Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тттт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.7 Кб
Скачать

15 Қоғамдық өндірістің құрылымы.

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс

Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары. Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет.Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды. Ұдайы өндірістің типтері

жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады.Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі.Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес.Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес.Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады.Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

16 Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды.Меншік — ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық.Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады. Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты­настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты­лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа­шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді. Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады.Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді. Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау.Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас­тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі. Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді. Сонымен, меншіктік қатынастар — бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам­дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар. Меншіктің заңдық қатынастары — бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді.Иелену меншіктің бірінші және басты себебі.Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды.Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады.Заңды түрде оны қол­данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша.Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды. Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат­тар­да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді.Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады. Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл: - өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру; - өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы; - қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.

17. меншік субъектілері мен объектілері.Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады. Меншік субъектісі – меншік объектісін иелену мүмкіндігі мен құқыққа ие меншік қатынастарының белсенді жағы. Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы: а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер; б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б. в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б. Бір субъектінің өндіріс жағдайларын монополизациялауы, басқалардың олардан бас тартуы (жоғалтуы) немесе жұмысшылардың өндіріс жағдайларына деген бірдей құқықтары меншіктің әлеуметтік-экономикалық мазмұнын сипаттап, өндірістің негізгі факторларының бірігу сипаты мен нәтижелерді иемдену тұрғысын анықтайды. Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады. Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

18. ҚР-ғы меншік түрлері.Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз.Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады.Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.Меншік — бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады.Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін.Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар.Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады.Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең.Бұл — бірлескен ортақ меншік. Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне бірі қарсы : жалпы және жеке меншік деп аталатын 2 формасы бар. Жалпы меншік ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал жабдықтар, яғни бұл олардың барлығына ортақ меншік деген сөз.Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол рулық қоғамның даму кезеңінде алғашқы қауымдық меншік, Отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі. Меншіктің басты формасының бірі ұжымдық кәсіпорынның меншігі. Бұл меншік: мемлекеттік кәсіпорынның барлық мүлкі еңбек ұжымының меншігіне көшкен, жалға алынған мүлікті сатып алған немесе заңда көзделген басқа да тәсілдер арқылы ие болған мүлік жағдайында пайда болады. Сонымен бірге, ұжымдық кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде өндірілген өнім, алынған табыс олардың ортақ игілігі болып табылады. Ұжымдық меншіктің : кооперативтік меншік, шаруашылық қоғамы мен серіктестіктердің, акционерлік қоғамның, шаруашылық ассоцияцияларының бірлестіктерінің /, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және діни ұйымдарының меншіктері деп аталатын бірнеше түрі болады. Жеке меншік жеке адамдарының өндірістің заттық факторларына және оның нәтижесіне өз меншігі ретінде қарауы.Оның өз еңбегіне және өзгенің еңбегіне негізделген екі түрі бар. Өз еңбегіне негізделген жеке меншіктің субъектілері жеке шаруа қожалығы, қолөнершілер және басқа адамдар.Бұлар өз еңбегімен өмір сүреді.Олар, бір жағынан, өз меншігінің иесі, екінші жағынан, тікелей жұмыскер болып табылады. Өзге адамның еңбегіне негізделген жеке меншік өзгенің еңбегі есебінен баюға бейімделеді.Сөйтіп, негізгі өндіріс құрал жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседі де, қоғамның басқа мүшелері бұл игіліктерден сырт қалады. Міне, тап осы жағдайда теңсіздік пайда болады: қоғам топтарға /қоғамдық топтарға бөлініп, олардың бір тобы өндіріс құрал жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады. 19 Өтпелі экономика Өтпелі экономика - бұл бір экономикалық жүйеден екінші жүйеге көшкен кездегі өтпелі жай-күй. Бұл жағдайда осы жүйенің негіздері өзгеріп, осының нәтижесінде бүкіл жүйе де өзгереді. Жалпы айтқанда өтпелі экономиканың негізгі белгілері мен оның қалыптасқан экономикалық жүйеден айырмашылықтары байқалады.

