Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-30.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
659.97 Кб
Скачать
  1. Сүтқоректілердің клеткалық циклын зерттеудің методтары.

Сүтқоректілерде клеткалық циклді 9 циклиндер және 7 протеинкиназалар реттейді. Бірақ клетканың G0 – сатыдан клеткалық циклге түсу үшін пролиферация немесе өсу факторының әсері керек. Қазіргі уақытта көптеген өсу факторлар табылған. Кейде оларды клеткалардың өздері өңдейді (аутокринді стимуляция), немесе көршілес клеткалар бөліп шығарады (паракринді стимуляция) немесе басқа мүшелердің клеткалары (гормонды стимуляция). Мысалы тромбоциттегі өсу факторы дәнекер ұлпасының клеткаларының пролиферациясын ынталандырады; эпидермалық фактор көптеген клетка типтерінің көбеюін ынталандырады және эмбриондардың өсуіне түрткі болады, нервтің өсу факторы нейрондардың өсуін қамтамасыз етеді, эритропоэтин қан клеткаларының пролиферациясын қамтамасыз етеді.Клеткалық культуралардың пролиферациясы өсу факторларға тәуелді. Қоректік ортаға қанның сары суы немесе эмбриональді экстракты қосады. Осы заттардан өсу факторы табылған. Өсу факторсыз клеткалар G0–кезеңге түседі де соңында өледі. Культурадағы нерв клеткаларына нервтердің өсу факторын қосқанда нейрондар бөліне бастайды. Бұл факторлар клеткалар бетіндегі рецепторлардан клетка ішіндегі протеинкиназа (фосфорилаза) жүйесіне сигнал береді де клеткалық цикл басталады. G0 - кезеңінде болмаған циклиндер мен протеинкиназалар синтезделе бастайды. Ең алдымен G1- кезеңінің циклиндері мен протеинкиназалары синтезделеді. Олар S - кезеңінің комплексін активтендіреді де ДНҚ репликациясы басталады. Бұл кезде митоздық комплекс синтезделеді, оның әсерінен хроматиннің конденсациясы жүреді, ламина ыдырай бастайды, бөліну ұршығы пайда болады, когезиндер ыдырайды және анафаза басталады.

  1. Эмбрионалды бағаналы клеткаларды химерлі тышқандарды алуда қолданылуы.

Болашақта биотехнология үшін генетикалық химераларды алудың маңызы өте зор. Генетикалық химера деп бернеше әр түрлі эмбриондарды біріктіру арқылы пайда болған организмдерді түсінеді. Барлық ата-аналық формалардың клеткалары бар генетикалық химералар аллофенді деп те аталады. Біз оны аллофенді тышқанды алу тәжірибесінде организм деңгейіндегі генетикалық инженерияның әдісі ретінде қарастырдық. Енді осындай малды мал шаруашылығында құрастыру мүмкіндігін қараймыз. Химерлі малдарды алу үлгісі зертханалық жануар -аллофенді тышқан алу үлгісіне сәйкес өтеді. Оларды алудың екі әдісі белгілі: екі және одан көп бластоцист немесе морулаларды бір эмбрионға біріктіру (агрегациялық) және бір эмбрионның бластоцист ішіне басқа эмбрионның бластомераларын ендіру (иньекциялық) арқылы. Бірінші әдісті А. Тарковский (1961) және В. Минц (1962), ал екінші әдісті Р. Гарднер (1968) ұсынды.

  1. Клеткалық цикл. Интерфаза.

Аналық клетканың бөліну арқылы түзілген жаңа клетканың өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді клеткалық немесе клетка циклі деп атаймыз. Клеткалық циклдің міндетті компоненттері арнаулы қызмет атқарады, ол пролиферативті немесе митотикалық цикл болып саналады.

Клеткалық циклдің үш басты кезеңі белгілі: 1. Интерфаза. Бұл кезең жылдам синтез және өсуден тұрады. Интерфаза соңында ДНК репликациясы және екіеселену жүреді. 2. Митоз /кариокенез/. Бұл ядроның бөліну процесі және хроматидтер бір-бірімен ажырап жаңа клеткаға тепе-тең бөлінеді. 3. Цитокенез– цитоплазманың екі жаңа клетка арасында бөлінуі.

              Интерфаза 3 фазаға бөлінеді: G1, S, G2.   G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар клеткада құрылымдық және функциональды белоктар түзіліп клетканың өсуі жүреді.

              S фазада ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері жүреді. Гистонды белоктардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидтеге бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.

              G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіледі және центриолдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады. Интерфаза біткеннен кейін кариокенез немесе митоз басталады. Митоз бес кезеңге бөлінеді. Митоздың кезеңдері: профаза, прометафаза, метафаза, анафаза, телофаза.

Клеткалық циклдің реттелуі.

              Клеткалық цикл фазаларының алмасуына циклиндер және циклинге тәуелді киназалар ақуыздары негізгі роль атқарады.

              Клеткалық циклдің, Д- циклині G1 сатысында жұмыс істейді, ал G1 – сатысын  Е-циклині аяқтайды.

              S –кезеңде А және В циклиндер жұмыс істейді. G2 – фазада В циклині клетканы митозға келтіреді және ол М-стимулирлеуші фактор (МРF) болып табылады.

              Барлық көрсетілген циклиндер убиквитин мен протеазаның көмегімен жылдам ыдырап кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]