- •1. Әлеуметтік перцепция механизмдері
- •2.Қарым-қатынас бұл жеке адамның арасындағы не топ құрылымындағы әлеуметтік психологиялық процесс.
- •3.Әлеуметтік психологиядағы жеке адам феномен түсінігі
- •2.Әлеу.Псих.Социометрия әдісі.
- •3.Әлеу.Псих-қ білім-ң пайда болуы.
- •2. Фрейд психоанализ тұжырымдамалары
- •3.Үлкен әлеуметтік топ түрлері
- •1.Қарым қатынас тәсілдері мен ұғым.
- •3. Әлеуметтік психологияның топтық даму тарихы. ?
- •1. Ең алғашқы әлеуметтік психологияның теориялары.
- •2. Кіші топтардың жіктелуі:
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуіне әлеуметтік психологиялық факторлардың әсері. ?
- •1. Ең алғашқы әлеуметтік психологияның теориялары.
- •1. Әлеуметтік психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
- •2. Этникалық топтардың психологиялық ерекшеліктері.
- •3. Вербалды емес қ-қ.
- •1. Әлеуметтік психологияның гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. ?
- •2. Шағын топтарға психологиялық зерттеуге талдау.
- •3. Үлкен әлеуметтік топтың құрылымы.
- •1. Әлеуметтік психологияның негізгі зерттеу әдістері
- •2. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі тұрақты әлеуметтік топтар (таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар)
- •Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. ?
- •Тұлғаның әлеуметтену институттары.
- •Әлеметтік психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
- •2. Қарым-қатынас түрлері және олардың мақсатымен мазмұны.
- •3. Кіші әлеуметтік топтардың сипаттамасы.
- •1. Кеңестік әлеуметтік психологиясының даму тарихы
- •2. Іскерлік қ-қ
- •3. Тұлға және денсаулық
- •Әлеуметтік психологияның пәні, мінеттері.
- •Қарым-қатынастың негізгі функциялары.
2. Іскерлік қ-қ
Қытайдың ірі бизнес жаттықтырушы Чен Чжан табысқа жету жолындағы қатынастың шығыстың көзқарасын ұсынды. Басқа біреумен әңгімелескенде, оларды қандай тақырып қызықтыратынына көңіл бөлу керек. Адамдарға басқа әңгімелерден гөрі өздері жайлы әңгімелесуді ұсыныңыз «Дем беру шеберлігі» 6тармақта тұжырымдалады: 1. Адамдармен келісе білуді үйрену және олардың қылығын мақұлдау. 2. Сіз басқа адамдармен келіскен жағдайда оларға осы туралы айтыңыз. 3. Егер сіз келіспесеңіз, ол туралы тура айтпаңыз, өте-мөте қажет болғанда ғана тура айту керек. 4. Сіз қактелік жіберсеңіз, оны батыл мойындаңыз. 5. Адамдармен таласудан аулақ болыңыз. 6. Дауларды әділ шешіңіз. Неғрлым басқаларды көп тыңдасаңыз, соғұрлым тезірек дана боласыз, соғұрлым сіздің бойыңызданеүміт күткен әңгімелесуші тұлғасын көріп, көп адамдар сізді ұнатады. Жиі-жиі адамдарға мақтау айтып тұрсаңыз, ол кісілерден өзіңізге де көптеген достық қ-қ пен сүйіспеншілік қайтады. Бәрі де шын көңілмен болуы керек. Адамды ісіне қарай бағалай білу керек.
