүрлі қоғамдық маңызды рөлдер мен жағдайларды еркін таңдап алудан тұрады, рухани-адамгершілік қарым-қатынас үшін жағдай жасалады, мінез-құлық нормасы этикет, толеранттық ережелерін бекіту жүзеге асырылады.Бала еңбекте және оқуда жүзеге асыра алмаған өзінің дене және рухани қабілеттері мен бейімділіктерін бос уақытында ашып көрсетеді.