Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhauap_aleumettik_psikhologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.19 Кб
Скачать

Билет№1.

1. Методология мәселесі барлық ғылымдарға маңызды. Әлеуметтік психологиялық статистикалық зерттеу жүргізген кезде осы нәтиженің ғылыми принцептеріне сүйенеді. Олар: психология және әлеуметтану. Қазіргі ғылымда методология термині грек тілінен «танып білуге жол» дегенді білдіреді және ғылыми білімдердің 3 денгейін көрсетеді. 1. Жалпы методология- бұл жалпы принциптердің қосындысы. Жалпы методологияға әртүрлі философиялық құрылымдар кіреді. 2. Жеке методология- жеке принциптер құрылымы, нақты білім аймағында қолданылады. 3. Методологиялық қолданыстар- Т.В.Каркилова бойынша бұл- зерттеудің көптеген әдістемелері,теориялар.Әдіске және әдістемелерге бөлінеді.

2. Кикілжіңнің психологиясы, оның түрлері. Кикілжің дегеніміз-адамның санасындағы қатынастарындағы жағымсыз сезімдерімен байланыстарының қарама – қарсы бағытталуының тоғысуы. Кикілжіңнің субиектерінің қызықушылықтары, қажеттіліктері, құндылықтары сәйкес келмесе болуы мумкін. Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі. Кикілжің туындауы үшін қарсыластар, яғни индивидтер немесе олардың әлеуметтік топтары, біріншіден, өздерінің мақсаттары мен қызығушылықтарының қарама-қарсылығын  сезінуі қажет, ал екіншіден, өзінің қарсыласына белсенді қарсы әрекеттер жасауы қажет. Екі немесе одан да көп жеке тұлғалардың, топтардың, партиялардың, елдердің, т.с.с. бір-біріне белсенді қарама-қарсылық әрекеттер жасайтын болса, тек сонда ғана қарама-қайшылықтар әлеуметтік кикілжіңдердің негізі болып табылады. Кикілжіңнің түрлері: Тұлғаішілік-адамның өз-өзімен келіспеуі; Тұлғааралық -екі адам арасындағы кикілжің; топаралық-топтар арсындағы кикілжің; Көлденең-әріптестер арасындағы келіспеушілік.

3. Әлеуметтік класс, әлеуметтік қозғалыс. Әлеуметтік қозғалыс әлеуметтік құбылыстың ерекше класы, ірі әлеуметтік топтар мен бұхаралық төтенше мінез-құлықтардың психологиялық ерекшеліктерінің талдауымен байланысты қарастырылады. Әлеуметтік қозғалыс әр түрлі деңгейде болады: бұл өзекті мәселені көздеген кең қозғалыс болуы мүмкін (бейбітшілік үшін күрес, ядролық сынаққа қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау) немесе аймаққа не әлеуметтік топпен шектеулі (семейдегі полигонға қарсы, әйелдердің теңдігі үшін т.с.с)қозғалыстар.

Билет №2

1. Кіші әлеуметтік топтардың сипаттамасы. Кіші топ – ортақ мүдделермен біріккен, бір-біріне көмек көрсетіп, өзара әрекеттестікте өмір сүретін индивидтер ұйымдастығын білдіретін әлеуметтік топ. Мұндай топтардың көлемі оның әрекет етуі мен дамуына байланысты. Кіші топ тез әсерленушілігімен және қатынастардың бейресмилігімен ерекшеленеді. Кіші топ түрлері:отбасы, бастапқы өндірістік ұйымдар, бірлестіктер, достық компаниялар, мектеп сыныбы.

2. 19 ғ әлеуметтік психологиялық теориялар. 19 ғ 2 жартысында әлеуметтік психология ғылыми білімнің дербес саласы ретінде психология мен әлеуметтанудың түйіскен жерінде пайда болды. Оның пайда болуын 1859 ж Германияда Штейнталь мен Лацарустың « Этностық психология мен тіл бңілім туралы» журналын шығарумен байланыстырды. Еуропадаэмперикалық әлеуметтік психологияның көрнекті өкілдері француз заңгері және әлеуметтанушысы Габриель Тард , француз әлеуметтанушысы Гюстав Лебон және ағылшын-американ психологы Уильям Мак Дугал болды.

