Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №48

1. Жедел инфаркт миокардының ЭКГ-диагностикасы.

2. Науқас 68 жаста, бас ауыруы, бас айналуы, оң жақ қол мен аяғындағы әлсіздікке шағымданды.

Анамнезінен: бір жыл бойы бас ауыруы және бас айналуы мазалаған, емделмеген. Бүгін таңертең басының ауыруы, жүрегінің айнуы, мұрнынан қан кетекен, соден кейін сөзінің өзгерісі және аяқ-қолдарының әлсірегені қосылған.

Объективті: жағдайы ауыр, қозған. Сол жақты гемисиндром. Тері жабындылары қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінен ІІ тон акценті. ЖСЖ 56 рет мин. АҚ 180/90 мм с.б. іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ.ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №49

1. Жедел инфаркт миокардының лабораторлық диагностикасы.

2. Науқас 70 жаста, пульсациямен басының ауыруына, басы мен құлағындағы шуға, жүрек айну, құсу, жүрегінің сұққылап ауырсынуына шағымданды.

Анамнезінен: АҚ жоғарлауы бірнеше жылдар мазалаған, максималды 180/90 мм с.б., емделмеген, анда санда адельфан және анальгетиктерді басы ауырған кезде қабылдап отырған. Қант диабеті 2 тип.

Объективті: орташа ауырлықта, қозған, гиперстеник, айқын семіздік. Тері жабындылары қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тондары тұйық, экстрасистолия. ЖСЖ98 рет мин. АҚ 190/100 мм с.б. іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасында. Ісінулер жоқ.

ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көме» дәрігерінің әрекеті.

Билет №50

1. Гипотензивті препараттардың классификациясы.

2. Науқас 38 жаста, пульсациямен басының ауыруына, жүрегінің қағуына, сұққылап ауырсынуына, ентігуге, денесінің дірілденуіне шағымданды.

Анамнезінен: осы жағдай алғаш рет жұмыста стрестен кейін пайда болған, валидол қабылдаған, шамалы нәтиже берген.

Объективті: орташа ауырлықта, қозған, Тері жабындылары ылғалды және қызарған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қатты, ырғақты емес. ЖСЖ 115 рет мин. АҚ180/90 мм с.б. іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ.

ЭКГ: синусты тахикардия ЖСЖ 118 рет мин. ЖЭӨ орналасуы қалыпты, қарыншалық экстрасистолия.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

21