Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
P-223_Ata-ana_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.85 Кб
Скачать

ф№1 билет

1. Сөйлемді толықтырыңдар

Ата-аналар ......... ........... ........... ...........,ал өздері ............ ......... ........... ............... ........... ............. қатысады.

1. Ата-аналар мамандардың кеңестерін белсенді тыңдайды,ал өздері баламен үйде жұмыс істеудің жоспарын жасауға қатысады.

2. . Кестені толтыр, сипаттама бер.

Отбасы мен балабақша арасында сенімді қарым-қатынастар орнату үшін қамтамасыз ету керек:

  • Әр баланың даму ерекшелігіне байланысты нақты мәлімет беру

  • Ата-аналардың балалар тәрбиесіне қатысуға қызықтыру

  • Ата-аналардың эгоцентризмін бұзу

  • Ата-аналармен әріптестік қарым-қатыныс орнату

Отбасымен жұмыс жасауды ұйымдастырудың маңызды негіздері:

- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру

- тәрбие процессіне қатысатын ата-ана, отбасының басқа мүшелері, педагогтардың талаптарын біріктіру

- балалардың психикалық, физикалық, эмоционалдық жағынан дамуына мектепке дейінгі мекемелер мен үйде жағдай жасау

- балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға көмектесу

Тиімді өзара әрекеттесудің арқасында ата-аналар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысына қатысады, олар келесі принциптерді ұстануы керек:

  • Ата-аналар балалардың тәрбиесі мен оқытуына байланысты шешім қабылдауға құқықтары бар және олар соған жауап береді

  • Отбасымен байланыс орнатылады

  • Ашық әрі достасастық қатынас пен өзара сыйластық қамтамасыз етіледі.

3. Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен фформалары қолданылып келеді:

- көрнекі насихаттау;

- оn-line бақылау;

- отбасына қатынау;

- консультациялық пункттер;

- ата-аналар жиналысы;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ата-аналар конференциялары;

- ауызша журналдар;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

- дөңгелек үстелдер;

- клубтар ұйымдастыру;

-біріккен бос уақыттар;

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.

4. .Мектепке дейінгі мекемеде ата-аналармен жұмыстың формалары

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады: Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады. Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады, тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады. Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады. Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін. Конференция– түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор. Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді.

5. "Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым"

«Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы

ұстаздан болады.» А. Құнанбаев«Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай тауып айтылғанданалы сөз десеңізші. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болыпқалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын көрсетеді.Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлттаболмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балалардыжаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды.Бау‐бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерінүнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата‐ана мен мектептің міндеті.Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскенортасына тікелей байланысты.

«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналысөздерінде үлкен астар бар сияқты.

Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата‐аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы

көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде.

Кейбір ата‐аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі»деп түсінетін ата‐аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата‐ана,мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата‐аналар үшін детиімді.Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балалар Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балалардықоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбиежұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына

сай оқу‐тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс‐шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр.Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан дазор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады.Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтаноның іс‐әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан.Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына

және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбиетүрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады.Баланы тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын орны ерекше деп қорытынды шығаруғаболмайды.Мектептің ата‐аналармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен

әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.Сынып жетекшілер оқушылардың екінші ата‐анасы ретінде бірге жүріп, халықты ғасырлар бойы өзұрпағын тәрбиелеп келген тәжірибесінен үлгі көрсетуді мақсат‐мұраты санайды. Балаларға тәрбиелікжұмыс жүргізуді жан‐жақты қарастырып, тиянақты көрсететін тұлға – ол сынып жетекшісі.Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергенкезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесіҚазіргі заманда ең басты мәселе – бала тәрбиесі.Мысалы, оқушы мектепке келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе, нежоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріпкетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болыпалды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан‐жақты іздеуге болады. Балатәрбиесіне ата‐анасы мен жүрген ортасына мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуынаықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішіндеең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды.Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек.

.

2 Билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]