19.20 Өтпелі экономика оның белгілері мен заңдылықтары. Өтпелі кезең экономикасы -экономикалық өзгеру үдерісінде тұрған, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасы. Өтпелі кезең экономикасының біршама тұрақты күйдегі және өзіне тән индикаттары, өзіндік негізде дамушы экономикадан өзгешелейтін бірқатар арнаулы сипаттамалары бар.Өтпелі кезең экономикасының толғағы жеткен кезеңде ескі индикаттарды және байланыстар мен қатынастарды ығыстыратын жаңа индикаттар, байланыстар мен қатынастар пайда болады. Нәтижесінде жаңа макроэкономикалық және микроэкономиялық заңдылықтар мен үрдістер, әлеуметтік және саяси өзгерістер қалыптасып, экономикалық саясаттың жаңа міндеттері туындайды. Экономикалық ғылылыми пән (транзитология). Ол экономикалық транформация мәселелерін, әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен екіншісіне өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасын зерттейді. 20 ғасырдың аяғы – 21 ғасырдың басында тарихи себептерге байланысты социологиялық жүйедегі елдердің нарықтық экономикаға өту мәселелерін транзитолог-ғалымдар саяси, әлеуметтік-мәдени, т.б. аспектілермен тығыз байланыста қарастырды. Шындығында, Өтпелі кезең экономикасы ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында пайда болды, алайда ол әуелі маркстік әдебиетте көрініс тауып, онда экономикалық құрылыстан екінші құрылысқа ауысу мүмкіндігі және оның болмай қоймайтындығы туралы мәселе алғаш рет қозғалды. Кеңестік кезеңде шыққан еңбектердің көбінде тоталитарлық қоғамға тән тұрпайылықтың, қасаң қағидалықтың табы табиғи түрде байқалды. 20 ғасырдың аяғында экономикалық және саяси өмірдің тоталдық мемлекеттенген жүйеден нарықтық демократия негіздеріне өту мәселелері пайда болды. Социологиялық жүйе 1989 – 91 жылдары күйреді. Алайда алдағы уақытта кеңестік жүйенің күйрейтін мәселесі талқылана қойған жоқ. Қазіргі түрдегі транзитологияның қалыптасуында елдің өз ішіндегі бірқатар әдебиетте 60 – 70-жылдар бойына нарықтық қатынастардың қолданылуы аясын кеңейту жолымен шаруашылық жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерінің (“Нарықтық социализм”, “Шаруашылық тетікті жетілдіру теориясы”) қозғала бастауы белгілі дәрежеде дайындық рөлін атқарды. Коммунизмнің күйреуіне байланысты көкейтесті мәселелерге айналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ырықтандыру және макроэкономикалық тұрақтандыру мәселелері. Жүйенің дағдарысы көп елдерде қаржы-бюджет дағдарысымен тұспа-тұс келді және нарықтық баға белгіленіміне көшу міндеттері шын мәнінде инфляцияны тоқтату мәселесінің екінші жағы болып шықты. Екіншіден, индикаттық мәселелер, яғни “жалпы халықтық” монополизмнің қираған күресінде жеке меншік қатынастардың дамыған жүйесін қалыптастыру керек болады. Үшіншіден, экономикалық өрлеу мүмкіндігі мен келешегі дербес мәселе күйінде қалды. Транзитология мәселелерінің осы аталмыш топтары бойынша кейінгі жылдары теориялық талдау және экономикалық-математика үлгі жасау аясында да, тәжірибелік байқаулар жүргізу және практикалық тәжірибені қорытындылау аясында да елеулі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жетістіктер Өтпелі кезең экономикасы жөніндегі ұсыныстарды үкіметтер мен халық баламалы түрде қабылдаған елдерде көбінесе экономикалық саясаттың және бұрынғы коммунистік трансформацияның қалыптасуына септігін тигізді.

21.Мемлекетсіздендіру және меншікті жекешелендіру. Мемлекетсіздендіру - мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру. Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.

