
- •Азаматтың (шаның) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру
- •2 Билет.
- •3Мінездеме, оның құрылымы.
- •3 Билет.
- •Сенімхат
- •Сенімхат
- •4 Билет
- •3 Кірістік құжаттар,олардың толтырылу ерекшеліктері мен деректемелері
- •5 Билет.
- •2 Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, олардың толтырылу себептері мен құрылысы
- •3Тіркелетін және тіркелмейтін құжаттар
- •7 Билет.
- •2 Ресми іс жүргізу стилінің құқықтық санамен сәйкестігі. Ресми іс жүргізу стилі
- •11 Билет.
- •1 Жеке құрам бойынша ереже, оның деректемелері
- •Қысқаша хаттаманың нысаны
- •1 Жеделхаттар, оларды толтыру мен жолдаудың өзіндік ерекшеліктері
- •2 Нотариус куәләндыратын арыздар
- •13 Билет.
- •С. А. Құлымжанға Баяндау хат
- •Өмірбаян.
- •2 Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, оның толтырылу себептері мен құрылысы
- •15 Билет.
- •3 Хаттама, оның құрылымы мен түрлері
15 Билет.
1 Еңбек қатынастарын құжаттауға қатысты құжаттар мен олардың түрлеріКәсіпорындағы, мекемелегі жеке адамның еңбек қатынасын реттейтін құжаттра тобын жеке құжаттр деп атаймыз.Еңбек қатынастарын ресімдеудің негізгі ерекшеліктері. Жек адамның ісі қандай да бір тұлға туралы (өмірбаяны, білімі, еңбек немесе қоғомдық қызметі ) құжаттар
Жеке еңбек шарты
Ұжымдық еңбек шарты
Жеке материалдық толық жауапкершілік туралы шарт
Түйіндеме
Өтініш
Арыз
Жеке еңбек картасы
Еңбек кітапшасы
2 Жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар, оның толтырылу себептері мен құрылысыБұйрық - 1) Басқару актісі. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ коммерциялық, коммерциялық емес құрылымдардың қызметінде қолданылады.Құқықтық болмысына қарай Бұйрық басқарудың нормативтік және индивидуалдық актілері болып бөлінеді. Нормативтік акт ретінде Бұйрық бірнеше мәрте қолдануға арналған әрі белгіленген ахуал шегінде барша адамның орындауы міндетті болып саналатын жалпылама сипаттағы мінез-құлық қағидаларын мазмұндайды. Осы нормативтік акт ретіндегі Бұйрықтың өзі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның, идараның (к-ттің), сондай-ақ, Президентке, Бас прокурорға есеп беретін мемл. органның басшылары шығаратын нормативтік-құқықтық актіге (мыс., бұйрықпен бекітілетін Жүктерді тасымалдау ережесі, Паспорт жүйесі туралы ережені қолданудың тәртібі жөніндегі нұсқаухат, т.б.) және мемл. орган басшысы, коммерциялық, коммерциялық емес ұйым жетекшісі, әскери бөлімше командирі шығаратын нормативтік актіге (мыс., Ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже, т.б.) жіктеледі. Ал, индивидуалдық акт ретіндегі Бұйрыққұқық жосындарын қолдану әрекеті болып саналады әрі жекеше сипаттағы мәселенің шешімін табу үшін шығарылады (мыс., әлеум. жәрдемақы тағайындау, қызмет орнынан алып тастау, кезекті еңбек демалысын беру, т.б. туралы). Оны атқарушы және билік жүргізуші органдардың, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдардың, т.б. басшылары шығара алады. Идарааралық сипаты немесе азаматтардың құқылары мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысы бар Бұйрықтар Әділет мин-нде тіркеліп, ҚР “Нормативтік құқықтық актілер туралы” заңының 6-, 7- тарауларына сәйкес ресми түрде жарияланғаннан кейін ғана күшіне енеді;[1]
2) Шаруашылық істер жөніндегі сот коллегиясының не төреші соттың шешімдерін орындау үшін сот беретін атқарушы құжат.[1]
3) Көне түркі қағанаттары мен тайпалық одақтарындағы лауазым. Жазба деректер бойынша, ертеде ханның жекелеген әскери топтарының басшыларын, кейде құпия тапсырмаларды орындайтын ханның өкілдері мен сарай маңындағыларды осылай атаған. П. Мелиоранскийдің пікірінше, бұл сөз бұйрық қылған адам, басқарушы деген мағынада қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде өзінің ескі мағынасында “бұйрық беру” ұғымын білдіреді. Бұйрық сөзі “Күлтегін” жазуы мәтінінің екі жерінде кездеседі. Көне ұйғыр мемлекетінің уәзірі Мэйду “Ду-ду Бұйрұн” (Бұйрық тұтық) деп аталған. 12 — 13 ғ-ларда Найман мемлекетінде Бұйрық қызметінің елеулі өзгерістерге ұшырағаны белгілі. Рашид әд-Диннің “Олардың (наймандардың) патшаларының аты “Күшлік хан” немесе “Бұйрық хан” болды. “Күшлік хан” сөзінің мағынасы — “күшті” және “ұлы мемлекет қайраткері”, “Бұйрықтың” мағынасы — “бұйрық беруші”, соған қарамастан, олардың әрқайсысының өз әке-шешелері қойған басқаша аттары бар” деп жазуына қарағанда, сол кезде Бұйрық сөзі тікелей патшаға ғана байланысты лауазымға айналған.[1]
Мұнай ЖК 11.02.2002 ж. №4 Кекшетау қаласы
Мерекелік күндерде өртке қарсы кауіпсіздікпен және күзетті күшейтумен қамтамасыз ету туралы
Мерекелік күндерде өртке қарсы кауіпсіздікпен және күзетті күшейтумен қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1 «Мұнай» ЖК жерінде жинастыруды өткізу және оталғыш заттар қауіпсіз жерге алып шығарылсын:
2 Мерекелік күндерде «Мұнай» ЖК-те болуға тиісті адамдардың тізімі көрсетілсін:
3 Бұйрыктың орындалуын тексеру диспетчерлік бөлімнің басшысы А.М. Сүлейменовке берілсін.
«Мұнай» ЖК-ның
бас директоры: қолы И.В.Николаев