- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •4. .Мектепке дейінгі мекемеде ата-аналармен жұмыстың формалары
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •5. Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. .Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр, сипаттама бер
- •3. Америкалық зерттеушілер отбасы мен балабақшаның өзара іс-әрекетінің алты түрін атап көрсеткен:
- •2. Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •3. Педагогикалық кәсіби құзіреттілігінің деңгейін көтеру жолдары:
- •5.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •4. Кеңес беру – мдм-дегі ата-аналармен жұмыстың бір формасы ретінде.
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2.Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •5. Отбасы – шағын мемлекет
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. .Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •1. Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •4. Отбасылық клубтарды ұйымдастыру арқылы ата-аналарды балабақшаның өміріне араластыру
- •Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. .Кестені толтыр, сипаттама бер.
- •4.Анкеталық әдістің екі түрі...
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •2.Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •5. Тәрбие басы - тал бесік
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •5. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •3Мерекелік іс-шаралар мен мейрамдарда ата-анамен балабақшаның тығыз байлынысынан туындайтын
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •5. «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •2.Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •4. Мектепке дейінгі мекемеде ата-аналармен жұмыстың формалары
- •5. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
- •2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •3. Отбасының негізгі 4 төрт түрі:
- •4. Баланың балабақшаға үйренудің үш түрі
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •3Баланың балабақшаға үйренудің үш түрі
- •5 Отбасы – шағын мемлекет
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •5. . Баланың бас ұстазы - ата-ана
- •23Билнт
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •3. Отбасының негізгі 4 төрт түрі:
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •5. . Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.
- •1.Сөйлемді толықтырыңдар
- •2. Кестені толтыр. Сипаттама бер.
- •3. Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:
- •5."Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым"
1. Сөйлемді толықтырыңдар
Диагностикалық .................. ................... ............................ ............... ..................... ............. ................... .................. жауапты бағыты. Диагностикалық талдау жұмыстары ата- анадармен өзара іс- әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты.
2. Кестені толтыр, сипаттама бер.
Дифференциация ... |
(фр.differentiation,лат.Differentia- айырымы, айырмашылық) бастапқы бірдей немесе бірдей элементтен тұратын жүйені түрлі сапалы бөлімдерге бөлу. |
Сөз ... |
3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады |
Баланың отбасына бару ... |
оны зерттеуге, баламен, оның ата-анасымен контакт орнатуға, тәрбиелеу жағдайын көруге көп мүмкіндік береді |
|
|
3.. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;
- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;
- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;
- диалог түрінде өткізілуі;
-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.
4. Отбасылық клубтарды ұйымдастыру арқылы ата-аналарды балабақшаның өміріне араластыру
Заманымыздың белгілі жаңашыл ұстазы-Ш.Амонашвили «Воспитание детей нужно начинать с воспитания родителей» деген. Ол бұл ойға өзінің ұстаздық қызметінен жинақтау нәтижесінде келгені сөзсіз. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек.
Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы және тәбиешісі.
Отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелетіндігі елімізде заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан республикасының 27-бабында «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» -деп көрсетілген.
Демек, баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілік т.б. қасиеттеріне байланысты. Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Балабақша пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда тәрбиеші негізгі рөл атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру тәрбиешінің маңызды міндеттерінің бірі.
Жас ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс құбылыс емес, ол қоғамның заманның бағыт-бағдарымен,тыныс-тіршілігімен жүріп отырады.Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі.Ал балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктеріне қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.
Ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс жасау керек.
5. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі балабақша мен ата – аналардың өзара байланысы
Бала тәрбиесі өзінше бір ғылым сияқты. Ал ғылым ерінбегендікі, төзімдінікі. Ендеше бала да соныкі. Ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтурсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Ұрпақ тәрбиесі ата – ана мен қоғамның басты парызы дейтін болсақ, әр азаматтың салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуына балабақшаның қосар үлесі аз емес. Әрине бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан – жақты педагогиқалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы кетпестей із қалдырады. Өйткені жас ұрпақтың жан – жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алады. «Мен баланың күлкісінен оянамын, тіршіліктен нәр аламын» - деген екен баланы сүйіп өткен ата – бабамыз. «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздың еткен жалың пас, Үйретуден бағала» - деп данышпан Абай ақын айтақандай, ұстаз – қиындығы да, қызығы да мол өнер өлкесінің кош бастаушысы десек те лайықты. өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата – аналар мен балабақша ұстаздарының қасиетті борышы . Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген үрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі манызды мәселе. Ата – ананың беделі, тәртібі, қарым – қатынасы баланың балабақшадағы қарым – қатынасына, тәртібіне, көніл – күйіне әсер етеді В. Сухомлинскийдің айтқанындай, «балалардың бетімен қаңғып кетуі және қылмыс істеуі, үйелмен мен мектептің тәрбиесінің педагогикалық мәдениетінің өте төмендегінде». Ата – аналар мен біз - тәрбиешілер осыны естерімізден шығармаумыз керек, Сондықтан бала тағдыры бәріміздің – ата–аналардың, балабақшаның, мектептің және қоғамның басты негізгі міндеті. Адамға мінездемені тек жұмыстағы ісіне қарап береміз, меніңше, оның әкелік немесе аналық міндетін қалай атқарып жүргенн де ескерген жөн болар еді.
№11 Билет
