Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №10

1. Асқынбаған гипертониялық криздің этиологиясы, патогенезң, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 36 жаста, тұншығу ұстамасына шағымданды.

Анамнезінен: дезинфектор болып жұмыс істейді, ұстама алғаш рет кенет пайда болды, ол жертөлені респираторсыз химикаттармен өңдеп жатқан кезде болған еді. Басында ұлыған ұстамалы жөтел пайда болып, дауысы қарлыққан, содан кейін тұншығу ұстамасы пайда болды.

Объективті: жағдайы орташа, науқас шошынып қалған, қозған. Беттің цианозы, суық тер басқан. Мойын бұлшық еттері кернеулікте, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, аузы ашық. Шулы ысқырықты қиналған тыныс алу. Өкпенің үстінен стридорозды тыныс. Жүрек тондары қатты. ЖСЖ 120 рет мин. АҚ 140/80 мм с.б. Басқа ағзалары бойынша ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №11

1. Гипертониялық криз кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 43жаста, тыныс алуға мүмкіндік жоқ, тұншығу ұстамасына шағымданды.

Анамнезінен: ұстама аяқ астынан стрестен кейін пайда болған. (күйеуі қайтыс болған).

Объективті: жағдайы ауыр, қозғалысты және психикалық қозған. Тері жабындылары цианозды, суық тер. Мойын бұлшық еттері кернеулікте, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, аузы ашық. Шулы ысқырықты қиналған тыныс алу. Өкпенің үстінен стридорозды тыныс. Жүрек тондары қатты. ЖСЖ 104 рет мин. АҚ 140/80 мм с.б. Басқа ағзалары бойынша ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №12

1. Өкпе шеменімен асқынған, гипертониялық криздің диагностикалық критерилері.

2. Науқас 26 жаста, тұншығу ұстамасына шағымданды.

Анамнезінен: ұстама кенеттен алғаш рет, үйіне ремонт жасап жатқан кезде еріткішті қолданғаннан соң пайда болған. приступ возник впервые внезапно, во время ремонта дома применяла растворитель. Басында ұлыған ұстамалы жөтел пайда болып, дауысы қарлыққан, содан кейін тұншығу ұстамасы пайда болды.

Объективно: орташа ауырлықта, қозған. Бет цианозы, суық тер. Мойын бұлшық еттері кернеулікте, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, аузы ашық. Шулы ысқырықты қиналған тыныс алу. Өкпенің үстінен стридорозды тыныс. Жүрек тондары қатты. ЖСЖ 120 рет/мин. АҚ 140/80 мм с.б. Басқа ағзалары бойынша ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №13

1. Жедел сол жақ қарыншаның жетіспеушілігімен асқынған, гипертониялық криз кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 63 жаста, ашық қан араласқан жөтелге, әлсіздікке, бас айналуға, ентігуге шағымданды.

Анамнезінен: бір ай бойы әлсіздік, аздаған мөлшердегі сарғыш қақырық, тершеңдік, жүдеу, дене температурасының 38°С жоғарлауы, ентігу мазалаған. Дәрігерге қаралмаған, өз бетімен емделген.

Объективті: орташа ауырлықта, жүдеу. Тері жабындылары бозарған, ылғалды. Температурасы 37,6°С. Өкпенің сол жақ жоғары бөлігінен тұйықталған перкуторлық дыбыс, везикулярлы тыныс әлсіреген, ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ 26 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 98 рет мин. АҚ 100/70 мм с.б. басқа ағзалары бойынша ерекшеліксіз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.