3. Тұлға және денсаулық
Көптеген адамдар тұлғалық диспозициялар денсаулыққа байланысты деп ойлайды. Шынымен бұл фактілерді денсаулықты анықтайтын ғылым түсініктерінен көруге болады: ол физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлардың сәйкес келуі. Қытай дәрігерлерінің пайымдауынша аурудың себептері физикалық қалыпта, эмоцияналды дисбаланста болуы мүмкін. Қазіргі кезде де психика мен дене араында байланыс бар екенін мойындайды. Бұл көзқарасты қазіргі психологтар да мойындауда. Смит пен Вильямс тұлғалық қасиеттердің денсаулыққа әсері бар екенін анықтайтын 3 түрлі амалды көрсетті: 1.Тұлғалық диспозициялар ұзақ мерзімді немесе интенсивті стрестік реакцияға әсерін тигізеді, ал бұл аурудың туындауына алып келеді.2. Тұлғалық мінез бен денсаулық күшінде тікелей байланыс бар. 3. Кейбір тұлғалақ факторлар, белгілі атрибуция стилі стресске әсер ет еді.
Билет №29
Әлеуметтік психологияның даму тарихына қысқаша шолу. Жеке әлеуметтік психологиялық идеялар Платон мен Аристотельдің, француз материалист философтардың, утопист әлеуметтанушы еңбектерінде, Фейербах мен Гегель еңбектерінде кездеседі. 19ғ әлеуметтік псих. дербес ғылым ретінде дами бастады, оның пайда болуын 1859 жылы Германияда Штейнталь мен Лацарустың «Этникалық психология мен тіл білімі» туралы журналын шығарумен байланыстырады. Еуропада ә.п көрнекті өкілдері Габрейль Тард және Левон Гюстап, Мак Дугол болды. 20ғ 20ж неміс зерттеушісі Мюденің еңбектер негізінде әлеуметтік психологияның дамуының жаңа кезеңдері қалыптасты. Мюдеден кейін американ психологі Г. Олпорт ә.п/ның экспериментті зерттеу әдістемесін дамытты.
Тұлға оқу іс-әрекеті және үлгерім. Оқу дегеніміз адамның оқу іс-әрекетіндегі педагогикалық әсерді қабылдауға деген икемділігі ие. Харке зерттеулері бойынша, лексикалық категорияларды және грамматикалық құрылымдарды игеру 30 жасқа қарай ұлғаятыны анықталды. Коптеген шетелдік авторлардың анықтауынша интелекттінің дамуының шыңы 10-20 жасқа сәйкес келеді. Адамның оқуға қабілетінің деңгейін болжа,ан кезде көптеген әлеуметтік факторлар мен оқу процесін ұйымдастырумен байланысты факторларды ескеру қажеттігі белгілі. Жеке мектептерде оқушылар мемлекеттік оқу орындағы оқушыларға қарағанда жақсы оқиды, бұл мектеп типі мен ата-ананың әлеуметтік, экономикалық жағдайы, беделі, қоғамдығы деңгейі баланың академиялық үлгеріміне әсер ететінін көрсетеді. Академиялық үлгерім 4 негізгі топқа бөлінеді: 1. Жетістікке қажеттілік. Жеке тұлғаның факторлы сауалнама және осы сияқты жеке тұлғалық сауалнамалар бойынша жетістікке қажеттіліктерін анықтау. 2. Локус бақылау мұнда ішкі локус бақылауы бар адамдардың, сыртқы локус бақылауы бар адамдарға қарағанда, табыстылық пен сәтсіздікті ерекше түсіндіретіні қарастырылады. 3. Атрибуция стильдері. Локус бақылаумен тығыз байланысты. Пессимистік және негативті атрибуция стильдері өз сәтсіздіктерін тұрақты және глобальды себептерін түсіндіреді. 4. Мазасыздану белгілі тапсырмаларды орындау кезінде әсер етеді.
Билет №30
Әлеуметтік бағдарлау. Тұлғаны зерттеу барысында әлеуметтік психологияда маңызды орынды әлеуметтік бағдар алады. Әлеу бағдардың қалыптасуы мына сұрақтарға жауап береді: игерілген әлеу тәжірибе тұлғаның көзқарасын қалай өзгертті және оның іс-әрекетіненқалай көрініс тапты. Әлеу бағдарлауды зерттеу батыстық психология менәлеуметтануда қалыптасқан. Батыстық психологияда әлеу бағдарлау деген сөздің орнына «аттитюд» термині қолданылады. 1935 ж Г. Олпорт аттитюдті зерттеуге байланысты мақала жазып, оның ішінде аттитюдтің 17 анықтамасын көрсетіп, соның ішінен 5 анықтаманы бөліп түсіндірді: 1. Сана мен жүйке жүйесінің белгілі қалпы; 2. Реакцияға дайын екендігін білдіруші; 3. Ұйымдастырылған; 4. Алдыңғы тәжірибе негізіндегі; 5. Іс-әрекеттер динамикалық және бағыттаулы ретінде әсер етуші.