22. ҚР-ң экономикасын қайта түрлендіру: мәні және кезеңдері. Қайта құру идеяларын өмірге енгізу жеңіл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесінен бас тартпай, әкімшіл-әміршіл пиғылдан арылмай, түбегейлі құрылымдық өзгерістер жасамай тұрып, реформаны одан әрі дамыту мүмкін болмады. Қоғамды демократияландыру ісі орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым-қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негіздерін қайта қарауды қажет етті. Қазақстанда Президенттік басқарудың енгізілуі мемл. билік әлсіреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегі экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс еді. Қазақстанның мемл. егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесінде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер туды. Орт. органдарды жанай өтіп, бұрынғы кеңістіктегі республикалармен тікелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемл. кәсіпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-інің алтын және күміс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жарлықтар шығарды. Енді бұрынғы одақтас республикалар өзара тікелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 – 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бірсыпыра келісімдер жасалып, өзара міндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесінде осы уақытқа дейін шикізат аймағы және арзан жұмыс күшінің көзі саналып келген республика экономикаға меншіктің көп түрлілігіне негізделген нарықтық қатынастарды енгізе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейін (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бірнеше тәсілі қолданылды. Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету. Бірінші кезең (1991– 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейінгі экон. жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған еді, оның үстіне өзгеріске ұшыраған сыртқы және ішкі әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта жүргізілген экон. саясат өрістеп кете алмады. Екінші кезең (1993 – 94) экон. дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу дағдарысы: кәсіпорындардың өзара борыштары 1993 – 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түсті: 1993 ж. тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейіне жетті (Ресей Федерациясының жаңа рублінің инфляциясы); өнеркәсіптің шегіне жете құлдырауы: өндірілген ұлттық табыс 1991 – 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерін тигізді: 1990 жылдан 1994 жылға дейін тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы ішкі өнім 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көші-қоны басталды, ол 1994 ж. теріс сальдоға жетті (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта – теңгені енгізу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Үшінші кезеңде (1995 – 97) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетуді көздеді. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықар. стандарттарға сәйкес екі деңгейлі банк жүйесін жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргізу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткізу; атаулы жалақыны шектеу; берілетін несиелерді шектеу және ақша массасының қатаң көлемін (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгілеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңінен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшін жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 1996 жылдың қарсаңында теңгенің валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж. – 1 долл. үшін 35,76 теңге, 1995 ж. – 60,93 теңге, 1996 ж. – 67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсіптің сыртқа шығаруға бағдарланған бірқатар салаларында өндіріс жанданды. Әлеум. аядағы қаржы-экон. қайта құрулар қаржы жүгін респ. бюджеттен жергілікті бюджетке беру, көрсетілетін әлеум. қызметтердің сапасын арттыру, әлеум. сала мекемелерінің қызметіне жаңа экон. бәсекелестік қатынастарды енгізіп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздері мен көлемдерін ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Төртінші кезеңде (1998 – 99) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан – 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентінің “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы – ҚР-ның ұзақ мерзімдік стратег. дамуының тұжырымдамалық негізі – даму бағыттары және елдің дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның міндеттеріне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетіп, әлемнің ең дамыған 20 елінің қатарына қосылуға тиіс (қ. Қазақстан – 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүз. қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ мерзімді стратегияның алдын-ала белгіленген кезеңін іске асыру мақсатында Президенттің 1998 ж. 28 қаңтардағы Жарлығымен ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспары бекітілді, ол дүниежүз. қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын сауықтыру жолымен экон. өрлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік аяны реформалауға, белсенді әлеум. саясат жүргізу жағдайында ел экономикасына жұмсалатын инвестицияларды көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде теңгенің өзгермелі бағамы енгізілді (1 АҚШ долл. 1998 ж. – 78,29 теңгеге, 1999 ж. – 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзі 1996 жылмен салыстырғанда 12%-ға азайған (1998) өнім экспортын ынталандыруға мүмкіндік берді. 1999 ж. экспорт көл. 5592,2 млн. АҚШ долл-на жетті; Бұл кезеңде тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жалпы ішкі өнім 74891,6 млн. АҚШ долл-нан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долл-на (1999) көбейді. Жалпы ішкі өнімнің нақты көл. 2,7%-ға артты. Бұл кезеңде зейнетақы реформасы (ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу) жүргізілді, ол ішкі қорлануды одан әрі ұлғайтып, ішкі инвесторлардың қалыптасуына жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жетті, бір жылдан кейін ол 2,7 есе көбейді (64504 млн. теңге). Бесінші кезеңде (2000 жылдан қазірге дейін) Қазақстан экон. өрлеу жолына түсті. ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын іске асырудың оң тәжірибесі бюджеттік-қаржылық өзара іс-қимыл мен реттеудің жаңа қағидаларына негіз қалады, оның серпіні мына мақсаттармен айқындалды: 2000 – 02 ж. орт. және жергілікті атқарушы органдар арасында қаржы-экон. міндеттерді бөлісу; 2001 жылдан бастап елдің экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнім жыл сайын өсіп отырды: тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 2000 ж. – 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. – 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы ішкі өнім көлемі бұрынғыдан 9,5%-ға көбейді. 1999 – 2000 ж. бейқаржылық активтер негізінен шетелдік инвестициялардан құралса (тиісінше 57% және 51%), 2001 ж. ішкі инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жетті. 2000 – 02 ж. елдің экон. дамуы үшін инвестициялық мүмкіндіктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келісімшарт жасалды, негізгі капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық міндеттеме қабылданды. 2001 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгені құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттің Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратег. жоспары” бекітілді. Қазіргі кезде 2010 стратегиясы (2001), Үкіметтің 2002 – 04 ж. арналған іс-қимылдар жоспары (2002) және соның негізінде әзірленген 2003 – 05 жылдарға арналған респ. бюджеттің болжамдық көрсеткіштері (2002) экономика үшін негіз ретінде басшылыққа алынып отыр. Негізгі мақсат – бәсекелестік қабілеті күшті экономика құру, жалпы ішкі өнімді 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейту. Мұндай ілгерілеуге стратегиялық салаларды – мұнай-газ секторын, энергетика мен агр.-өнеркәсіптік секторды оңтайлы реттеу жолымен қол жеткізіледі. ҚР-ның 2003 – 2005 жылдарға арналған мемл. агр. азық-түлік бағдарламасының қабылдануы осыны қуаттайды. Бұл бағдарламада негізгі басым бағыттар көрсетілді, олар: елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; агр. бизнестің белсенді жүйесін қалыптастыру; ішкі және сыртқы рыноктарда а. ш. өнімін және оның ұқсатылған өнімдерін сату көлемін ұлғайту; а. ш. өндірісін мемл. қолдау шараларын ұтымды ету. Соңғы екі жылдағы экон. өрлеу Қазақстандағы әлеум. ахуалға дұрыс ықпалын тигізді: жұмыссыздық қысқарып, халықтың кедей топтарының үлесі азая түсті. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 12 жылдың ішінде Қазақстанда әлеум., зейнетақы жүйесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргізілді, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендірілді, жер реформасын жүргізу үшін жағдай жасалды.

