Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.85 Кб
Скачать

1. Сөйлемді толықтырыңдар

Педагогтар ......... ............. ..................... жаңа формаларына ........ ............. ........... .......... ............. жұмыс істеу керек

Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынасының жаңа формаларына ену үшін балабақша ашық системамен жұмыс істеу керек.

2. Кестені толтыр, сипаттама бер.

  1. Кестені толтыр, сипаттама бер.

Ата-анамен жұмысты тиімді ұйымдастыруға бөгет жасайтын факторлары ...

Тез әрі оңай сәттілікті тосу( киын сұрақтарға оңай жауап іздеу)

Топтық өара әрекеттесуінің тәжірибесінің жоқтығы

Педагог пен психологтан мүмкін емес өте жоғары қорытынды;

Дұрыс емес қалыптасқан топтар (атап айтқанда топта конфликтілік жақтардың болуы).

Қарым-қатынас психологиясында түсінбеушіліктің 4 деңгейі ...

фонематикалық барьер семантикалық барьер стилистикалық немесе синтаксистік барьер

логикалық барьер

Барьерлерді жеңу...

фонематикалықты — нақты дикциямен, орынды ым-ишара арқылы; семантикалықты — аудитория білімімен және оған таныс терминдер мен түсініктерді қолдану арқылы, жаңа сөздерді үйрету арқылы; стилистикалықты — оратордың мәліметті дұрыс қалыптастыру арқылы, стилистикалық бояуы бар сөздерді дұрыс қолдану. логикалық барьерді жеңу үшін тыңдаушылардың психологиялық бағытын білу керек:

3 Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты – педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет:

- нақты және мазмұнды болуы;

- баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру;

- педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту;

- бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру.

4. МДМ-дегі ата-аналар жиналысын ұйымдастыру

Ата-аналар жиналысы дегеніміз – бұл балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту кезіндегі мәселелер мен міндеттерді шешу үшін жиналған адамдар тобы. Ол оқыту мекемесіне бастысы, өз балаларына көмектесу үшін қолданылады. Ата-аналар жиналысы бірнеше функцияны: маңызды мәселелерді шешу, ата-аналар ұжымын ұйымдастыру жағдайы, тәрбие процессіе басқару және т.б орындайтын жұмыстың әмбебап формасы. Ата-анаман жұмыстың көптеген формасының ішіндегі жетекшісі ретінде ата-аналар жиналысы болып қала береді.

Ата-аналар жиналысы 2 бөлімнен тұрады:

1.жалпы бөлім (әңгімелесу, белгілі бір жағдайды шешу, жоспарлау, дисскусия т.б).

2.жеке дара бөлім ( бірнеше ата-ананың өздерін қызықтыратын сұрақтары бойынша жеке дара консультация өткізуі).

Тәрбиешінің ата-аналар жиналысындағы позициясы (басқарушылық, оқытушылық емес, сыйласымдылық әрі мейірімді) ата-аналармен жұмыстың сәтті әрекеттесуінің негізін қалайды. Алайда ата-аналар бұндай қарым-қатынасқа дайын болмай шығады. Бұл пассивтілікте, қарсылықтың әртүрлі формасында көрінеді.Егер тіпті ата-аналар жоғары қызығушылық пен жоғары белсенділік танытса да, көбінесе байқаусыздық танытады, бұл да психологпен жұмыс істеуде қиындықтар туғызады. Берілген фактілерді ата-анаман кездесуде ескреген жөн. Алдын ала ата-аналардың қызығушылығын жоғарылату үшін қандай мазмұнда, қандай формаларда жұмыс істеу керектігі туралы ойланған жөн. Ата-аналар жиналысында болатын өзара әрекеттестік қиындықтары туралы ойлану – педагогтың профессионалдық қызметінің маңызды бөлігі.

Ата-аналардың қызығушылығын оятып, сенімділігін арттыру үшін уақыт керек. Тек шыдамдылық, ата-аналарға деген мейірімді сыйласымдылық қатынас қана педагогқа күтілген нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Жиналыс кезіндегі ата-аналармен өзара әрекеттесу принциптері:

  • Ата-аналарға, балаларына деген сыйласымды, мейірімді қатынас, әрекеттерді бағалауды өз жағынана да, ата-аналар жағынана да болдырмау.

  • Психологиялық феномендерді түсінікті жеңіл тілмен жеткізу профессионалдық терминологияны қолданбау қиын нәрсе туралы оңай түрде айту.

  • Конфедионалдық принципті қолдану,белгілі бір бала туралы диагностикалық мәлімет бермеу. Топқа байланысты жалпы тенденцияларды айтқан жөн.

  • Ата-аналардың назарын өз мүмкіндіктері мен ресурстарына аудару, өзін ата-ана ретінде жақсы бағалауға үйрету.

5. Баланың бас ұстазы - ата-ана

  Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала  жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Ы.Алтынсарин.

 Қазақстан Республикасы Ата заңының 27- бап, 2-тармағында «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және парызы»  делінген.  Олай болса,  отбасы - бала тәрбиесінде алғашқы ұжым болса, оқу орны  өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі  шешуші  буын  болмақ.

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген  тәрбиенің мәселелері оқу орнын да,    ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.  Тәрбие жұмысының табысты болуының  басты кепілі  оқу орындары  және  ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында  адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» - деп Елбасы айтқандай, бала әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті  болуын қалайды. Ал ,  адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің   перзенттік   қарызын   бір  сәтке   де  есінен шығармауында.

Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, бала-бақша, мектеп, оқу орындары, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына оқу орны  тарапынан ата-анамен тығыз байланысу қажет.

Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне сай білімін, педагогикалық мәдениетін көтеруде лекторийлар, тақырыптық оқулар ұйымдастырылған. Жанұялық жарыстар "Шаңырақ", "Әкем және мен", "Жарасымды отбасылар" сайысын өткізу дәстүрге айналуы керек. Мұндай жарыстар ата-аналарды оқу орнымен  жақындастырып, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырады. "Сіз қандай ата-анасыз?" деген сауалнама, "Бала тәрбиесі баршаға ортақ", "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі", т.б тақырыптағы дөңгелек үстел, кездесу кештері бала тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс, "Ашық есік күнін" өткізу өз нәтижесін берері хақ.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйіні -  «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» 

«Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетіспейді. Басқа да адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай бүгін бала тәрбиесіне байланысты ойымызды ортаға салып, пікір алмастырып, бір-бірімізден үйреніп отырамыз. Бір-біріне қамқор қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілігі мол асыл қасиеттерді бойына сіңіру біздің  және әрбір  ата-ананың зор міндеті деп білемін. 

4 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]