Тұлға және қылмыстық мінез-құлық. БАҚ-на сүйенсек, қазіргі кезде барлық жерде қылмыс деңгейі өсуде. Ең қорқыныштысы, зорлық-зомбылық қылмыстарын және адам өлтіру қылмыстарын жасауда балалар мен жеткіншектердің үлесі көбейіп отыр. Сондықтан бұл қылмыстың себебін түсіндіруде крименологтар, социологтар, заңгерлер, саясаткерлермен қатар психологтарға жүгіну керек. Психологтар көптен бері әр түрлі қылмыстық іс-әрекет түріменбайланысты психологиялық псоцестерді зерттеумен айналысады. Психоаналитикалық бағыттың психологтары қылмыстық мінез-құлықты және делинквенттің себебін ид және эгоның қызметімен, сонымен қатар адамның инфактильді эмоционалды қайғысымен байланыстырады. Әлеу-когнитивті бағыттығ түсінігінше, адам өз қылығының салдарын әрдайым болжай алмайды. Осыдан олар импульсивті әрекет жасауы мүмкін, өзінің қылығы туралы ойланбайды, оның салдарын қарастырмайды және мінез-құлықтың альтернативті вариантын табуға ұмтылмайды.
Қарым-қатынас техникасы
Билет №31
Тұлғаның әлеументтені процесінің мәні, фақторлары. Әлеуметтену терминін негізін салған Ф. Гидденгс. Оның 1887 ж «Әлеуметтену теориясы» жарық көрген. Әлеуметтену ұғымы қоғаммен бірігуді, соған қатыстылықты білдіреді. В. Г. Крыско тұлғаның әлеуметтенуінің 3 факторын көрсетті: 1. Микрофактор – жанұя, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар. 2. Мезофактор – этнос, аймақтық шарттар, елді мекен типі, жаппай қ-қ құралдары. 3. Макрофактор – мемлекет, қоғам, ел, мәдениет.
Тұлға және еңбек. Жеке адам субъект іс-әрекетінде пайда болады және қалыптасады. Басқа адамдармен бірлесе отырып, адам қоғамдық қатынастың жүйесінде іс-әрекет процесін атқарады. Жеке адам таным субъектісі ретінде еңбек пен қ-қ барысында танылады, олар оның өмірінің циклінде өтеді. Әр түрліі фактордың әсерінен олардың жеке адамдық тұрғыда дамуы не төмендейді, не жоғарылайды, не болмаса адам өміріндегі ауытқуларға әкеліп соғады. Б. Г. Ананьев психофреоногиялы функциялардың 2 фазада дамуы идеясын ұсынды. 1 фазфда дамуы: жас ерекшеліндегі есею барысына орай олардың жұмыс қабілетінің өсу кезеңіндегі қатынасы. 2 фаза мамандық алудың өмір жағдайына және іс-әрекетіне әсер етумен байланысты. В. В. Водзинская өзінің еңбектерінде жұмысшыларды жасерекшеліктеріне қарай бөліп қарастырды. Осыған сәйкес икемділі және жұмысқа қ-қсы анықталды. Ол бойынша, 18 жасқа дейінгі жастарда автоматты станок жұмысына байланысты кәсіптер басым болады. 2,71% адам қолмен жұмыс істейтін еңбек іс-әрекетімен айналысады. 26-30 жас арасында операторлық кәсіп пен автоматты басқару кәсіп түрлерімен шұғылданады. Адлердің айтуынша, еңбек әрекеті жеке тұлға моделін тексеру үшін таптырмайтын полигон болды.
