Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №35

1. Инфекциялық-токсикалық шок кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 66 жаста кеуде клеткасындағы ауырсынуға, ентігуге, әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы беледемелі ауырсынуға, шүйде аймағында бас ауыруына шағымданды.

Анамнезінен: соңғы уақытта шаншулар баспалдақпен көтерілгенде мазалайды, тез жүргенде және тыныштық жағдайда 5-10 минуттан соң өзі басылып қалады. Артериялық гипертония және қант диабеті бойынша «Д» есепте тұрады.

Объективті қарау: жағдайы орташа ауырлықта, акроцианоз. ЖСЖ- 22 рет мин. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек шекарасы: оң – төстің оң жағынан 4 қ/а , сол – сол жақ алдыңғы бұғана сызығы бойымен 5 қ/а, жоғарғы ұшы –сол жақ төс маңы сызығынан 3 қ/а. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ 96 рет мин. АҚ-190/95 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулері жоқ.

ЭКГ:

Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?

«Жедел жәрдем» дәрігерінің әрекеті.

Билет №36

1. Квинке ісігінің этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. 48 жастағы ер адам, 40 минут бұрын пайда болған жүрегінің қағуына, әлсіздікке шағымданды.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, науқас психикалық қозған. АҚ 130/80 мм с. б. тері жабындылары бозарған, акроцианоз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қатты, ырғақты. ЖСЖ 180 соққы/мин. ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

2012-2013 Оқу жылына Билет №37

1. Квинке ісігі кезіндегі шұғыл көмек.

2. 52 жастағы әйел адам, жүрегінің қағуына, күрт әлсіздікке, қорқыныш сезіміне, ентігуге, жүрек аймағындағы қысып ауырсынуға шағымданды. Ұстама таңғы астан кейін тәңертеңгі уақытта пайда болған, ұзақтығы 1 сағат сақталған.

Объективті: жағдайы ауыр, шошып кетткен. Тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ, ТЖ 22 рет мин. Жүрек тондары қатты, ырғақты. Пульс 190 соққы мин., толымдылығы аз. АҚ 90/60 мм с. б. (қалыпты қысымы 120/70). Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының бойында. ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №38

1. Қызамық (крапивница) этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері

2. Науқас 58 жаста, инженер. 2 сағат бұрын саяжайда жұмыс жасап жатқан кезде кенеттен ретсіз жүрегінің соғуы, әлсіздік, жүрек тұсындағы жағымсыз сезім мазалағанын айтты. «Жедел жәрдем» шақырған. Қысқа уақыттағы жүрек соғуының эпизодтары соңғы бір жыл бойы шамалы күштемеден кейін пайда болып, тыныштыққа қайтып отырған.

Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, гиперстеник. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызығы бойымен. АҚ 150/100 мм с. б. Пульс жиі, аритмиялы, 102 рет минутына. Жүрек ұшындағы жүрек тондары біркелкі емес, аритмиялы, ЖСЖ 112 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Бауыры ұлғаймаған.

ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.