Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістемелік жұмыс жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.03 Кб
Скачать
  1. Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы әдіскер қызметінің моделі.

Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі

Кәсіби шеберлігі

1.Ғылыми-педагогикалық ойлауда жаңаша стиль қалыптасқан, шығармашылық шешімдер қабылдай алатын.

2. Адамдардың психологиясын зерттей алатын.

3. Өз жұмысына нақты талдау жасайтын

4. Қатал талап ете алатын және демократиялық тұрғыда басқара алатын.

Жеке қасиеттері

1.Рухани мәдениетті, сендіре білетін, адамдарды белсенділікке тәрбиелеуші.

2.Шынайы зиялы.

3.Сыншыл және өзіне сыни қарайтын.

4.Педагогикалық сезімтал, жаңашыл еңбек сүйгіш.

Лидерлік қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа шығармашылық пен жетекшілік ететін жеке тұлға

 

 

Нәтижелілігі

1.Мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоспарланған нәтижеге жету.

2. Педагог мамандар тұрақтылығы мен шығармашылық жетістіктер

3.Ұжымдағы адамгершілікті- психологиялық ахуал.

4. Қабылданған шешімді уақытында орындау.

Кәсіби біліктілігі.

1.Еліміздің білім беру сясатының стратегияларына түсінген.

2. Басқару жұмысы туралы теориялық және әдістемелік білімі бар.

3. Оқу-тәрбие жұмысының құрылымына талдау жасай білетін, нәтижелі болжай алатын.

4. Қазіргі технологиялардың деңгейінде кәсіби ойлауға қабілетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жыл 12 ақпан №61 «Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын» бекіту бұйрығында «Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымдық міндеттері атап көрсетілген. Осы лауазымдық міндеттерді орындауда әдіскер әдістемелік жұмысқа белгілі бір мақсат қоя білуі керек. Осы мақсатқа байланысты әдістемелік қызметтің жоспары жасақталады. Оның мазмұны мамандардың көкейкесті мәселелерін қамтып, педагогиканың озық тәсіліне, жаңа технологияларға негізделе жасалуы тиіс. Жоспар мынадай принциптерге негізделіп құрылады:

  • педагогикалық ұжым алдындағы міндеттердің айқын болуы, нақты мәселелерге арналып құрылуы;

  • жоспарланған жұмыстың алдыңғы және соңғы жоспарланатын шаралармен өзара байланысы;

  • жоспарланған жұмыс мазмұнының жүйелілігі, оның орындалу міндеттілігі;

  • берілетін тапсырмаларды жоспарлауда педагогтардың білім дәрежесін, кәсіптік дайындығын, мүмкіншілігін ескеру.

 

Әдіскер қызметінің моделі.

 

Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру

1.Балабақшаның жылдық міндеттерін орындау.

2.Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай оқу жоспарын енгізу.

3.Оқу бағдарламалары бойынша үлгі жоспарлар мен оқу материалдарын жасақтау.

4. Тәрбиешілердің іс-қағаздарының сауатты жүргізілуі

5. Айлық, апталық тәрбие жоспарлары

6. Балалардың дербес көркемөнер қабілетін

дамытуда үйірмелер ұйымдастыру.

Біліктілік деңгейді, шығармашылықты дамыту.

1.Жас мамандармен жұмыс.

2. Қазіргі қойылып отырған талаптарды оқу-тәрбие жұмысында әрбір тәрбиешінің өз тәжірибесіне негізге алып қолдану.

3. Білім жетілдіру курсынан өткен тәрбиешілер есебі

4. Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық әдебиеттермен таныстырып отыру.

5. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер іс-тәжірибесін жасақтау.

6.Ашық сабақтар, семинар-практикум, тәрбие жұмыстарын өткізу.

  

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сай, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда:

  • жас мамандарды қалыптастыру,

  • педагог шығармашылығын дамыту,

- жоғары шеберлікке жету.

  

Бақылау, тексеру, талдау, зерттеу

1.Оқу-тәрбие жұмысының күн тәртібіне сай ұйымдастырылуын бақылау.

2. Бағдарламадағы қиын тақырыптарды талдау, талқылу

3. Күнделікті сабақтарға қатысу, өтілу сапасын тексеру.

4. Оқу-тәрбие процесінде балалардың білім-дағдыларын, жеке психологиялық қасиеттерін бақылау, зерттеу.

5. Топтарда (тақырыптық, салыстырмалы, ескертпелі, жан-жақты) тексерулер жүргізу.

6. Озат іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау

Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру.

1.Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық ғылыми әдебиеттермен толықтырып отыру.

2. Іс-қағаздарды жүргізу.

3. Үлестірмелі және дидактикалық материалдар дайындау.

4. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер жұмысын жинақтау.

5. Аудандық, облыстық байқау-сайыстардың материалдарын жинақтау.

6. Баспасөз, журналдармен толықтырыпотыру.

7.Көрме, фотостенд ұйымдастыру. 

Қазақтың алғашқы қайраткері әйелдер арасынан тұңғыш рет балаларды жұмыс кезінде қоғамдық орында тәрбиелеу үшін балабақшалар ашуға зор мән берген ағартушы Нәзипа Құлжанова тәрбиешінің ұстаздық бейнесін, педагогикалық кәсіби мамандықтың негізі саналатын адамгершілік қасиетті жоғары бағалаған. Бұл жағынан алғанда Нәзипа Құлжанова балабақша тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді

«Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді,сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазды.

Осындай маман иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруда олардың маңдай тері еңбектерінің жемісін көруге көмегін тигізетін әдіскер қауымының атқарар еңбегі қашанда ауқымды, маңызды,қажетті және жауапты іс болып қала бермек.