3. Кикілжіңнің алдын-алу жолдары. Кикілжіңді шешуде келесі стратегиялар бар: 1) дау-дамай алдын алу немесе прафилактика. 2) дау-дамайды пайда болу кезеңдерінде басқару; 3) дауды шешу әдістерін қолдану; 4) дау дамай мен оның салдарын жобалау;

Дау-дамай прафилактикасы, ең алдымен, дау-дамайдың қайнар көзін құртуға негізделеді. Дау-дамайды шынайы, нақты түрде басқару үшін оның қазіргі уақытта қай кезеңде өтіп жатқанын анықтау қажет. Кейде дау-дамайды қатысушылардың өздері басқара алады. Тағы бір жағдайда үшінші жақтың көмегі керек болады. Ол әдетте, татуластырушы неменсе басшы болуы мүмкін. Дау-дамайдың күрделілігіне байланысты оны тек жоғары білікті маман реттей алады. Ол тек конфликтолог, психолог, әлеуметтік жұмыскер де болуы мүмкін.

Билет №3

1. Әлеуметтік психология пәні, міндеттері. Әлеуметтік психология пәні – әр түрлі әлеуметтік топтардағы адамдардың шартталуын, қоғамдық-психологиялық құбылыстар мен олардың қызметтерінің туындауи заңдылықтарын зерттейді.

Әлеуметтік психология міндеттері:

• Әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процесстерді ойдан өткізу және үйрену;

• Әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестердің әр түрлі жағдайларда айқындау заңдылықтарын анықтайды;

• Әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар негізінде қоғамдық, мемлекеттік және басқа саяси, ұлттық процестерді болжайды.

2. Жеке адамды әлеуметтендіру факторлары, механизмдері, құралдары. Әлеуметтену ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі бірліктердің (топтар, институттар, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақты қауымдастыру. Әлеуметтену – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

Әлеуметтену факторлары: мегофактор (өте үлкен, жалпы деген мағынаны білдіреді) космос, планета, әлем, тб жатқызуға болады. Макрофактор (макро үлкен деген мағ.білдіреді) оған қоғам, ел, этнос, мемлекет жатады. Мезофактор – ( мезо – орта, аралық деген мағ.білдіреді) бұған этнос, аймақ, халық жатады. Микрофактор – отбасы, микроәлеумет, аула тб жатады.

Механизмдері: импертинг, экзистенциялық қысым, еліктеу, идентификация, рефлексия жатады. Құралдары: теледидар, радио, интернет, кітаптар, газеттер.

3. Қарым-қатынастың түрлері мен қызметі. Қарым-қатынас бұл жеке адамның арасындағы не топ құрылымындағы әлеуметтік психологиялық процесс.

Түрлері: Маскалы қ-қ – адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, яғни басқа адамға деген шынайы эмоциясы мен қ-қ білдіртпейтін бет-әлбет көріністерімен ым-ишара қолданылуы. Қарапайым қ-қ – басқа адамды қажетті немесе кедергі келтіретін обьект ретінде бағалау. Ресми қ-қ – мұнда адамның тұлғасын емес, әлеуметтік рөлін білу жеткілікті болады. Кәсіби қ-қ – тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады. Рухани қ-қ – достар арасындағы тұлғааралық қатынас.

Қызметтері:

• Байланыстыру прагматикалық қызметі адамның бірлескен іс-әрекет жасауы.

• Қалыптастыру-дамыту қызметі – адамның психологиялық бейнесінің қалыптасуының алғышарты болып табылады.

• Растау қызметі – адам басқалармен қ-қ барысында өзін-өзі танып білуге, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін басқа адамдар арқылы біледі.

