- •XVIII ғасырдың і жартысында Қазақстанды Ресей бодандығына түсіруді қай хан бастады?
- •1867-1868 Жж. Реформаға дейін қазақ даласы неше генерал – губернаторлыққа бөлінген?
- •1822 Ж. Сперанскидің реформасы бойынша Орта жүз территориясына қандай әкімшілік атау берілді?
- •1726 Ж. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті кім басқарды?
- •1881 Ж. Петербург келісімінің тарихи маңызы неде?
- •1729 Ж. Жоңғарлардың Аңырақай шайқасында толық жеңіліске ұшырамауына қандай жағдай себеп болды?
- •1867-1868 Жж. Реформа бойынша кімдер салықтан босатылды?
- •1822 Ж. Реформа бойынша Орта жүз қазақтарының территориясы қандай әкімшілік атауға ие болды?
- •1822 Ж. «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша қазақ даласында нені сатуға рұқсат етілмеді?
- •1864 Ж. Ш. Уәлиханов қай қамалды басып алудағы генерал м.Черняевтің әскери экспедициясына қатысты?
- •1883 Ж. Қазақтың бірінші мұғалімдер мектебі қай қалада ашылды?
- •1841 Ж. Орыс және татар тілдерінде оқытылатын алғашқы мектеп ашылды:
- •1995 Ж. Конституция бойынша Қазақстанға қандай басқару түрі тән?
1841 Ж. Орыс және татар тілдерінде оқытылатын алғашқы мектеп ашылды:
- Ұлы жүзде
- Орта жүзде
- Түркістанда
+ Бөкей Ордасында
- Моғолстанда.
Қазақстанға жер аударылған Ресейдің саяси қудаланғандары қандай идеялар таратты?
+ Орыстың демократиялық қозғалысы идеясын
- Марксизмді
- Пантюркизмді
- Орыстың либериалдық қозғалысы идеясын
- атеизмді.
Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы және қазақ халқының этнографиясы мен поэзиясына ХІХ ғасырдағы орыс ақындарының қайсысы қызығушылық білдірді?
- А.Фет
- И.Бунин
- М.Лермонтов
- И.Крылов
+ А.Пушкин.
ХІХ ғ. 30-40 жж. Қазақстанда тұрып, еңбек еткен атақты оқымысты және жазушы, түрік тілдес халықтардың ауызекі айтылатын әдеби шығармаларының үлгілерін жинап жазған:
- В.Рубрук
- П.Палас
+ В.Даль
- А.Левшин
- В.Вельяминов-Зернов.
ХVІІІ ғ. аяғында «Азия мектебі» қандай мақсатпен ашылды?
+ тұрғылықты халықтың әулетті тобынан тілмаштар мен аудармашылар дайындау үшін
- Азияны танып, білу
- Орыс балаларын «азия» тілдеріне үйрету үшін
- Шекаралық аймақтардағы орыс тұрғындарының әулетті топтарынан қазақ даласындағы жұмыстар үшін, шенеуніктер дайындау
- Статистикалық комитет жұмыстарына арналған шенеуніктер дайындығы үшін.
ХІХ ғ. бірінші жартысында Қазақстанда орыс-қазақ мектептерінің ашылуы қандай басты мақсатты көздеді?
- жергілікті тұрғындардың әулетті топтарынан тілмаштар мен аудармашылар дайындау үшін
- қазақ феодалының ауқаттыларынан азаматтық әкімшілік мамандарын дайындау үшін
- Орыс балаларын «азия» тілдеріне үйрету үшін
+ жергілікті тұрғындар арасынан отаршылық әкімшілікке мамандар дайындау үшін
- Статистикалық комитет жұмыстарына арналған шенеуніктер дайындау үшін.
Ш.Уәлихановтің қандай еңбегі оны дүниежүзіне әйгілі етті?
- «Ыстық көлге саяхаты туралы күнделігі»
- «Манас» эпосы
+ «Алтыашар жағдайы немесе Нан Лу Қытай провинциясының алты шығыстық қалалары (Кіші Бұқар)»
- «Цинь империясындағы дүнгендер көтерілісі туралы»
- «Далалық мұсылмандық жөнінде».
ХІХ ғ. ІІ жартысында алғашқы көпшілікке арналған кітапхана қай қалада ашылды?
- Верныйда
+ Семейде
- Перовскіде
- Орынборда
- Ырғызда.
Қазақтың қоғам қайраткері, ағартушысы, тұңғыш педагогі:
- А.Құнанбаев
+ Ы.Алтынсарин
- Ш.Уәлиханов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердиев.
Қазақтың данышпаны, ұлы ақыны, композиторы, классикалық жазба әдебиетінің негізін салушы:
+ А.Құнанбаев
- Ы.Алтынсарин
- Ш.Уәлиханов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердиев.
Қазақтың саз аспаптарының классигі, күйші-композиторы:
- Сүйінбай
- Ақан сері
- Ықылас
- Тәттімбет
+ Құрманғазы.
«Ғақлия» көркем-философиялық шығармасының авторы кім?
+ А.Құнанбаев
- Ы.Алтынсарин
- Ш.Уәлиханов
- А.Байтұрсынов
- Ш.Құдайбердиев.
Неолит дәуірінде шаруашылықтың қай түрі өмірге келді?
+ өндірушілік
- тұтынушылық
- натуралдық
- кешендік
- өзіншілік.
Қазақстан территориясынан табылған алғашқы адамның ізі қай дәуірге жатады?
- темір дәуіріне
- қола дәуіріне
- жаңа тас дәуіріне
- орта тас дәуіріне
+ ерте тас дәуіріне.
Соңғы палеолиттің алып жатқан хронологиялық кезеңі қандай?
- б.д.д. 50-40 мыңжылдықтар
- б.д.д. 10-2 мыңжылдықтар
+ б.д.д. 35-30 мың жылдық-12-10 мың жылдықтар
- б.д.д. 10-5 мың жылдықтар
- б.д.д. 15-5 мың жылдықтар.
Қола дәуірі кезеңінде Қазақстан тұрғындарының шаруашылығында қандай айтарлықтай өзгерістер болды?
- балықшылық дамыды
- қол өнер дамыды
- бау-бақша өсіру дамыды
+ көшпелі мал шаруашылығын жүргізу басталды
- қала мәдениеті негізі қаланды.
Андрон мәдениетінің 30-дан астам мекен-жайлары мен 150-ден астам қорымдары Қазақстан территориясының қай жерінен табылды?
+ Орталық Қазақстан
- Оңтүстік Қазақстан
- Жетісу
- Батыс Қазақстан
- Шығыс Қазақстан.
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды:
- 1989 ж 4-шілдеде
- 1991 ж 20-мамырда
+ 1990 ж 25-қазан
- 1992 ж 1-желтоқсан
- 1992 ж 12-ақпан.
