Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauap_aleumettik_psikhologia.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.19 Кб
Скачать
  1. Әлеуметтік психологияның пәні, мінеттері.

Әлеуметтік психология пәні – әр түрлі әлеуметтік топтардағы адамдардың шартталуын, қоғамдық-психологиялық құбылыстар мен олардың қызметтерінің туындауи заңдылықтарын зерттейді.

Әлеуметтік психология міндеттері:

• Әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процесстерді ойдан өткізу және үйрену;

• Әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестердің әр түрлі жағдайларда айқындау заңдылықтарын анықтайды;

• Әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар негізінде қоғамдық, мемлекеттік және басқа саяси, ұлттық процестерді болжайды.

  1. Әлеуметтік психологиялық таптар. Әлеуметтік псих\а таптарды, әдетте, адамдардың үлкен ұйымдастырылған топтары ретінде түсіндіреді. Олар қоғамдық-өндірістік жүйедегі тарихи анықталған орны бойынша ерекшеленеді: құқықтық меншік ретінде бекітілген қндірістік қүұралдардың қатысы бойынша, қоғамдық еңбекті ұйымдастыру ролі бойынша, сондай-ақ алынатын байлықтардың бөлшегі мен мөлшерінің әдістеріне байланысты болады. Таптар 3-ке бөлінеді: қоғамдық өндірістік жүйедегі орны бойынша; қоғамдық ұйымдастырудың еңбектегі ролі бойынша; қоғам байлығының өлшемі мен оны алу әдістері бойынша. Таптар психолгиясының негізін қалыптастыруда құрылады: олардың өмірінің әлеуметтік жағдайлары; қоғамдық тәжірибелік әрекеті мен қоғамдық сипаты; басқа әлеуметтік таптармен қарым-қатынасы; оныңәлеуметтік тәжірибесі.

  2. Қарым-қатынастың негізгі функциялары.

Қарым-қатынас бұл жеке адамның арасындағы не топ құрылымындағы әлеуметтік психологиялық процесс.

Түрлері: Маскалы қ-қ – адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, яғни басқа адамға деген шынайы эмоциясы мен қ-қ білдіртпейтін бет-әлбет көріністерімен ым-ишара қолданылуы.Қарапайым қ-қ – басқа адамды қажетті немесе кедергі келтіретін обьект ретінде бағалау. Ресми қ-қ – мұнда адамның тұлғасын емес, әлеуметтік рөлін білу жеткілікті болады. Кәсіби қ-қ – тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады. Рухани қ-қ – достар арасындағы тұлғааралық қатынас.

Қызметтері:

• Байланыстыру прагматикалық қызметі адамның бірлескен іс-әрекет жасауы.

• Қалыптастыру-дамыту қызметі – адамның психологиялық бейнесінің қалыптасуының алғышарты болып табылады.

• Растау қызметі – адам басқалармен қ-қ барысында өзін-өзі танып білуге, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін басқа адамдар арқылы біледі.

• Тұлғааралық-эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі – эмоциялық қатынастар, іскерлік ұжымның қарым-қатынастарға ықпалын тигізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]