- •Билет №1
- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Билет №7
- •Билет №8
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Билет №11
- •Билет №12
- •Билет №13
- •Билет №14
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Билет №24
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Билет №27
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Билет №31
- •Билет №32
- •Билет №33
- •Билет №34
- •Билет №35
- •Билет №36
- •2012-2013 Оқу жылына Билет №37
- •Билет №38
- •Билет №39
- •2012-2013 Оқу жылына Билет №40
- •Билет №41
- •Билет №42
- •Билет №43
- •Билет №44
- •Билет №45
- •Билет №46
- •Билет №47
- •Билет №48
- •Билет №49
- •Билет №50
Билет №32
1. Ларингоспазмның этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
2. Науқас 56 жаста, төс артындағы қарқынды ауырсынуға шағымданды, айқын әлсіздік, жүрек айну, бас айналу және қорқу сезімі бір сағатқа жалғасқан. 2 таблетка валидолды өзі қабылдаған, нәтижесіз.
Анамнезінен: 40 жыл темекі тартады, 10жыл бойы артериалды гипертониямен ауырады, максималды АҚ 190/110 мм.сын.бағ жоғарлаған. антигипертензивті препараттарды үнемі қолданбайды, тек бас ауырған кезде коринфар қабылдайды. Науқастың әке –шешесі, ағасы АГ мен жүрек ауруымен ауырады.
Объективті: жағдайы ауыр, толық. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. ТАЖ минутына 23 рет. Өкпедегі тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қолқа үстінен 2 тон акценті, жүрек ұшында қысқа, жұмсақ систолалық шу естіледі. ЖЖЖ минутына 52-рет, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
ЭКГ:
Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?
«Жедел жәрдем» дәрігерінің әрекеті.
Билет №33
1. Ларингоспазм кезіндегі шұғыл көмек.
2. Науқас 67 жаста, төс артындағы батып ауырсынуына, ол сол иыққа және жауырын астына беріледі, ентігу, әлсіздік, шүйде аймағындағы бас ауруына шағымданады.
Анамнезінен: АГ 10жыл шамасында. Соңғы 5 жыл күш түсу стенокардиясымен аурыады. Үнемі атенолол, аспирин қабылдайды, стенокардия ұстамасы кезінде изокет-спрейін қолданады. Кешке психо-эмоционалды стресстен кейін стенокардияның созылыңқы ұстамасы пайда болды, басу үшін қосымша 4 рет изокетті қолданды. Таңғы сағат үште дәл осындай ұстама пайда болған. Нитроспрей ингаляциясы тиімсіз болып шықты.
Объективті:жағдайы ауыр, тері жабындылары бозарған, ылғалды, ерін цианозы, науқас мазасыз. Бойы 166см, дене салмағы 69кг, ТАЖ минутына 20рет . Өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қолқа үстінен 2 тон акценті. ЖЖЖ минутына 84 рет, АҚ 210/110мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
ЭКГ:
Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?
«Жедел жәрдем» дәрігерінің әрекеті.
Билет №34
1. Инфекциялық-токсикалық шоктың этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
2. Науқас 72 жаста сол жақ жауырынға берілетініне төс артындағы ұстамсалы ауырсынуға шағымданады. Науқас өз бетімен 2 таблетка нитросорбид қабылдаған, нәтижесіз.
Анамнезі: АГ 12 жылдай, максималды АҚ 200/120 мм сн.б дейін жоғарлаған, субъективті жоғарылағанын сезбейді, гипотензивті ем қабылдамайды. 8 жылдай күш түсу стенокардиясымен ауырған, тұрақты түрде антиангиналды ем алмайды, төс артындағы аурысыну кезінде нитросорбид қабылдайды. Шылым шеккеніне 50жыл болған Ата-анасы журек ауруынан қайтыс болған.
Объективті қарау: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, ылғалды. Бойы 182 см, салмағы 74 кг. ЖСЖ 22 рет мин., өкпеде тынысы қатты, аздаған құрғақ шулы сырыл естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы, аортада II тон акценті және систолалық шу естіледі, ЖЖЖ 92 рет мин., АҚ 170/100 мм сн.бғ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
ЭКГ:
Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?
«Жедел жәрдем» дәрігерінің әрекеті.