• Тұлғааралық-эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі – эмоциялық қатынастар, іскерлік ұжымның қарым-қатынастарға ықпалын тигізді.

Билет №4

1. Әлеуметтік психологияның генезисі мен эволюциясы. Әлеуметтік психика ұғымы. Әлеу.психология адамның мінез-құлық заңдылығы мен іс-әрекеттің ерекшеліктерін зерттейтін псих-я саласы XXғ жеке ғылым ретінде қалыптасты.Тіл білімі,археология,этнография,ирминология т.б,Бұл ғылымның бәрі адамдармен қарым-қатынасы тығыз бай-та болғандықтан әлеу.псих-қ қызметіне зәру болды.

Әлеу.псих-ң жеке сала ретінде қалыптасуына потопсихологиялық негіздері психиатриялық тәжірибедегі өз-өзін сендірудің арнайы формасы ретінде гипноздың қолданылуына ықпал етті

2. Шағын топтардың әлеуметтік психологиясы. Біршама тұрақты, құрамы жағынан сана онша көп емес, бір-бірімен тікелей қ-қ жасап отыратын, ортақ мақсатқа ұмтылған адамның бірлестігі «шағын топ» деп аталады. Шағын топ мүшелерінің саны 2-3 адамнан құралып, 30-40 адамнан аспауы тиіс. Мыс, отбасы, өндірістік бригада, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер ағын топ болып есептеледі.

3. Басқару стильдерінің сипаттамасы. Басқару стильдерінің 3 түрі бар: авторитарлық, демократиялық, либералдық. Либералдық стилінде басшы белсенді танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Авторитарлық стильдің негізі маккиализм д.а. Бұл стиль Николо маккиавеллидің құрметіне қойылған. Бұл стильде шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді. Демократиялық стильде мәселесінің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблема ұжымда шешіліп, бекітіледі.

Билет №5

1. Әлеуметтік перцепция механизмдері

Идентификация – өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзін-өзгеге ұқсату. Эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білуі, жан ашуы. Аттракция – өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Реғфлексия – қ-қ барысында тұлғаның өзін-өзі тануы, қ-қ серігі мені танып білуі туралы білімі. Атрибуция – жору механизмі.

2.Қарым-қатынас бұл жеке адамның арасындағы не топ құрылымындағы әлеуметтік психологиялық процесс.

Түрлері: Маскалы қ-қ – адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, яғни басқа адамға деген шынайы эмоциясы мен қ-қ білдіртпейтін бет-әлбет көріністерімен ым-ишара қолданылуы. Қарапайым қ-қ – басқа адамды қажетті немесе кедергі келтіретін обьект ретінде бағалау. Ресми қ-қ – мұнда адамның тұлғасын емес, әлеуметтік рөлін білу жеткілікті болады. Кәсіби қ-қ – тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады. Рухани қ-қ – достар арасындағы тұлғааралық қатынас.

Қызметтері:

• Байланыстыру прагматикалық қызметі адамның бірлескен іс-әрекет жасауы.

• Қалыптастыру-дамыту қызметі – адамның психологиялық бейнесінің қалыптасуының алғышарты болып табылады.

• Растау қызметі – адам басқалармен қ-қ барысында өзін-өзі танып білуге, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін басқа адамдар арқылы біледі.

• Тұлғааралық-эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі – эмоциялық қатынастар, іскерлік ұжымның қарым-қатынастарға ықпалын тигізді.

3.Әлеуметтік психологиядағы жеке адам феномен түсінігі

Жеке адам дегеніміз – қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның қандай ортагның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның қандай көзқарасы, бағыт-бағдары, білім мен іс-тәжірибесі назар аударуымыз қажет.

Билет 6.

1. Үлкен әлеуметтік топтардың псих/ы. Үлкен әлеуметтік топ – белгілі әлеуметтік нышандарды, топтық қатыстылығы жасы, жынысы, ұлты ж/е т,б белгілеуі негізінде сараланатын адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық үлкен әлеу/к топ партия, этникалық топтар,өндірістік ж/е қоғамдық ұйымдар, этностар, тобыр, топтар т.б.

