Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.85 Кб
Скачать

1. Сөйлемді толықтырыңдар

.......... ............ ............ мекеме педагогтары ......... ................ ............ ........... ................ ............ ........... жұмыс бағытында ............. ............. болады.

Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады

2. .Кестені толтыр, сипаттама бер.

Ата-аналардың наразылығы...

Жұмыстың мақсаты түсіндірілмегенде;

Біріккен жұмысты жоспарлауда ата-аналар қатыспады. Ата-аналарға кез-келген өзгешеліктерді қолдау тән, егер олар дайындыққа қатысса. Біздің барлығымызға өз кеңестерімізге құлақ асу тән;

Ұжымның дәстүрлері жауапсыз қалады. Жұмыстың әдеттегі жағдайына қалыптасу керек, мысалы ата-аналар жиналысының мүмкіндіктері қолдану;

Өткізілетін жұмыс қосымша энергетикалық ресурстарды қажет етеді, кететін уақыттың көбеюімен қауіпті;

Бәрі онсыз да жақсы сияқты («бұның бәрін неге ойлап тапты?»);

Жұмысты ұйымдастырушы сенім мен құрметке ие емес. Өкінішке орай біз жиі жобаның өзіне емес, оның авторына қараймыз.

Бірігіп жұмыс жасау ...

бұл тең дәрежеде қатынас жасау, мұнда ешкім бұйрық беріп бақылап, бағалай алмайды.

«Отбасы – МДМ» деген контекстегі бастысы ...

сәттіліктер, сәтсіздіктер, сенімсіздік, белгілі бір отбасындағы баланы тәрбиелеудегі қиындықтар. Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жаңа формаларына ену үшін балабақша ашық системамен жұмыс істеу керек.

3. Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі төмендегілер куәлік етеді:

- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;

- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар;

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;

- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;

- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы, тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың ойлануы;

- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.

4. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сауаттандырудың имперактивті әдістері

Тиімді технологиялар: балалар мен ата-аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз-конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата-аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтары, практикалық психологтары, мектеп және басқа оқу орындары педагогтарының, қоғамдық-мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру. Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау. Бұл мәселелер бойынша диагностика бірнеше қызмет атқарады:

  • белгілеуші (ақпараттық);

  • болжамдаушы (мектеп-отбасы өзара әрекеттесуінің дамуын болжау);

  • құндылыққа-бағдарланған (бағалаушы);

  • дамытушы (тәрбиелік).

Диагностика нәтижелеріне дұрыс талдау жасау маңызды. Оларды белгілеу формаларына: кестелер, диаграммалар құрастыру; сипаттамалар құрастыру; диагностикалық карталар, күнделіктер жүргізу жатады.Еліміздің білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасы өзара іс-әрекеттерінің тиімді де нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері: Ата-аналар жиналысы. Бірлескен әрекеттерді, педагогикалық көзқарастарды келісу, проблемалар туралы бірін бірі хабардар ету, қол жеткізген нәтижелерді талдау.Педагогикалық практикум. Шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау, тәрбие әрекетіндегі олардың білім, біліктерін келісу.Отбасыларына бару. «Отбасы» рейдін ұйымдастыру. Баланы және ата-ананы отбасы жағдайында зерттеу, отбасы ахуалымен танысу. Қажет болған жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық бұзушылықтың алдын алу фкеңесіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясына, немесе инспекциясына).Психологиялық-педагогикалық кеңестер. Отбасыларға проблемалық жағдаяттан шығар жол іздеуде көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру, жауапкершілігін арттыру және оның әлемді шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру. «Сенім телефоны» қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. Абоненттерге дағдарыс жағдайынан шығуы үшін шығармашылық, тұлғалық, рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек.Психологиялық-педагогикалық консилиум. Бала дамуы, оның мінез-құлқын түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе отырып талқылау. Баспасөз конференциясы. «Сұрақ-жауап» түріндегі қатынас, ата-аналар және педагогтардың психологпен, әлеуметтік педагогпен, құқық қорғау және әділет органдары өкілдерімен кездесуі. Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі).Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау. Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың демалысын ұйымдастыру. Педагогикалық ринг. Педагогтар мен ата-аналардың зияткерлік, педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру. Ата-аналар хабаршысы. Мектеп оқушыларының даму, оқу, отбасы тәрбиесі мәселелерін баяндау.Ашық есік күні. Танысу, тәжірибе алмасу, ата-аналарды мектептегі оқу- тәрбие процесіне қатыстыру.Кіші педагогикалық кеңес. Мектептің өзекті мәселелерін шешу ісіне ата-аналар жұртшылығын тарту.Ата-аналар комитеті. Ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие, мәдени-көпшілік және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге қатыстыру.Мектеп кеңесі. Жұртшылықтың, ата-ана, педагогтік және білім алушылар ұжымдарының мектепті басқару, мектептің тиімді жұмыс жасауы мен дамуы үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы.Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Бірлескен мәдени демалыс ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.

