
Билет №13
1. Эволюция барысында жоғарғы сатыдағы өсімдіктер денесінің дамуы мен күрделенуі.
Қәзіргі кезде жоғары сатыдағы өсімдіктер жер шарына кең таралып, өскен ортасының тіршілік жағдайларына қарай бейімделген. Құрылықта тіршілік ететін өсімдіктердің денесі жер астыңдағы және жер үстіндегі бөлігі деп екіге бөлінеді. Өсімдіктін екі бөлігінің бір-бірінен айырмашылыіы бар. Сабақ ауа ортасыңда, тамыр топырақ ортасында орналасады және ол екеуі әр түрлі қызмет атқарады. Сөйтіп, жоғары сатыдағы өсімдіктерде аткаратьш қызметі және морфологиялық күрылысы әр түрлі мүшелер қалыптасқан.Жоғары сатыдағы өсідіктердің мүшелердің екі тобы бар. Олар: вегетативтік және генеративтік Вегетативтік мүшелерге тамыр және сабақ пен жапырактан тұратын өркен, генеративтік мүшелерге көбею кызметін атқаратын мүшелер жаггады. Жабық түқымдыларда бұл мүшелер — гүл, жеміс және түқым. Өсімдік денесінің морфологиялық жоғарғы және морфологиялық төменгі бөлігі болады. Өсімдіктің морфологиялық жоғарғы бөлігі — апикальды деп, ал төменгісі базальды деп аталады. Өсімдіктердің апикальды және базальды бөліктерінің физиологиялык айырмашылықтарын сүректі өсімдіктерді қалемшелері аркылы өсіру барысыңда айкын байқауға болады. Егер қалемшені топыракка апикальды жағымен отырғызсақ, онда жер бетіңдегі бөлігінен қосалқъі тамырлар, жер астыңдағы бөлігінен өркеңдер өсіп шығады.Жоғары сатыдагы өсімдіктердін ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген және жыныс мүшелері (аталық. аналық) копжасушалы болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктер аналық жыныс мүшелерінін құрылысына карай архегонийлілер және аналықтар (пестиктілер) деп екі үлкен топқа бөлінеді Біріншісіне мүктер, плаундар, қырықбуындылар, қырықжапырақтәрізділер және ашықтұқымдылар бөлімдері кіреді. Бұл топқа 50 мыннан астам өсімдік түрі жатады. Олардын барлығы аналық жыныс мүшесі архегоний түрінде болады. Екінші топқа аналыктылар (пестнктілер) жатады, олардын 250 мындай түрі бар, олар жабықтұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер құрайды. Бұлардың гүлі аналығы аналық жыныс мүшесі болып табылады. Өсімдіктер бір бірімен кезектесетің, гаметофит жане спорофит кезеңдері тәң.
Гаметофит көп жасушалы жыныс мүшелері түзілетін жыныс ұрығы.
Спорофит - жыныссыз көбею мүшесі спорангий калыптасатын жыныссыз ұрпақ
Жоғары сатыдағы өсімдіктер көбеюіне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді: жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер және тұкымды өсімдіктер.
Жоғары споралы өсімдіктер былай жүйеленеді:
Мүк тәрізділер бөлімі 27 мын түрі
Плаундар бөлімі 1 мың түрі
кырыкбуындар бөлімі 30-55 мың түрі
қырықжапырақ тәрізділер бөлімі 30-35 мың
2. Өткізгіш ұлпалар.
Қоректік заттарды өсімдіктердін денесіне тарататын клеткалардьщ тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметне сәйкес өткізгіш ұлпа клеткалары іші куыс тутікшелерден түрады. Бұлар бір-бірімен өзара қосылып, түтікшелер жүйесін түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің дене қүрылымы өте күрделі. Жер бетінің өркен бөлімінде фотосинтез жүріп, органикалык қосылыстар түзілетіні белгілі, ал жер астындағы тамыр жүйесі арқылы суда еріген минераддық тұздар жөне күрделі биосинтез процесінің өнімдері қабылданады. Осы тұрғыдан жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір шетінен екінші шетіне қоректік заттарды тасымалдаудың қажеттігі туады. Осы кажеттілікті өтейтін — өткізгіш үлпалар. Өткізгіш үлпалар күрделі. Онын құрамы, морфологиясы және атқаратын қызметі әр түрлі элементтерден тұрады.
Ксилема (сүрек) (грекше «ксилос» — ағаш). Ксилема кұрамына: трахеялар (сосудтар), трахеидалар, тірі паренхималық клеткалар жөне механикалық талшықтар енеді. Трахеялар мен трахеидалардан түзілген түтікшелер жүйесі тамыр арқылы қабылданған қоректік заттарды өсімдіктердің жер бетіңдегі өркен бөлігіне, яғни сабағына, одан жапырағына карай өткізеді. Кейде коректік заттар басқа да тірі клеткалар арқылы жылжиды. яғни жыл мезгілдеріне, өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты бұл жолдардың өткізетін заттарынын ауысатын кездері де болады.Пайда болуына карай ксилема алгашқы ксилема және соңғы ксилема деп бөлінеді. Алғашкы ксилема төбе меристемасының прокамбийінен,ал соңғы ксилема камбийден пайда болады. Алғашқы ксилеманың бұрын пайда болған элементтері протоксилема, кейінгісі метаксилема деп аталады. Ксилеманын су өткізуші элементтерінің бірі трахеидалар. Әрбір трахеида бір ұшы сүйірленіп келген өлі прозенхималық клеткадан тұрады.