Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №28

1. Спонтанды пневматорокстың этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Ер адам, 59 жаста, кеудесінің қатты батып ауырсынуына, кенеттен әлсіздікке, жүрек соғысына шағымданады.

Объективті: жағдайы ауыр. қозу үстінде. Терісі бозарған, ылғалды. Ерін цианозы. Жастықсыз жатады. Тынысы беткей, сырылдар жоқ. ТЖ 28 рет мин. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес, ЖСЖ 110 рет мин. Пульс 110мин, толуы әлсіз, экстрасистола. АҚ 80/40 мм.с.б. іш аймағы жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынусыз. бауыр қабырға доғасымен. Кіші дәретке отырмаған.

ЭКГ:

Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?

Жедел жәрдем дәрігерінің әрекеті.

Билет №29

1. Спонтанды пневматорокс кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 48 жаста, кеуде тұсында кенеттен пайда болатын қысып аурысынуға, осы ауырсыну сол жақ иыққа берілуімен, әлсіздікке, шамалы ентіпкеге шағымданады. Бұл сезімдер алғаш рет жұмысқа барар жолда пайда болған, ұзақтығы 30 минутқа созылған. Жолда поликлинкика жақын болғандықтан өзі дәрігерге қаралған. Бұрын пневмониямен ауырған. Темекі шегеді, алкоголмен әуестенбейді

Объективті: толық, тері жабындылары бозарған, ылғалды. Ерні цианоз. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Пульсі 92 мин., ырғақты, толуы қанағаттанарлық. АД 165/80 мм с. б. Жүрек шекарасы: оң жақ- оң жақта төс маңы сызығы бойынша, сол – бұғана ораңғы сызығымен 1 см сыртқа. Жүрек тондары тұйықталған. Шулар жоқ.

ЭКГ:

Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?

Жедел жәрдем дәрігерінің әрекеті.

Билет №30

1. Өкпеден қан кетудің этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 57 жаста, мұғалім, төс артындағы қарқынды батып ауырсынуға шағымданады, ол өз кезегінде сол иыққа иррадиация береді және 1,5 сағатқа созылады, нитроглицеринге басылмаған, сонымен қатар жүрек қағу, жалпы әлсіздік, суық жабысқақ тер мазалайды.

Анамнезінен: 4-5 жыл бойы тез жүрген кезде төс артындағы қысып ауыратын ұстамалар мазалаған, ол 3-5 минутқа созылады және тыныштық кезінде, нитроглицеринді қабылдағаннан кейінде қайтып отырады.

Объективті: тері жабындылары бозарған, акроцианоз, алақандары ылғалды. Пульс минутына 96рет. АҚ 70/40мм.сын.бағ. Жүрек шекарасы 1,5см солға кеңейген.Тондары тұйық, бірен саран экстрасистолалар бар. Өкпедегі тыныс везикулярлы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры пальпацияланбайды.

ЭКГ:

Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?

«Жедел жәрдем» дәрігерінің әрекеті.

Билет №31

1. Өкпеден қан кету кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 62 жаста,төс артындағы қарқынды ауырсынуға, өлімнен қорқу сезіміне, күрт әлсіздікке , жүрек жұмысының бұзылыстары. Анамнезінен: бір ай бұрын поликлиникаға физикалық жүктемеден кейін төс артындағы ауырсынудың жиілеуімен және күшеюіне байланысты қаралған. Науқаста ЖИА және АГ анықталған. Сустак-форте бір таблеткадан 2рет күніне, адельфан бір таблеткадан 3рет күніне қабылдаған. Жағдайының жақсарғанын айтты, бірақ бүгін таңертен жағдайы кенеттен нашарлаған, кенеттен 40 минуткқа созылған төс артындағы қатты ауырсыну, айқын әлсіздік, суық жабысқақ тер, жүрек қағу, ентігу пайда болды. нитроглицерин қабылдаған нәтижесі аз.

Объективті: жағдайы ауыр, төсекте қозғалыссыз жатыр.Терісі бозарған-сұр реңді, дымқыл, суық. ТАЖ минутына 22 рет. Өкпедегі тыныс қатты, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, аритмиялы, бірен саран экстрасистолия. Пульс минутына 100 рет, аритмиялы, әлсіз толу мен кернеулікте. АҚ 90/70мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға доғасымен.Соңғы рет кіші дәретке 4 сағат бұрын отырды.

ЭКГ:

Науқаста қандай жедел жағдай дамыған?

«Жедел жәрдем» дәрігерінің әрекеті.