23. Меншік құрылымы және эконогмикалық мазмұны. Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат. Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы. Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі. Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі. Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі. Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу. в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді. Сонымен қатар, меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктермен де сипатталады: а/екі жұп категорияларының өзара байланысы :(меншіктеу) иемдену шеттету; ә/жекелену қоғамдастыру сияқты жұп категориялардың өзара байланысы ; б/өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі ; в/ табыстарды уйлестіру тәсілі г/субъектілік обектілік талдау 1. Иемдену деген қандай да бір қатынас субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес , субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді. 2. Оқшауландыру деген әрбІр тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады. 3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы. Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдерін сипаттайды. Бұл жағдайда , бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады. Өндіріс құралдарын меншіКтеуші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін , бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі: бірінде өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін , өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату сатып алу актісінен кейін , яғни тауар ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады. 4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылад 5.Меншік субъектілері жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері : өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады. Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқылық формада да дами алады. Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады . Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

24.Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын – экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен Экономикалық жүйе – мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.

25.Экономикалық жүйелердің белгілері..Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы, т.б

26.27. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады: Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық 1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады. 2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.Қоғамдық шаруашылықтың формалары:натуралды,тауарлы.Ақшаның мәні және қызметі.1,Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық. 2. Тауарлы шаруашылықтың мәні. 3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері. 4. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы Мақсаты: Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.

28 Натуралды шаруашылық: негізгі белгілері мен даму кезеңдері Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:  өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;  өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі. Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі. жеке меншіктің болуы; Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық 1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады. 2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

29 Тауар шаруашылығы,Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердіңбір-бірінен оқшаулануы.Ал, жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты болады.Тауарлы өндіріс натуралды шаруашылықтың даму арқасында дүниеге келді.Негізінен тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірімен оқшаулануы. Тауар айырбасы қауымдар арасында кездейсоқ кездескен жерлерде пайда болып, кейін әдетке айналады. Тауарлы өндіріс жағдайларында адамдар арасындағы “таза” қатынастар еңбектерінің нәтелерін айырбастау түрінде көрінеді.Бұл ерекше бір қатынастар, әрбір жеке еңбекті қоғам тарапынан жанама жолмен жонудың түрі.Ол өнім өндіруге жұмсалған еңбекті айырбас өрісінде өлшеу тәсілі. Тауарлы өндірісі алдымен қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеу арқылы дүниеге келді. Жекелеген өнімдерді өндіруге мамандану өндірушілер арасында өнімдерін айырбастауды қажет етсе, өндірісті мамандыру еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.Сөйтіп, өнімді айырбастау натуралды шаруашылықтың орнына тауарлы өндірістің келуіне басты себепші және алғы шарт болды.Тауарлы қатынастардың әлеуметтік-экономикалық негіздеріне тоқталайық. Олардың ең бастысы – қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Әрбір өндіруші қоғамға қажетті өнімдердің белгілі бір түрлерін өндіруге мамандалады да, соның арқасында еңбек өнімділігін артып,молырақ табысқа ие болады. Еңбекші негізі – жеке меншікке байланысты өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы және өндірген өнімдерін еркімен өз қажеттеріне пайдалана алу осы жағдайлар тауарлы өндірісті қажет етеді және оған негіз болады. Сөйтіп, еңбектің нәтижесі тауарға айналады да, қоғамдық өндіріс тауарлы өндіріс түріне көшеді.Тауар айырбасы рынок арқылы болатын жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді. Тауарайырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды, экономикалық процесс. Олай болса оның түпкі тамырын адам табиғатынан инстинктімен емес, олардың өмірінің экономикалық жағдайынан іздеген жөн.Тауар өндірісі деп өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін, оның үстіне олардың әрқайсысы қайсібір өнімді өндіруге маманданатын, сөйтіп, қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу қажет болатын қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады.Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі.Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлінісінің орын алуы жеткіліксіз. К.Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек бөлінісі жақсы дәрежеде орын алған қауымныңбір түрі.Онда еңбек бөлінісінің іріленген 9 түрі болған. Өнімдер сауда – саттықсыз қауым мүшелеріне тегін бөлініп ортақ меншікке болған. Кейініректе өндірілген өнім, құрал ө жабдықтар нақтылы біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем өзгерген. Енді ешкім бір-біріне ештеңені тегін бермеген. Мүлік иелерінен тегін беруді талап ету мүмкін болмаған. Өйткені, әрнәрсе әркімнің жеке меншігіне өтті ғой. Бұлар бір-бірінің ризашылығымен өздерінің қажеттерін қанағаттандыру мақсатындатауар аиырбас қатынасына түседі.Сөйтіп, өндіріс құралдарына жеке меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму процесін жеңілдетеді.Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірісінің ерекше моделі сәйкес келеді:1. Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі;3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;4. деформацияланғанрыноктың тауарлы өндірісі;1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуы, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезенде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі (рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды. Ол жалпы ортақ сипат алады, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:а) Адамның жұмыс күші тауарға айпалады және өндірушінің өз еңбнегінің орнына жолдамалы еңбек келеді;

