Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.85 Кб
Скачать

1. Сөйлемді толықтырыңдар

Ата-аналарды ............ .............. ............... ............... ............... ............. .................. өз балаларының ............. ............. ........... ............. .............., ................... ............. .............. ............, ........... ............., ............... ............... ............... қарым-қатынасын зерттей алады.

Ата-аналарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатыстырудың маңызды нәтижесі ата-аналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады.

2. Кестені толтыр, сипаттама бер

Балабақшаға «ішкі ашықтық» беру дегеніміз...

педагогикалық процессті еркін, дифференционалды қылу, балалар, педагогтар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру.

«Балабақшаның сыртқа ашықтығы» дегеніміз...

бала-бақша микросоциумның , өз микроауданының әсерін қабылдауға дайындығы, территориясында орналасқан соционалдық институттармен яғни, жалпы орта мектеппен, музыкалық мектеппен, спорттық кешенмен, кітапханамен т.б. бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.

Дифференциация тестілеу, анкеталау түрінде отбасын зерттейтін белгілі бір бағдарламамен жұмыс істеулері керек...

  1. Отбасы құрылымы (қанша адам, жасы, білімі, мамандығы),

  2. Отбасының психологиялық климаты (өзара жеке қарым-қатынас, сөйлесу стилі).

3. Анасының, әкесінің отбасындағы әлеуметтік статусы, тәрбие процессіне қатысу деңгейі, баланы тәрбиелеуге деген ынтасы

4. Отбасының тәрбиелік климаты (мақсаттарды мойындау, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы не болмауы)

3. Америкалық зерттеушілер отбасы мен балабақшаның өзара іс-әрекетінің алты түрін атап көрсеткен:

1. Балабақша ата-аналарға үйде бала дамуы үшін жағдайлар жасауына көмектеседі, сәбимен қарым-қатынас дағдысына оқытады, дұрыс тамақтану және қоғамдық қызметтерге байланысты ақпараттар береді.

2. Балабақша ата-аналарға бала дамуы туралы ақпарат ұсынады. Ата-аналар мен педагогтар кездесуі ұйымдастырылады, пошталық хабарламалар қолданады және балабақша сайты жұмыс істейді.

3. Ата-аналар балабақша жұмысына, сыныптан тыс сабақтарға тартылады. Олар балаларды тоқуға, сурет салуға үйретеді, оқып береді, сабақтарды ұйымдастыруға көмектеседі және өзге де іс-шараларға қатысады.

4. Балабақшада ата-аналар балалармен сабақтың оқу жоспары туралы және осы жоспарды үйде жүзеге асыру мүмкіндіктері туралыақпарат алады. Бұл жағдайда балабақша ата-аналарды қажетті оқыту материалдарымен қамтамасыз етеді.

5. Ата-аналар балабақшаны басқаруға тартылады. Бұл жағдайда бюджетті жоспарлайтын және балабақша қызметкерлерін жалдау саясатын анықтайтын қамқоршылық кеңес құрылуы мүмкін.

6. Балабақша мен ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін оқыту бағдарламаларын қолдайтын және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қоғамдық ұйымдармен тығыз қызмет етеді.

4. МДҰ мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар Көптеген жылдар бойы мемлекет өндірістік және қоғамдық жұмыстарды алға қойып соның нәтижесінде ата-аналарды өз балаларының тәрбиесінен алшақтатқанмен қатар, өз балаларына деген жауапкершілікті алып, бала тәрбиесін қоғамға жүктеді. « Мен жұмыстамын, баланың тәрбиесімен айналысуға менде уақыт та, арнайы білім де жоқ », - бұл ойды бүгін де естуге болады.Материалды және жанға қатысты сұрақтардың арасындағы шешімі әлі табылмаған қайшылықтар, сонымен қатар отбасылық және өндірістік жауапкершіліктердің арасында әйелдер ананың беделін түсіреді, ал « әке болу, әлеуметтенудің маңызды институты ретінде құрып кетті».Тәрбиешіге деген сенім жоқ, ата-аналарға балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ұнамайды, және балабақшадан соң балаларын гимназияларға, лицейлерге, авторлық мектептерге береді, соның өзінде балалар да, ата-аналар да ешқандайтілексіз балабақшаға барады.Балабақшалар әлі күнге жабық мекеме болып қалуда, ата-аналар нашар немесе мүлде тәрбиелеу, оқыту құрылымын түсінеді, сондықтан олар тәрбиешілерге кеңес беруге, көмектесуге қырлары жоқ. Бұл ата-аналар-сырттан бақылаушылар.Ата-аналардың кейбір бөлігін сырттан бақылау ролі ұнатпайды. Олар МДМ-нің дамуына үлес қосады, өз ұсынытарын,тілектерін, талаптарын алға тартады, нәтижесінде «әлеуметтік тапсырыс» құрады. Бірақ бұл жерде де проблеме пайда болады: Мұндай «әлеуметтік тапсырыс» музыка, би, шет тілдеріннен алшақ; ол көбіне сәнге жақын. Тәрбиеші шын мәніндегі әлеуметтік тапсырысты құруға көмек бере алады.Ата-аналар мен педагогтар өздерін бір ойлы әріптестерміз деп сезінбейді, көбіне олар әрқашан бір-бірін түсінбейтін оппоненттар.

5 «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»Ата - ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұзды бесік таянған, -да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.ін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата - ананың қадір – қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата - ананың үміт - арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала - шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата - ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып - қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет! Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата - ананың алдында адамның парыз - міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата - ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады. Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата - анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейтіні содан шығар.Ата - ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы - ақ бала ата - анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата - ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі фтағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.

6 Билет1.

Сөйлемді толықтырыңдар

Мектеп жасына дейінгі балалардың ........... ............ ............ ............... ................. ............. ................ ................. ................. .................. .............. өзара іс-әрекеті бірлігінің ............... ................. ................ .................... ............ байқауға болады.Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалықпринципінегізіндежүзеге асыруда байқауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]