Вербальдық емес қ-қ. Вербалды емес қ-қ бұл сөздер мен басқада тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі . адамдағы вербалдық емес сигналдар жүйесі : ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, ерекшеліктерін бақылау. Вербалдық емес амалдардың негізгі түрлері:кинестетика, просодика, токсика, проксемика.
Кинестика-мимика, жест, пантамимика. Адамның эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді.
Таксика- қолмен амандасу, құшақтасу.
Проксемика- адамның кеңістікте орналасуын зерттейді.
Паралингвистика- комуниканттар даусының сапасы, тембрі,ырғақ,жылдамдығы.
Экстралингвистика-дауыстың сөзі емес,оның айналасындағы құбылыстар(жөтел,күлкі,пауза)
Билет №32
Тұлғаның әлеуметтік -психологиялық құзыреттілігі. Құзіреттілік белгілі бір салада жинақталған түбегейлі білімдерді білдіреді. Құзіретті адам – бұл бір нәрсе туралы жетік білетін, жақсы хабардар адам, яғни құзіреттілікті әдетте қандай да кәсіби салада түбегейлі білімі бар адамның біліктілігімен байланыстырады. Тұлғаның әлеу-психо.қ құзіреттілігі қоғам, саясат, экономика, мәдениет, т.б. жөніндегі арнайы білімдерді білдіреді. Басқаша айтқанда, әлеу-псих.қ құзіреттілік өзінің мазмұны бойынша бір кездері әлемді тану деп аталған ұғымды еске түсіреді. Ол тұлғаның кез келген әлеу.к жағдайда бағдарлануына, берік шешімдер қабылдауына және алға қойған мақсатына жетуіне мүмкіндік береді. Әлеу-психо.қ құзіреттілік – көп өлшемді құбылыс. Ол коммуникативті, перцептивті құзіреттіліктен және өзара іс-әрекет, мінез-құлық саласындағы білімдерден тұрады. Әлеу-психо.қ құзіреттілік 2 түрге бөлінеді: тұрмыстық және кәсіби. Тұрмыстық – әлеуметтенудің нақты жағдайларға бейісделі нәтижесі. Оның нәгізінде дүниенің, көркем бейнелердің, көпжылдық бақылаулардың, халықтың бір саладағы тәжірибесінің суреттері жатады. Кәсіби – дүниенің ғылыми бейнесі мен қ-қ саласындағы білімдерден құралады.
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері. Ә.П әдістері: бақылау (табиғи, лаборотормялық), эксперимент, анкета, сауалнама, сұхбат, контент- анализ, социометрия.
Бақылау әдісі- Ә.П/ның ең ескі әдісі. Бұл әдістің көмегімен тұлғаның мінез-құлқы, тәртібі және қимыл-қозғалыстары туралы мәлімет аламыз.
Сауалнамалар Ә.П. зерттеулерде қолданылатын әдістердің кеңінен таралған түрі. Көбіне бұл әдіске, зерттеулердің жауапарынаналынған ақпаратқа қалай сенуге болады деген себеппен сындарды аңғартуға болады.
Сұхбат әдісін интервюлер мен респондент арасында өзара қатынас орнатылады. Құжаттарды талдау әдісі ерекше орын алады, себ. Бұл әдіс арқылы адамның қызметінің нәтижесін іске асыруға болады. Социометрия кіші топ/ғы әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жеткілікті дәрежеде танымал әдісі болып табылады.Социометрия термині лат тіліндегі cocios-дос,және metrum –өлшеу деген екі түбірдің қосындысы.XX ғ ағылшын әлеу.псих-ғы Дэжекобу Морено қолданды.
Социометрия топ мүшелерінің арасынан лидерді,ұнатуды,ұнатпауды анықтау үшін қол-ды.Сұрақ/ы:сен кіммен бір партада отырғың келеді?Кіммен бірге демалғың келеді?деген секілді.