б) Қоғамдық өмірдің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналады.Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталғандықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе “еркін экономика” деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы оны “таза” –Laisser faire, яғни “қалай жүрсе солай жүрсін” дегенді білдіреді.Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық экономика деп атауға негіз болды. Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.Бұл екеуінің елдегі барлық ресурстар мен материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктың экономикаға араласқанымен, рыноктың реттеуші ролі-“көрінбейтін қолды” жоққа шығарылмайды.Реттелетін рынок экономиканың монополияландыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасаты. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалары жатады.Реттелетін рыноктың тауарлы шаруашылықтың бірнеше моделдері бар:а) Әлеуметтік рыноктық шаруашылықб) Аралас экономикав) Корпоративтік экономикаОлар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатын бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты міндет- азаматтар мүддесін қорғау. Біріншісі- көбінесе Германияға, екіншісі- АҚШ-қа, үшінші модель- Жапония мен Швецияға тән.4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшіл э кономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді.

30 Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.Нарық экономикасының бірінші элементіНарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.Нарық экономикасының екінші элементіНарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.Нарық экономикасының үшінші элементіНарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.Нарықтық экономиканың мақсаттары: 1. жұмыспен толық қамтылу 2. экономикалық өсу 3. бағаның тұрақтылығы 4. экономикалық еркіндік 5. теңдік. 6. тиімділк.Нарық экономикасының төртінші элементіНарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.Нарық экономикасының бесінші элементіНарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.Нарықтың маңызды элементтері. Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді: маржиналдық (шекті) талдауға; балама тандау шығындарына; экономикалық рационалдыққа.

31 Тауар және оның қасиеттері Тауар өндірісінің өзекті категориясы - тауар болып табылады. Оның мәнін әртүрлі түсіндіреді. Солардың ішіндегі басты екеуіне тоқтайық.I. Маркстік теорияда, тауар - сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұл анықтамадан туындайтын салдарлар:

а)тауар деп адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыратын заттарды айтады;б) тауар деп еңбек жұмсалған заттарды айтады. Мысалы, ормандағы жидектер оларды жинаушылар үшін тауар болмайды, бірақ оларды жинауға еңбек жұмсалған соң, олар тауарға айналады.в) тауар деп сатуға арналған заттарды айтады.II. Австрияның экономикалық мектебі (оның көрнекті өкілі К.Менгер) тауар айырбасқа арналған игіліктердің ерекше түрі деп анықтама береді.Экономикалық игіліктерге, К.Менгер, шектеулі мөлшерде кездесетін - экономикалық қызметтің объектілері мен нәтижелерін де жатқызды.Бұл анықтаманың екеуіне де ортақ тұжырым бар, олар тауарды еңбек өнімі ретінде қарастырады. Ерекшелігі, екінші анықтамада шектеулі игіліктер мен шексіз қажеттіктердің арақатынасы ескеріледі, ал бірінші анықтамада бұл мәселе қарастырылмайды. Бұл концепцияларда әртүрлі көзқарастардың болуына қарамастан, олар тауар - еңбек арқылы жасалған өнімдер және адамның нысаналы мақсатты еңбегі жұмсалған дайын табиғи заттар, сонымен бірге түрлі қызмет көрсетулер де тауарға айналатынын дәлелдейді. Әрбір тауардың тұтыну құны болады. Ол өндірушінің емес, басқа адамдардың қажеттіктерін өтейді, яғни оның қоғамдық тұтыну құны бар. Тауар өндірушіге ең қажетті нәрсе өз тауарының басқа тауарларға айырбасталу қабілетінің болуы.