2. Әлеу/к псих/ғы бақылау ж/е эксперимент әдістері. Бақылау әдісі. Әлеуметтік псих/қ зерттеулерден бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екіншіден бір маңызды жағдай бақыланатын жағдай/ң уақыт аралығы эксперимент әдісі әлеуметтік псих/ң негізгі зерттелу әдістері бірі 2 түрі бар : табиғи ж/е лабораториялық.

3. Қарым-қатынас психологиясы пәні, міндеті. қ-қ екі не екіден көп адамның өзара байланысы. Осы байланыстарды жүзеге асыру барысында адамдар бір-бірінен танымдық н/е эмоц/қ мәліметтерді беріп тұрады.

Билет.7

1. Әлеу/к псих/ы топ түсінігі. Әлеу/к топ бұл индивидтің тұтас ж/е тұрақты жиынтығы. Әлеу/к топ бірігіп әрекет атқаратын адамдардың қауымы әлеум/к топ түрлері: үлкен әлеу/к топ , орта, кіші әлеу/к топ, шағын топ, формальды ж/е формальды емес топ, ресми-ресми емес, референттік,шартты топ.

2. Коммуникативті кедергілер түрлері. Коммуникациялық кедергі- қатынас серіктері арасында дұрыс ақпарат беру жолындағы псих/қ тосқауылдар. Түрлері: түсініспеушілік, әлеу-мәдени айырмашылық, қатынас кедергілері. Түсініспеушілік кедергілері:фонетикалық, семантикалық,стильдік, логикалық. Фонетикалық кедергі адамдар әртүрлі тілде, диалектте сөйлеуде п,б. Семантикалық жаргон ж/е сләнг мәселесімен тығыз байланысты. Мысалы, шашы ұзын жігіттер хиппи арасында сұлу болып саналса, қазақ ауылында оларды күлкіге айналдырады. Стильдікке камуникатормен реципиент/ң тілдік стильдері не көңіл-күйі сәйкес келмеуі. Логикалық кедергі-сөйлеуші мен тыңдаушы/ң қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әртүрлі болғанда п.б. әлеу/к айырмашылық, әлеу/к саяси діни көз қарастарға, жасына т.б байланысты болады. Қатынас кедергісі-камуникаттарды жақтырмайттықтан оның мәлімдемесі де қарсы-қабылдау сөзіне күдікпен қарау.

3. Гуманистік псих/я тұрғысында тұлғаны тану. К.Роджерстің феномонологикалық теориясы. Гуманистік псих/ң негізін қалаушы психолог-К.Роджерс. Роджерс бойынша, адам табиғаты бойынша конструктивтілік, реалистік ж/е белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. Феномонологиялық псих/қ негізгі тұжырымы бойынша феномен/қ псих/қ шындығы субекті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық-бұл ағза қабылдауының ж/е интерпротацияның шындығы. Роджерс тұлғаның өзіндік сана-сезімімен «мен» тұжырымдамасын қалыптастыруға негізге мән берді. Сезімдік сана құрлымында идиялды ж/е реалды «мен» бейнесін толық көрсеткен.

Билет.8.

1. Вербалдық емес камуникация түсінігі. Вербалды емес қ-қ бұл сөздер мен басқада тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі . адамдағы вербалдық емес сигналдар жүйесі : ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, ерекшеліктерін бақылау. Вербалдық емес амалдардың негізгі түрлері:кинестетика, просодика, токсика, проксемика.

Кинестика-мимика, жест, пантамимика. Адамның эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді.

Таксика- қолмен амандасу, құшақтасу.

Проксемика- адамның кеңістікте орналасуын зерттейді.

Паралингвистика- комуниканттар даусының сапасы, тембрі,ырғақ,жылдамдығы.

Экстралингвистика-дауыстың сөзі емес,оның айналасындағы құбылыстар(жөтел,күлкі,пауза)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]