Тұлға теориялары. Гуманистік псих/ң негізін қалаушы психолог-К.Роджерс. Роджерс бойынша, адам табиғаты бойынша конструктивтілік, реалистік ж/е белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. Феномонологиялық псих/қ негізгі тұжырымы бойынша феномен/қ псих/қ шындығы субекті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық-бұл ағза қабылдауының ж/е интерпротацияның шындығы. Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімімен «мен» тұжырымдамасын қалыптастыруға негізге мән берді. Сезімдік сана құрлымында идиялды ж/е реалды «мен» бейнесін толық көрсеткен. А. Адлердің тұлғаның индивидуалды теориясы: Адлер 1870ж 7 ақпанда зенада д.к. Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырады. Адлер психологияның негізгі алғышарттары – оның өз теориясының «индивидуалды психология түсінігін енгізуі». Индивидиум дене мен ми аралығындағы байланыстың қатынасында да, пси хологияның өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлер тұлғаның әлеуметтік қызығушылығы қалыптастырды. Оларды 7 бөлікке бөленеді: - толымсыз сезім және компенсация; - жетілуге құштарлық; - өмірлік стилі; - әлеуметтік қызығушылық; - мен шығармашылығы; - туылу тәртібі; - фрикционды финализм; З.Фрейд психоанализ терминін енгізген.Психоанализ терминінің 3 мағынасы бар: 1.Тұлға және психопотология теориясы; 2.тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі;ата 3.индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі. Тұлға құрылымын 3 компонентке бөлді:ид,эго,жоғарғы эго.Ид латынның Ол сөзінен шығады.Фрейд бойынша Ол тұлғаның қарапайым,инстинктивті және тұлға аспактілерін білдіреді.Ид ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Эго (латын-мен)-шешім қабылдауға жауапты психологиялық ақпараттың компоненті.Эго ид/ң тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырады.Жоғарғы эго-(жоғарғы мен) 2жүйеге бөледі:ар-ұят және эго идеял ұят ата ананың жазалауының арқасында пайда болады,ал супер эгоның мадақтаушы аспектісі бұл эго идиал.
Билет №33
Әлеуметтік топтардың жіктелуі. Әлеу/к топ бұл индивидтің тұтас ж/е тұрақты жиынтығы. Әлеу/к топ бірігіп әрекет атқаратын адамдардың қауымы әлеум/к топ түрлері: үлкен әлеу/к топ , орта, кіші әлеу/к топ, шағын топ, формальды ж/е формальды емес топ, ресми-ресми емес, референттік,шартты топ. Шағын топ – іс-әрекет мақсаттары ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтың тұтастығы туындаған адамдар тобы. Түрлері: ресми, бейресми, әлсіз дамыған, шартты. Шағын топтарды зерттеуде бақылау, социометрия, эксперимент әдістері қолданылады.Үлкен әлеуметтік топ – белгілі әлеуметтік нышандарды, топтық қатыстылығы жасы, жынысы, ұлты ж/е т,б белгілеуі негізінде сараланатын адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық үлкен әлеу/к топ партия, этникалық топтар,өндірістік ж/е қоғамдық ұйымдар, этностар, тобыр, топтар т.б. Ұйымдасқан (тобыр, демонстрация), уақытша ұйымдасқан (публика, митинг, аудитория және т.б). Ұйымдасқан ( әлеуметтік кластар, этностар, кәсіби, саяси партиялар).
Қарым-қатынас құрылымы және функциялары. Қ-қ өте күрделі феномен. Қ-қ құрылымы өте күрделі оны шартты түрде 3 жаққа бөлуге болады: комун\я, перц\я, интеракция. Кому\я- ара қатынас портнеорлерінің бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны беру процесі. Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушының өзара қозғалыспен әрекет алмасуы. Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі егізінде құрылатын белгілі қ-қ. Функциялары: Байланыстыру-прагматикалық, қалыптастыру-дамыту, растау, тұлғааралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі.
