
- •2014-2015 Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
- •1 Мектепалды даярлық сыныптарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
- •2 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •2.2 «Математика» білім саласы
- •2.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •2.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •2.5 «Өнер» білім саласы
- •2.6 «Технология» білім саласы
- •2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •3 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •3.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •3.2 «Математика және информатика» білім саласы
- •3.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •3.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •3.5 «Өнер» білім саласы
- •3.6 «Технология» білім саласы
- •3.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •4 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
- •4.2 «Математика және информатика» білім саласы
- •4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
- •4.4 «Адам және қоғам» білім саласы
- •4.5 «Технология» білім саласы
- •4.6 «Дене шынықтыру» білім саласы
- •5 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
- •6 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
- •7 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері
- •8 Оқу үдерісінде сандық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары
- •9 Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
- •10 12 Жылдық оқытуға көшу экспериментіндегі сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
- •12 Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің дайындық жұмыстары бойынша ұсынымдар
- •2015-2016 Оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі
- •2014-2015 Оқу жылында қазақстан республикасының
- •Жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді
- •Жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін
- •Оқытудың ерекшеліктері туралы
- •010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» бо, 15-қабат.
2.5 «Өнер» білім саласы
Музыка
Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігінің артуына ықпалын тигізеді.
«Музыка» оқу пәнінің мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін тәрбиелеуге, азаматтық тұлғасын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, алған білімдерін сабақта және өмірде пайдалана білуіне негізделген.
«Музыка» оқу пәнінің басты міндеті:
– оқушылардың музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып,
музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;
– музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру: музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу;
– оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасы болып табылады. Бағдарлама музыкалық өнер дамуының заңдылықтарына негізделіп, оның өмірмен байланысына бағытталған.
Музыка пәнінің мазмұны тақырыптық топтардан құралып, бастауыш сыныптардың бірізді және жүйелі түрде дамуын көрсетеді. Пәнді оқытуда «Қазақ халық музыкасы», «Музыкалық аспаптар», «Концертке және театрға саяхат», «Қазақстан – менің Отаным» сынды ең негізгі тақырыптарға аса мән беріледі. Пән мазмұны тереңдей түсіп, музыкалық құбылыстардың ауқымы кеңейеді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген. 1-2-сыныптардағы сахналық ойындар оқушылардың білімін толықтыра түсіп, коммуникативтік қызмет атқарады. «Мұғалім - оқушы» технологиясы шынайы шығармашылық қарым қатынас қалыптастырады. «Жетістік» технологиясы окушылардың шағармашылық биігіне көтерілуіне көмектеседі. Бастауыш сыныптарда саяхат-сабақ, концерт-сабақ, ой бөлісу сабағы, репортаж-сабақ және т.б. әртүрлі сабақ түрлерін пайдалану ұсынылады.
«Музыка» пәнiн оқыту барысында Қазақстан Республикасы халқының құрамы көпұлтты екені ескеріледі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде музыкалық материалдың бөлігін міндетті түрде дәстүрлі қазақтың және заманауи әуендерге арнауы және еркін бөлігін мұғалім сыныптың нақты ұлттық құрамына сәйкес музыкалық материалды түрлендіруге болатыны ұсынылады.
«Музыка» пәні бойынша барлық сағат саны: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына барлығы 33 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы әрбір сыныпта 34 сағат.
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері курсы өскелең жеке тұлғаның рухани қызметінің қалыптасу шарты болып табылатын эмоциялық-бейнелі, көркем ойлау түрін қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мақсаттары:
- эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу;
- қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
- халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;
- аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқыту міндеттері:
- өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;
- сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;
- жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;
- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
- көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
- балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;
- оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.
Оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- ықпалдастырылған модельде пластикалық өнердің алуан түрлері (кескіндеме, графика, мүсін өнері, көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер) қолданылған;
- Қазақстан және әлем халықтары өнерінің ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау өзектілендірілген;
- қазіргі заман өнерінің және өткен заман туындыларының бейнелі ерекшелігіндегі сабақтастық байланыстар айқындалады, мәдениетаралық қарым-қатынасқа және төзімділікке дайындық қалыптасады;
- аймақтық компонентті қосу, бейнелеу өнерін оқытудың шығармашылық тәсіл мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған.
Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».
Осылайша блоктарға бөлу ерекшелігі мынада, бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады, екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша: 1-сыныпта аптасына 1 сағат, жылына барлығы 33 сағат; 2-4-сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат.