
3. Гүл бөлімдерінің морфологиясы, олардың гүл тұғырында орналасуы, маңызы
Гүл—жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге кажетті жыныс мүшелері бар споралы өркең. Гүлде жеміс жапырақшаларынын жиегі кірігіп тұқым бүрлері орналасатын тұйык қуыс — жатын ұясы бар Тозаңданьш, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уакытта гүлден пайда болады.Гүлдін негізгі бөліктеріне — гүл жапырағы, гүл жапырақ- шасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі жөне жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып түратын жапырақты гул жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды.Бұл әдетте біреу ғана, ал кейде бірнешеу болады. Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағактың ұшы гул кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гул шығатын буынға дейінгі сабак бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары — сағакты гүл, сағағьі жоқтары — сагақсыз немесе қондырмалы гүл.Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойыңда кейде дара (дара жарнактыларда), кейде қос-костан (қос жарнактыларда) ұсак жапыракшалар орналасады; олар гул жапьрақша деп аталады. Егер бір гүлдің құрамында аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жарнақты гул, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара гул дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жеріңде аналык гүлі, екінші жерінде аталык гүлі өссе, бір уйлі өсімдік (жүгері, кияктын кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктін аналык гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі уйлі өсімдік дейді, (тал, бәйтерек, көк терек, жанғақ, сора, кымыздық т. б.). Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, карамықтар және т. б.).