Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №18

1. Қарыншалық пароксизмалды тахикардия кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 19 жаста, беті мен мойнының ісінуіне, тұншығуға шағымданды.

Анамнезінен: мойнын ара шағып алғаннан соң, қышу және күйдіру сезімі пайда болған, содан кейін беті мен мойнының ісінуі, тұншығу және тыныс алудың қиындалуы қосылды.

Объективті: жағдайы ауыр, науқас шошынып қалған, қозған. Айқын беті мен мойнының ісігі бар. Өкпесінде аздаған ысқырықты сырылдар бар. ТЖ 24 рет мин. Жүрек тондары қатты. ЖСЖ 98 рет мин. АҚ 130/70 мм с.б. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №19

1. Қарыншалық экстросистолияның этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 68 жаста, аяқ тамырларының облитерирлеуші атеросклерозымен, көк тамыр ішілік инфузия кезінде кенеттенкүрт әлсіздік, бас айналуды сезінген.

Қараған кезде: жағдайы ауыр, есін нақты білмейді. Денесі мен аяқтарының терісінде ұсақ нүктелі папулезды бөртпелер бар. Тынысы беткей, ТЖ-30 рет мин. Пульс толымдылығы аз. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 60/20 мм.с.б. ЖСЖ 128 рет/мин. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №20

1. Морганьи-Адамс-Стокс ұстамаларының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 38 жаста, терісінің бөртуіне, температурасының жоғарлауына шағымданды.

Анамнезінен: сүлеллі бронхиттің өршуіне байланысты антибиотиктерді қабылдайды. Күнді дене температурасы 39°С жоғарлаған, денесіндегі бөртпелер көпіршікті, олардың көлемдері ұлғайып, бір бірімен қосыла бастаған.

Объективті: жағдайы ауыр. Қолдарында эритематозды түрдегі бөртпелер, ауырсынатын және шамалы ісінген әртүрлі көлемдегі дақтар, кейбіреулері қосылған. Денесінде әр түрлі көлемдегі дұрыс емес пішінді көпіршіктер. Кей бір көпіршіктер жарылған, олардың орындары эрозияланған.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №21

1. Морганьи-Адамс-Стокс ұстамалары кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 29 жаста, бетінің ісуіне, терісінің бөртуіне, тыныс алудың қиындауына шағымданады..

Анамнезінен: гинекологиялық ауруына байланысты амбулаторлы антибиотиктер қабылдаған. Емнің екінші күнінде терісінің қышуымен бөртпелер пайда болған, одан кейін бетінің, қабақтарының, құлақтарының ісуі және тыныс алдудың қиындауы пайда болған.

Объективті: жағдайы ауыр, науқас шошынып қалған. Беті қызарған, қабақ, ерін, құлақтарының айқын ісуімен. Денесі мен аяқтарының терісінде ұсақ нүктелі папулезды бөртпелер бар қышумен. Өкпесінде аздаған ысқырықты сырылдар, ТЖ 24 рет мин. Жүрек тондары қатты. ЖСЖ 98 рет мин. АҚ 140/70 мм с.б. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті

Билет №22

1. Кенеттен жүрек өлімі кезіндегі «Шұғыл көмек» дәрігерінің әрекеті және диагностикалық критерилері.

2. Науқас 29 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына менингококты инфекциямен түсті. Екініші күні күрт әлсіздік, бас айналу қосылды. Кезекші дәрігерді шақырды.

Объективті: жағдайы ауыр, есін нақты білмейді, баяулаған(заторможен). Менингеалды белгілер. Тері жабындылары бозарған, суық тер басқан. Денесі мен аяқ-қолдарында ұсақ нүктелі геморрагиялық бөртпелер басқан. Өкпесінде везикулярлы тыныс, пульстің толымдылығы аз. ТЖ- 26 рет мин. Жүрек тондары тұйық. ЖСЖ 120 рет мин. АҚ 70/30 мм с.б.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.