К.Юнг бойынша тұлға тұжырымдамасы. К.Юнг бейсаналыққа және оның динамикасына көп көңіл бөлді,бірақ оның бейсаналықты қарастыру Фрейдтен өзгеше болды. Юнг психикасы саналы және бейсаналының өзара әрекеті және олардың арасындағы үздіксіз энергияалмасуы ретінде қарастырыды. Юнг үшін бейсаналы-бұл ығыстырылған инстинктивті тенденциялардың,еске алулардың және санаастындағы тыйымдараның психобиологиялық күл қоқыс орны емес. Ол оны адамды адамзатпен, табиғатпен және космоспен байланыстыратын шығармашыл, парасатты қағида ретінде санаған. Бейсаналықтың динамикасын зерттей отырып Юнг функционалды бірліктерді ашты, оларды ол «комплекс» деп атады. Комплекстер – белгілі бір тақырыптық ядроға бірігетін жәе белгілі бір сезіммен ассоцияланатын психикалық элементтердің (идея,пікір,қатынас) жиынтығы. Юнг комплекстердің даралы бейсаналықтың биологиялық детерминацияланғандардан «орхетип» деп аталатын алғашқы аңыз тудыратын паттерндерге дейінгілерін көрсеткен болотын. Ол даралы бейсаналықтан басқа бар адамзатқа тән және шығармашыл космос күшінің көрінуі болып табылатын ұжымдық, нәсілдік бейсаналық бар екенін көрсетеді. Юнг бойынша, адам индивидуализация процесінің барысында эго және жеке бейсаналықтың тар шекарасынан шыға алады және барлық адамзатқа сәйкес жоғары «менімен» біріге алады.
Билет №34
Әлеуметтік үлкен топтардың ұйымдастырылуы. Үлкен әлеуметтік топ – белгілі әлеуметтік нышандарды, топтық қатыстылығы жасы, жынысы, ұлты ж/е т,б белгілеуі негізінде сараланатын адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық үлкен әлеу/к топ партия, этникалық топтар,өндірістік ж/е қоғамдық ұйымдар, этностар, тобыр, топтар т.б. Ұйымдасқан (тобыр, демонстрация), уақытша ұйымдасқан (публика, митинг, аудитория және т.б). Ұйымдасқан ( әлеуметтік кластар, этностар, кәсіби, саяси партиялар).
Тұлға психологиясының әлеуметтік негізі. Тұлға – индивидтің әлеум мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтарменн, мінезбен және т.б. туылмайды. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады. Қоғамның талаптары адамдардың мінез-құлқының моделін, ал бағалау белгілері оның мінез-құлқын анықтайды. Тұлғаға әлеуметтің, әлеу орта әсерінің маңыздылығы соншалық, оның нәтижесі тұлғаның әлеу.к мінезінің қалыптасуында көрінеді.
Тұлға және бос уақыт. Бос уақыт түрлі психологиялық қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Физиологиялық стресс жағдайын жояды, ақыл-ойды дамытып, зорлануды төмендетеді. Бос уақытта адамда уақытты сезіну мен мазасыздану деңгейі төмендейді. Адам өзіне толық ұнайтын жұмыспен жұмыспенайналысса, барлығын ұмытып, оның зейіні өзін қызықтыратын нәрселерге ауып, содан жағымды сезімдер туа бастайды. Адамдардың мінез-құлқын зерттей отырып, бос уақытты көп жеке адам қырларынан бір қиындықтар кездеседі, әр түрлі адамдар бірдей іс-әрекетпен айналысып, түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін, бұдан басқа анықталған іс-әрекет әр түрлі уақытта, әр түрлі жағдайда берілген адамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мұны зерттеушілер бос уақытты индивидтердің ерекшелігімен байланыстырады: атрибуция стилі, жан саулығы, қажеттілігі, мотиві, жеке қырлары, өзін-өзі бағалауы тәрбиелеумен түсіндіреді.
Билет №35
