
- •61) Педагогтың балалармен өзара әрекетін бағалау.
- •Балабақша жүйесінің ерекшеліктері.
- •Балабақшадағы педагогикалық кеңестер мен жиналыстардың өткізу.
- •Оқу жылын жоспарлау
- •Өзін-өзі оқытудың мазмұны және бағыттары.
- •Әдіскердің негізгі әрекеті – жоспарлау және қадағалау.
- •Бақылау түрлері.
- •Балабақша әдіскері және қызметі.
- •Қазіргі балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың ерекшеліктері.
- •Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы әдіскер қызметінің моделі.
61) Педагогтың балалармен өзара әрекетін бағалау.
іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
|
Балаларды проблемалық жағдайға, ойлау қажеттілігіне жетелеуінен өзі үшін проблеманы қалыптастырады |
Проблеманы көруге, маңызды мәселелерді тұжырымдауға үйренеді |
|
Балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене отыра, мақсат қояды |
Іс-әрекет мақсатын белгілейді (қоршаған әлемнің белсенді зерттеушісі болады) |
3. Нақты ой |
Не болатындығын және қандай нәтижеге алып келетіндігін ойластырады |
Талқылауға қатысады: қандай да бір істі қалай ұйымдастыру керек, кез келген пікірді, тіпті стандартты емес және күтпеген пікірлерге дейін тыңдау |
4. Жоспарлау |
Дидактикалық, әлеуметтік, заттық-материалдық және жеке-тұлғалық жағдайларға тәуелді балалармен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін анықтайды |
Сүйікті сабақтарды атайды, ойындар ұсынады, операциялардың кезектілігін анықтауға қатысады |
5. Жобаны іске асыру және тұрақты рефлексия |
Іс-әрекеттердің интеграциясы арқылы олардың әртүрлі түрлерін ұйымдастырады және мотивация береді. Рефлексияны және жеке қадамдарды уақытылы түзетуін жүргізеді |
Іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне қатысады, тәрбиешінің серіктестігі мен көмекшісі ретінде болады |
Балабақша жүйесінің ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру әрекеті барлық негізгі балалар дамуының бағыттары бойынша балабақша жүйесінің ерекшеліктері арқылы іске асырылатын қандай да бір басымдықтармен (танымдық-тілдік; көркемдік-эстетикалық дамуы және т.б.) жүзеге асырылады.
Балабақша жүйесінің ерекшеліктері:
- табиғатпен кепілденген, баланың шығармашылық әлеуетінің дамуы;
- таным және шығармашылыққа уәждемелік дайындығының дамуы;
- зияткерлік және рухани дамуы;
- баланың шығармашылық өзін іске асыру және оның шығармашылық сұранысын қанағаттандыру;
- баланың жеке тұлғасын дамыту үшін жағдайлар жасау;
- психикалық және физикалық денсаулығын нығайту;
- педагогтың жанұямен қарым қатынасы.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қызығушылығы, ұнатуы, бейімділігі бойынша еркін, түрлі әрекетін ұйымдастыру үшін білім кеңістігін барынша кеңінен қолдануға ерекше назар аударылады.
Қойылған мақсатты іске асыру келесі міндеттерді шешуді болжайды:
• Әрбір баланың жігерлігін қолдау және шығармашылықпен өз ойын білдіру;
• Жағдайлар жасау: топтардағы дамытушы ортаның материалдық-техникалық базасын арттыру.
• Балалардың білімін тереңдетуге мүмкіндік беретін, олардың қабілеті мен сұранысына сәйкес, әдістерді, құралдарды, тәсілдерді анықтау және қолдану.
• Балаларды тәрбиелеу мен білім берудің жекелік-бағытталған тәсілі.