Тауардың өзінен басқа тауарларға белгілі пропорциялық мөлшермен айырбасталу қабілетін оның айырбас құны деп атайды. .Қызмет көрсетулердің ерекшелігі, олардың өздеріне тән натуралды-заттай формасы болмайды, бірақ пайдалы әсерлері бар және адам қызметінің нәтижесі болып табылады. Тауарлардың материалдық және материалдық емес сипаттары болады. Тауардың екі қасиеті бар:а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны. Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді. Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.

Шектеулі пайдалылық теориясын жақтаушылар - айырбастың негізін пайдалылық құрайды деген пікірді ұсынады. Шығындар тұжырымдамасының өкілдері тек шығындар арқылы ғана құнды анықтауды қолдайды. Енді осы аталған тұжырымдамаларға арнайы тоқталайық. Құнның еңбек теориясы XVIII және XIX ғғ. аралығында қалыптасты. Оның іргетасы саяси экономия классиктерінің еңбектерінде қаланған, олар құнды тауарды өндіруге жұмсалған еңбек арқылы анықтайды. К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамдық абстракті еңбек, құнның негізін құрайды дейді. Маркстің пікір бойынша, тауар өндіруші еңбегінің екі сипаты болады. Бір жағынан, бұл еңбектің нақты түрі. Ол жұмыскердін кәсіпқой біліктілігіне, қажетті еңбек құралдарын пайдалануына байланысты болады және нақты нәтижеге қолы жетуімен, яғни белгілі бір тұтыну құнының жасалуымен сипатталады. Осылайша жұмсалған еңбекті нақты еңбек деп атайды. Екінші жағынан, бұл еңбек өзінің нақты жұмсалу формасы болмайтын, жиынтық қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі, яғни ол жалпы жұмыс күшінің жалпылама жұмсалу процесі болып табылады. Мұндай еңбекті абстракты еңбек деп атайды. Ол құнды жасайды, өйткені ол сан алуан мамандардың еңбектерінен құралады және әртүрлі тұтыну құндарын бір-бірімен, өзара теңестіруге мүмкіндік беретін жалпылама категория.

Құн мөлшерін анықтауға байланысты әртүрлі көзқарастар қалыптасты. А.Смит құн мөлшерін жұмыс уақытымен анықтады. Ал Д.Рикардо нашар өндірістік жағдайдағы тауарды өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы құн мөлшерін іскерлік пен еңбек интенсивтілігінің орташа деңгейіне негізделген, қоғамдық өндірістің қалыпты жағдайында өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті жұмыс уақыты арқылы анықтады.

Пайдалылық теориясының іргетасын қалаған австрия мектебінің өкілдері (К.Менгер, Е.Бем-Баверк, Л.Вальрас, У.Джевонс және т.б) құнның мөлшерін сатып алушының субъективті баға беруі арқылы анықтайды. Тауарға субъективті баға беру екі факторға, яғни: қолдағы бар игіліктер қорының көлеміне және оған деген қажеттіктердің қанығу дәрежесіне тәуелді болады.

Мысалы, шөл жерде қалдыңыз және өте шөлдедіңіз делік. Бұл жағдайда ең қымбат, әрі сирек зат, сіз үшін өте пайдалы, әрі тәтті – су, бірақ суды ішіп, шөліңіз басылғаннан соң, сіз үшін судың пайдалылығы кеми береді. Ең соңғы ішкен бір шыны судың сіз үшін пайдалылығы бірінші шыныдан төмен.Сонымен, шектеулі пайдалылық деп - тауарлар мен қызмет көрсетулердің әрбір келесі кезектегі үстеме мөлшерінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығын айтады. Ол - -жалпы пайдалылықтың көлемін тұтынудың өзгерген мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.

Шығындар тұжырымдамасы Джеймс Милльдің, Мак-Кулохтың еңбектерінде орын алған. Олар өндіріс шығындарын, яғни өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығындар арқылы құн мөлшерін анықтауды ұсынды. Осы аталған үш теорияны біріктіруге А.Маршалл. Дж.Кларк, П.Самуэльсон ұмтылыстар жасады.

