Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ezh-khand_dau-_umkd.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
950.27 Кб
Скачать

Пәнінің бағдарламасы (syllabus)

АҚТАУ 2014

1. Оқитын пәннің сипаттамасы

Курсты оқыту бір семестрге арналған. Барлық жүктеме мөлшері 180 сағат, оның ішінде аудиториялық жүктеме көлемі 60 сағатқа, оның 30 сағаты дәріске, 30 сағаты тәжірибе сабаққа, 12 сағаты СОӨЖ-на және 108 сағаты СӨЖ-на арналған. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәні базалық таңдау пәндерінің қатарына жатады. Студенттердің білімін бағалау қорытындысы аралық, семестрлік бақылау, сондай-ақ, қорытынды бағалау 3 семестр аяғында емтихан түрінде жүргізіледі.

2. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

«Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» курсының мақсаты - студенттерді қазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуірі - көне түркі әдебиетінің таңдаулы нұсқаларымен таныстыру, ұлттық әдебиеттің қалыптасу, даму тарихынан хабардар қылу, әдеби үрдістің қоғамдық өмірмен байланыста даму заңдылықтарын, ежелгі және хандық дәуір әдебиет нұсқаларының әдеби, тарихи мәнін, зерттелу жайын меңгерту.

Курстың міндеттері:

- Студенттерге ежелгі және хандық дәуірдегі қазақ әдебиетінің нұсқаларын, олардың идеялық-тақырыптық, көркемдік сипаттарын меңгерту;

- Қоғамдық дамудың кезеңдерімен сабақтастыра отырып, ұлттық әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын үйрету;

- Ежелгі және хандық дәуір әдебиет нұсқалары авторларының шығармашылығы мен қызметі туралы мәлімет беру;

- Көне мұраларды оқыта отырып, солар арқылы жастардың мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін күшейту, студенттердің бойына әдеби мұралардың танымдық-тәрбиелік маңызын сіңіру.

3. Пәннің қысқаша мазмұны

«Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» курсының мақсаты - студенттерді қазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуірі - көне түркі, қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің таңдаулы нұсқаларымен таныстырады, ұлттық әдебиеттің қалыптасу, даму тарихынан хабардар қылады, әдеби үрдістің қоғамдық өмірмен байланыста даму заңдылықтарын, ежелгі дәуір әдебиет нұсқаларының әдеби, тарихи мәнін, зерттелу жайын меңгертеді. «Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті» пәнін меңгеру арқылы студенттер көне жазба ескерткіштер тілін, олардың зерттелу тарихын, көркемдік ерекшеліктерін, Ислам дәуірі, Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуіріндегі өмір сүрген тұлғалардың әдеби мұралары, тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларды тұтас та жүйелі біліп шығады.

4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы

4.1. Дәрістік сабақтар

Рет.

№№

Cабақтың тақырыптары әдебиет

Көлемі,

сағаты

1

Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. «Күлтегін» жыры, көркемдік ерекшеліктері

2

2

«Қорқыт ата» кітабы. Оғыз дәуіріндегі әдебиет. «Оғыз-наме»

2

3

Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет. Әбу Насыр әл-Фараби. Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк». Жүсіп Баласағұн «Құтағду білік».

2

4

Ислам дәуіріндегі әдебиет. Қожа Ахмет Иассауи «Диуани хикмат». Ахмет Иүгінеки «Хибатул-Хақайық». Сүлеймен Бақырғани кітаптары.

2

5

Алтын Орда әдебиеті туралы. Рабғузи қиссалары. «Кодекс куманикус» кітабы. Хорезми. «Мухаббат наме». Құтып «Хұсрау-Шырын». Сайф Сараи «Гулистан бит-турки».

2

6

Тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер. Әбілғазы. «Шежіре-и-түрік». Қадырғали Жалаири. «Жамиат-ат-Тауарих».

2

7

Хайдар Дулати. «Тарихи-и-Рашиди». Бабыр. «Бабыр-наме».

2

8

Қазақ хандығы тұсындағы қоғамдық-әлеуметтік саяси жағдай және жыраулар поэзиясы. Хандық дәуір әдебиетінің даму, қалыптасу бағыттары, жиналу, зерттелу жайы және көркемдік ерекшеліктері.

2

9

Қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулар поэзиясы. Қазтуған Сүйінішұлының өмірі мен шығармашылығы

2

10

ХҮ-ХҮІ ғ. қазақ әдебиеті.

Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы

Доспамбет жырау өмірі, шығармашылығы

Шалкиіз жырау шығармашылығы

2

11

ХҮІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Жиембет жырау шығармашылығы

Марқасқа жырау – Есім ханның жорықшы жырауы (шығармашылығы)

2

12

ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының саяси-экономикалық даму жағдайы. Ақтамберді жырау шығармашылығы

2

13

Жыраулық дәстүрдің дамуы, ақындық поэзияның алғашқы өкілдері. Тәтіқара ақынның өмірі мен шығармашылығы.

Үмбетей жырау шығармашылығы

2

14

Бұқар жырау Қалқаманұлы – қазақ жыраулар поэзиясының алыбы.

Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығы

2

15

Көтеш ақынның өмірі мен шығармашылығы

Шал Құлекеұлы – жаңа типтегі ақын. Өмірі мен шығармашылығы

2

БАРЛЫҒЫ:

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]