5. Ата-ананың қадірін білеміз бе?

Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар - ол ата-анаң. Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да ата-анаң. Жабыққан, сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып, қолтығыңнан демеп, жұбатып, үлкен армандарға жетелейтін, нұрға толы жүрегімен үмітіңді келер күнге жалғайтын да ата-анаң. Өмірдің түрлі белестерінде ауыр қиындықтарды арқалап баласы үшін барын арнап, қамқорлық жасап, жақсы тәрбие беруге ұмтылып, сол үшін қара шаштарына ақ түсіретін, баласы үшін әр нәрседен тайынбай от пен суға бірдей түсетін ата-ананың бұл өмірдегі атқарар жүгі тым ауыр.Адам өмірінің салиқалы да салтанатты, баянды да бақытты сәттері, Ата-ананың тәтті мейіріміне бөленіп ананың ыстық құшағы мен әкенің аялы алақанында өсіп, есейіп ер жету болып табылады. Сондай-ақ ата-ананың көңілін тауып, айтқан ақылын тыңдап, арқалатқан ауыр үмітін ақтауға құлшынып, өмірдің қиын-қыстау кездерінде ата-анаға көмекші болып, қол ұшын беріп, қолдан келгенше көмек жасау, оларды ренжітпей бар разлығын алып, ақ батасына бөлену алу әр бір мұсылман баласының айырықша міндеті, үлкен парызы.Жер бетіндегі барлық адам баласы бір Алланың шапағатымен ата-анадан тарап, ананың ақ сүтінен нәр алып, солардың аялы алақанында өсіп-өнетіні әмбеге аян. Сол аралықтағы ата-ананың балаға деген махаббаты, баланың аяулы ата-анасына деген махаббаты шексіз, өз ара аса терең сүйіспеншілік мәнге ие. Бала ата-ананың бауыр еті бар қызығы мен қуанышы өмірінің жалғасы болса, Ата-ана баласы үшін өмірдегі паналайтын ұлы қорғаны, арқа сүйер асқар тауы, нұрын төккен күндей ыстық, аса қамқоршы әрі жан күйер жақыны. Әр бір ата-ананың тәтті мейірімі, терең махаббаты, ыстық құшағы, аялы алақаны баласы үшін ең үлкен бақыт, мол қуаныш, шексіз ләззат бағыштаушы тамаша бір тылсым күш. Бала адам болып қалыптасып ақ ниетті де адамгершілікті, көркем мінезді болып, адамдық жақсы қасиеттерге ие болуына  ата-ананың балаға деген ыстық мейірімі айырықша әсер етеді. Ал ата-анасының мейіріміне бөленбей олардың аялы алақанында өсіп, ықылас батасын ала алмаған балада адамдық жақсы қасиет те, адамгершілік те жоқ. Сондықтан да халқымыз «Әке асқар тау, Шеше қайнар бұлақ, Баласы жағасындағы құрақ» деп, бір-біріне тікелей байланыстыра айтуыныңда мәні сонда.Баланың кем-кетіксіз жарамды адам боп әдепті әрі тәрбиелі, иманды болып есейіп ер-жетуі ата-анаға тікелей байланысты. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» дегендей Отбасы ынтымағы, ата-ана тәрбиесі бала өмірінің баянды бақытының негізгі тұғыры. Әр жанұяның көркі мен бақыты бар шаттығының көзі болып табылатын бала ата-анаға Аллаһ Тағаланың берген аманаты. Ата-ана баласының тәрбиесі үшін Аллаһ Тағаланың алдында және халқының алдында да жауапты. Пайғампарымыз (с.а.у) хадисінде «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін атап көрсеткен. Сондықтан да Отбасы бақытының негізгі екі тірегі Ата-ана. Баласының жарқын болашығы мен бақыты үшін, түн ұйқысын төрт бөліп тыным таппай шарқ ұрған ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай болатындығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ата-ананың қадірін біліп оларды разы етіп, алғысын алу жаратушы Алланың да рахымдылығына бөленіп, алғысын алумен бірдей деп білгендер – бұл дүниеде де, о дүниеде де бақытты жандар, ал оларды өздеріне жүк санап, көңілін ауыртып ренжіткендер – өз келешегінің бақытын байлағандар. Пайғампарымыз (с.а.у) хадисінде: «Аллаһ барлық күнәлардан қалағанының жазасын қиямет күніне қалдырады. Бірақ ата-анаға көрсетілген қарсылықтың жазасын өлместен бұрын тартқызады» деген. Олай болса Ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет көрсетпеу Аллаһ Тағалаға қарсы келумен бірдей кунә.

