Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әдістемелік жұмыс жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.03 Кб
Скачать
  1. Өзін-өзі оқытудың мазмұны және бағыттары.

Өзін-өзі оқытудың мазмұны – педагогтардың кәсіби білім деңгейлерін дамыту, тәрбиеленушінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттіліктерін дамытуда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін жағдайлар жасау, мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қабілеттері мен дағдыларын дамыту.

Бағыттары :

- инновациялық педагогикалық технологияны зерттеу және жүйелендіру;

- оларды мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану мүмкіндіктері мен келешегін шынайы бағалау;

- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алу;

- педагогтардың түрленген қызметін қалыптастыруға және оны мектепке дейінгі ұйым тәжірибесіне ендіруге бағытталған байқауларға қатысу, әртүрлі әдістемелік шараларды – педагогикалық кеңестерді, педагогикалық оқуларды, кеңес берулерді, шеберлік-класс, семинар-практикум, ашық шараларды өткізу;

- әртүрлі қызмет түрлерін инновациялық педагогикалық технологияларды қолданумен интеграциялау;

- педагогтардың кәсіби және өзіндік дамуы.

  1. Әдіскердің негізгі әрекеті – жоспарлау және қадағалау.

Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау - мектеп басшысының қабылданған іс - әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы. Жоспарлаудың ерекшелігі: өткен жұмыс қорытындысы, қазіргі және келешекті бағдарлау. Білім берудің өзекті мәселелері бойынша жоспардың үлгісін жасап, оны педагогикалық ұжымда талдау, түзетулер енгізу қажет, сонымен психологпен кеңесе отырып, зерттеу жұмыстары бойынша жеке тұлғаның даму деңгейіне, педагогикалық ұжыммен, мектеп ортасымен өзара қарым – қатынас,оның ұжымдағы, топтағы әлеуметтік статусы басты назарда ұсталынады.Жалпы білім беру мекемелерін жоспарлау және дамыту барысында Қазақстанның білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттар, білім стандарттары және тұжырымдар басшылыққа алынады. Оқу – тәрбие үрдісін ғыцлыми негізде басқару әдісі қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін,оқушының білім сапасы, білім беру мазмұны, материалдық – техникалық база, мамандар құрамы, ата – аналармен байланыс бойынша анықталады.

Көп жылдық іс – тәжірибені талдау, мектеп пен халық ағарту органдарының басшыларының ұйымдастырушылық қызметіндегі озық тәжірибені зерттеуде, мектепті басқару жүйесіндегі ұйымдастырудың мәніне тым тереңірек енгенде бұл қызметтің негізгі әдістері ретінде белгілеуге себепші болды. Осындай үнемі қолданылатын жұмыс тәсілдері: тәртіп белгілеу, мектептерді бөлісу, жетекші нұсқау беру, дәлелдер, басқарушылық және келістіру.

Мектеп жұмысында және халық ағарту бөлімдерінің іс – тәжірибесінде мынадай педагогикалық талдаудың негізгі түрлері асырылуда, мысалы, қолма – қол өлшеу/оперативный параметрический/, ең маңызды өлшеу бойынша бір күнге, жетіге, күнделікті үлгерім, сабаққа қатысу, тәртіп жағдайын/; бір жолдық тақырыптық / оқытудың сапасы, сынып жетекшілерінің жұмыс жүйесі, тәрбиешілер, білім сатысы, іскерлік дағды, тәрбиелік дәрежесі/, мерзімділік кешен/ тоқсандық, жартыжылдық жұмыстардың және емтихан мен оқу жылының қорытындылары/.