Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dp_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.69 Кб
Скачать
  1. Өмірбаян.

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.

Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай  өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады

14 билет.

1 Өкім

Өкім – мекеме, ұйым, кәсіпорын бөлімшелерінің күнделікті

өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасарлары шығаратын құжат.

Үлгі

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті

Филология, журналистика

және өнер факультеті

№ 05-4/5754 ӨКІМ

«___» __________0000 ж.

Ғылыми жұмыстарының есептері 2007 жылғы желтоқсанның 20-сына дейін факультетке тапсырылсын. Кафедраның ғылым жұмыстарына жауапты адамдар (С.Т.Ахмет, Б.М.Омар, Ж.Г.Есен) осы жұмыстың орындалуын қадағаласын.

Факультеттің ғылыми жұмыс

жөніндегі орынбасары қолы /тегі/

2 Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, оның толтырылу себептері мен құрылысы

Бұйрық

Бұйрық – алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті немесе кадрлық мәселелерді шешу мақсатында шығарылатын өкілеттік құжаттардың бір түрі.

Үлгі

«Арай» ЖШС-і

Жұмысқа қабылдау туралы

№1 Бұйрық

«____»________ 20___ ж.

Алма Омар 20___ жылғы ақпанның 10-ынан жоспарлау бөліміне бухгалтер ретінде жұмысқа қабылдансын.

Алма Омарға 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде еңбекақы тағайындалсын.

Негіздеме: А. Омардың өтініші.

Бұйрықпен таныстым: қолы /тегі/

3 Хат-хабарларды рәсімдеу ережелеріРесми хат-хабар жазысу” термині – ресми тұлғамен бағытталатын хат немесе хат-хабар алмасудың кез-келген түрін қамтиды.

Барлық ресми хат-хабар жазысу алуандығын негізгі екі түрге бөлуге болады:

а) әртүрлі елдердің мемлекеттік ұйымдары, шет елдік өкілдіктер және лауазымды тұлғалар арасындағы (ноталар, меморандумдар, жадынамалық жазбалар). Хат-хабардың бұл түрі негізінен дипломатиялық тәжірибеде қолданылады;

ә) көбінесе жартылай ресми сипаттағы және фирмалар, ұйымдар арасында іскерлік байланыстар ұйымдастыруда кең қолданылатын іскерлік (коммерциялық) хаттар.

Ресми хат-хабар дайындаудағы жалпы ережелер

Ресми хат-хабар жазысу стилі тіл және әртүрлі елдер дәстүрлеріне қарай өзгеруі мүмкін, бірақ ол халықаралық тәжірибеге және шарттылықтармен анықталатын бірқатар жалпы ережелерге бағынады.

Ресми хат-хабар жазысуға жіберуші және хат алушы арасында дәрежелер арақатынасын сақтай отырып, хат алушыға құрмет белгілерін көрсету мақсатында қойылатын протоколдық талаптар, сонымен бірге, теңдік, сыйластық және өзара сыпайылық қағидаттарына негізделеді.

Вербальді нота немесе коммерциялық хат болсын, кез-келген құжат бірнеше міндетті бөліктерден тұрады:

Қаратпа сөз – хат алушының ресми және құрметті атағы көрсетіледі, мысалы : Сэр , құрметті елші мырза, т.б.

Қошемет – бұл хаттың соңында ілтипаттылық білдіру. Бұл хат-хабар жазысу сипатына тәуелді, мысалы : Зор құрметпен, шын ниетпен, т.б.

Қол қою – қол қою осы құжатты күәландырады. Қол қоюға өкілетті тұлға тегі әдетте құжат соңында басылады.

Мерзім – ай күні, жыл және хаттың жазылу орны көрсетілу керек. Бұл мәліметтерді қысқартылған түрде жазылмауы керек.

Мекен-жай – толық тегі, лауазымы және мекен-жай құжаттың бірінші бетінде, оның сипатына қарай төменде немесе жоғарыда орналастырылады.

Сонымен қатар, ресми және іскер хат-хабарларды ресімдеу кезінде келесі жалпыға танымал ережелерді ұстану қажет:

1. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мәтінді хаттар жазу қабылданбайды, бірақ егер хат бір беттен көбірек болса, онда соңында “жалғасы бар” (“continued over”) сөз тіркесі жазылады.

2. Бірінші бетті қоспағанда, әрбір бет араб цифрларымен номірленеді.

3. Қызметтік хаттар техникалық құрал арқылы басылады: сол жағы – 3 см; оң жағы – 1,5 см; жоғарғы жағы – 2 см;    төменгі жағы – 2 см.

4. Мәтінде түзетулер, тазартулар рұқсат етілмейді.

5. Конверттер тиісті көлемге сай болу керек. Қаралы конверттерді (ішінде қара астары бар) тек тиісті жағдайда қолдану керек.

6. Хат мәтіні ішке қаратылып бүктеледі. Маңызды іскер хаттарды бүктемей-ақ, үлкен тығыз конверттермен жіберу керек.

7. Егер сіздер құттықтау ашық хаттарын жіберсеңіз, жалғыз қол қою тек ресми құттықтауларда рұқсат етіледі. Жеке ашық хатта ең аз дегенде бірнеше жол қамтылуы тиіс.

8. Телеграфты сауалға 3 күн ішінде жауап беру қажет. Хат үшін – 10 күн. Егер сауалды терең талдауды талап етсе, онда 3 күн ішінде хаттың есепке алынғанын хабарлап, 30 күн ішінде ақырғы жауап беруге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]