Олардың ішінде А.Маршалдың концепциясы сәтті шықты, ол құнды жасаудың тек жалғыз ғана себебін іздестіруден бас тартты, ол алдымен шектеулі пайдалылық теориясы және сұраныс пен ұсыныс теориясын өзара біріктірді және оларға өндірістік шығындар теориясын қосты. Осылайша жасалған оның зерттеу әдісінде - пайдалылықтың, сұраныс пен ұсыныстың, шығындар мен бағалардың өзара әрекеттесу нәтижелері арқылы – бағаны анықтау проблемасы өз шешімдерін тапты.

32 Құн заңы– тауар өндірісі жағдайында өндірушілер арасындағы байланыстарды, қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін объективті экономикалық заң. Бұл заңға сәйкес тауарлар өзінің құны негізінде өндіріліп айырбасталады, ал бұл құнның шамасы қоғамдық қажетті шығындармен өлшенеді.

Құн — тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты; бір заттың ақшалай құндылығы немесе оған жұмсалған шығынның мөлшері. Құнның ақшалай көрінісі (баға) және құн санатының анықтамасы — экономикалық теория мен тәжірибенің негізгі мәселелерінің бірі. Экономика ғылымында бұл мәселеге екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Классикалық және маркстік теорияда құн жеке адамға қатысы жоқ санат ретінде қаралып, ұсталған не жұмсалған шығын бірінші орынға қойылды. Еңбек құны теориясы тұрғысынан ол тауар түріндегі затқа айналған сапа жағынан бір текті абстрактілі қоғамдық еңбек болып табылады. Құн тек айырбас үдерісінде ғана жұртшылыққа танылған жеке еңбек өнімдеріне, яғни қоғамдық тұтыну құны бар тауарларға тән. Тауар құнының мөлшері рынокта еркін белгіленеді және қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен айқындалады. Құн ақшаға айналдырылып бағаланатындықтан, нарықтық экономикада жетекші рөл атқарады. Құн заңы — нарықтық шаруашылықтың реттеушісі, ол тауар өндірісінің, нақты және заттанған еңбек бөлінісінің барлық үйлесімін баға арқылы айқындайды.

аңа классикалық мектеп құнды пайдалы нәтиже деңгейімен айқындалатын және белгілі бір уақытта мұқтаждыққа айналып отырған пайдалы, қажет нәрсенің сирек кездесетіндігіне тәуелді субъективті санат деп есептейді. Құнды тек жұмсалған шығынға ғана жатқызуға болмайды деп есептейтін экономикалық теорияның бұл бағытын экономистердің көбісі қолдайды. Құн мәселесін шешуге принципті жаңа көзқарасты — шекті пайдалылықты талдау көзқарасын таратушылар: ағылшын У.Джевонс (1835 — 82) пен А.Маршалл (1842 — 1924), австриялық К.Менгер (1740 — 1821), Ф. фон Визер (1851 — 1921), Э. фон Бм-Баверк (1851 — 1914), швейцариялық Л.Вальрас (1834 — 1910), америкалық Дж.Б. Кларк (1847 — 1938), швед К.Виксель (1851 — 1926). Мұндай көзқарас құндылық белгілі бір затқа тән нәрсе емес, ол тек заттың пайдалылығы туралы және оның біздің мұқтажымызға қаншалықты сай келетіні туралы түсінігімізді көрсетеді деген пайымдауға негізделді. Құн теориясындағы басты жаңалық — игіліктің жиынтық пайдалылығы мен шекті пайдалылығының ара жігін ажырату. Белгілі бір игілік бірлігінің әр түрлі құндылығы болуы мүмкін емес. Сондықтан құн игіліктің шекті мөлшерімен айқындалады. Құн теориясындағы бұл төңкеріс маржиналдық (фр. margіnal — шекті) деп аталады.