Қарауыл Қанай шешен «Ер басында бақыт бесеу: Астыңдағы атың жүрдек болса – жалғанның пырағы. Алғаның жақсы болса – үйің мен қонағыңның тұрағы. Балаң жақсы болса – екі көздің шам – шырағы. Әкең – асқар тау, шешең аққан бұлақ. Міне, бес бақыт осы» - деген екен... 

Баланы өмірге әкеп оның адам болуына дейінгі, өмірде тарқан тауқыметіне қарай әкеге қарағанда шешенің ақысы көбірек. Міне, осындай тартқан тауқыметінің ауырлығына қарай ананың құрметке бөлену дәрежесіде ерекше болмақ. Анаға құрмет көрсету жайлы айтылған мына бір хадис көпшілікке мәлім. Пайғампарымыз (с.а.у) ға бір кісі келіп «О, Алланың елшісі! Кімге жақсылық жасайын» деп сұрағанда, ол «Анаңа» деді. Ол кісі қайталап сұрағанда тағы да «анаңа», үшінші рет сұрағанда да «анаңа» деп жауап берген. Тек төртіншісінде «Әкеңе»,-дейді. Жалпы Ислам діні әйел затына ана болу сипаты арқылы ең жоғарғы және қымбатты дәрежені берген. Ана, баласын жарық дүниеге келгенше құрсағында көтерсе, жарық дүниеге келген кезден белгілі бір уақытқа дейін аялы алақанында, содан кейін ғұмыры таусылар уақытқа дейін жүрегінде алып жүреді. Бұл тек анаға тән қасиет.

Міне осылай баласының жарқын болашағы мен жырғаулы тіршілігі, баянды бақыты үшін отқа да, суға да түсіп, ыстығы мен суығына көніп, мәпелеп өсіріп, жылы мейіріміне бөлеп, бауырына басқан ата-ана қартайған шағында тап жас баладай өзгелерге мұқтаж болып дәрменсіз күйге түседі. Одан арғысы енді балаға сын. Бізді жарамды адам етіп аялап бағып-қаққан ата-анамызға бізде сондай мәміледе қарап, қолдан келгенше көмек көрсетіп, құрметтеп, айтқан ақылын алып, айырықша сый-құрмет көрсетуіміз шарт.

Пайғампарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Аллаһ Тағаланың разлығы ата-ананың ризашылығында, ал Аллаһ Тағаланың разы болмауы, ата-ананың назарлығында»- деп ескерткен болатын. Егер екі дүниеде де бақытты болуды қаласақ, ата-анамызды разы қылып олардың шынайы ықыласын алуымыз керек. Сонда ғана шынайы бақытқа, мәнді де мағаналы өмірге қол жеткізе аламыз. Пайғампарымыз (с.а.у) тағы бір хадисінде: «Әке-шешесі қолында қартайып, жаннатқа кіре алмағанның жағыдайы қандай өкінішті» - дейді. Негізі Аллаһ тағала біздің жаннатқа кіру үшін де шексіз мүмкіндіктер сыйлаған. Бұл Аллаһтың аса мейірімді екенін танытады. Солардың бірі ата-анаға құрмет. Ата-анамызға лайықты құрмет көрсету арқылы – біздің жаннатқа кіруімізге болатындығын атап көрсеткен.Олай болса қазіргі таңда ата-ананың қадірін білмейтін әуелі оларға қарсы келетін, айтқан ақылын тыңдамайтын, көктен аяғы салбырап түскендей керден басып кеудесін қаққан кейбіреулерге Аллаһтың қаһарынан қорқыңыздар, «ата-ана разы болмай, Аллаһта разы болмайды» дегенді айтқымыз келеді.

5 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]