Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №6

1. Жедел сол жақ қарыншаның жетіспеушілігімен асқынған, жедел инфаркт миокардының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Ер адам 53жаста, кенеттен пайда болған әлсіздікке, ауа жетпеу сезіміне, тұншығуға шағымданды.соңғы күндері жөтел және ентігу күшейе түскен мән бермеген (курильщик). Жұмыста өндірістік химикаттармен байланысы бар. Жұмысқа келген кезде, күрт әлсіздікті сезген, тұншығу ұстамасы, «Жедел жәрдем» шақырған.

Объективті: орташа ауырлықта, ортопноэ, сөйлескен кезде ентігу және ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ 20 рет мин. Ерін цианозы. Өкпесінде қатқыл тыныс, жайылған құрғақ сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясында II тонның акценті.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №7

1. Кардиоегнді шокпен асқынған, жедел инфаркт миокардының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 38 жаста, күшті тұншығу ұстамасына, жабысқақ шырышты қақырықтың бөлінуімен жөтелге шағымданды. Анамнезі: тоқыма өндірісінде тоқымашы болып жұмыс істейді, жүнмен үнемі қатынаста. Көп жылдар поллиноз, жылына 2-3 рет ЖРА ауырады. Тұншығу ұстамасы жыл бойы мазалаған, өз бетімен антигистаминді препараттар қабылдаған, эуфиллин.

Объективті: орташа ауырлықта, танау арқылы тынысы күрт төмендеген, диффузды цианоз. ТЖ 22 рет мин. Перкуссия кезінде өкпеде қораптық тыныс, аускультацияда өкпенің барлық аймақтарынан құрғақ ысқырықты және ызыңдаған сырылдар естіледі. ЖСЖ 96 рет мин. АҚ 110/70 мм с.б. жүрек тондары ырғақты, тұйықталған.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №8

1. Жедел инфаркт миокарды кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 27 жаста, бояушы, тұншығу ұстамасына, әрең шығатын қақырықты жөтелге шағымданады.

Анамнезінен: 10 жыл бойы темекі тартады. Жағадайының нашарлағанына 1 апта болған, ЖРВА кейін қақырықты жөтел пайда болған, соған байланысты науқас өзі ампициллин қабылдаған. Препаратты 2-ші күн қабылдағаннан кейін түнде тұншығу ұстамасы пайда болған, ЖМК бригадасымен преднизалон және эуфиллинмен қайтқан. Келесі апта бойында ентігу және әйнек тәрізді жабысқақ әрең бөлінетін қақырықты ұстамалы жөтел мазалаған. Объективті: орташа ауырлықта, алыстан ысқырықты сырылдар естіледі, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. ТЖ 24 рет мин. Өкпесінде қораптық дыбыс, тынысы күрт әлсіреген, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары қатты, ырғақты, ЖСЖ 100 рет мин, АҚ 120/80 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №9

1. Пароксизмалды тахикардиямен асқынған, Жедел инфаркт миокардының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 46 жаста, сварщик, тұншығу ұстамасына, әрең шығатын қақырықты жөтелге, әлсіздік, жүрегінің қағуына шағымданады.

Анамнезінен: маусымдық поллиноз, 20жыл темекі тартады, жиі ЖРА. Жағдайының нашарлағанына 2 ай болды, майлы бояудан кейін алғаш рет қиын тыныс алу ұстамасы пайда болып, өзі қайтқан. Дәрігерге жүгінбеген. 2 апта бұрын ЖРА ауырған, жөтел, қиналған тыныс алу пайда болған. Өз бетімен емнен нәтиже болмаған. Соңғы апталарда таңертеңгі және түнгі уақыттардағы тұншығу ұстамалары 3-4 рет пайда болған, сонымен қатар қақырықты жөтел, шамалы күш түскеннен кейін ентігу мазалаған.

Объективті: жағдайы ауыр, диффузды цианоз. ТЖ 28 рет мин. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді, перкуторлы қораптық дыбыс естіледі. Аускультацияда көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, «мылқау өкпе»аймақтары бар. Жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ 106 рет мин. АҚ 140/80 мм с. Б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.