- •Билет №1
- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Билет №7
- •Билет №8
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Билет №11
- •Билет №12
- •Билет №13
- •Билет №14
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Билет №24
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Билет №27
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Билет №31
- •Билет №32
- •Билет №33
- •Билет №34
- •Билет №35
- •Билет №36
- •2012-2013 Оқу жылына Билет №37
- •Билет №38
- •Билет №39
- •2012-2013 Оқу жылына Билет №40
- •Билет №41
- •Билет №42
- •Билет №43
- •Билет №44
- •Билет №45
- •Билет №46
- •Билет №47
- •Билет №48
- •Билет №49
- •Билет №50
Билет №44
1. Өкпе артериясының тромбоэмболиясының этиологиясы, патогенезі және диагностикасы.
2. Науқас, 59 жаста, токарь болып жұмыс істейді, бел омыртқасына операциядан кейін кеңірек қимыл қозғалыстан соң кеуде клеткасында ауырсыну пайда болды, ол тыныс алғанда күшейе түсіп, кенеттен ентігу мазалаған.
Объективті: жағдайы ауыр, қозған, төсекте тынымсыз маза жоқ. Көзгеткөрінетін шырышты қабықтары және тері жабындылары цианозды. Тынысы беткей, ТЖ 40 рет 1 минутына. Аускультацияда оң жақтан тынысы әлсіреген, көп мөлшерде ылғалды, дыбыссыз сырылдар, жайылған құрғақ сырылдар естіледі. Мойын веналары шодырайған, сол жақ ІІІ қ/аралықтан пульсация анықталады. Пульс ырғақты, әлсіз. АҚ 110/70 мм с. Б. Жүректің оң жақ шекарасы ұлғайған. Аускультативті: жүрек тондары тұйықталған, , ырғақты, өкпе артериясының үстінен П тонның акценті. Ауыскультацияның барлық нүктелерінен систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, эпигастриден сезімтел. Бауыры қабырға доғасынан 2см шығыңқы, жиегі тығыз, шамалы ауырсынумен.
Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?
«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.
Билет №45
1. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі шұғыл көмек.
2. Науқас 48 жаста, тыныштық кезіндегі ентігуге, кеуде клеткасының сол жақ бөлігіндегі ауырсынуға, қан қақыруға шағымданды. Жоғарыдағы шағымдар аяқ астынан екі күн бұрын пайда болған, суық тиуге және эмоционалды стрестерге байланыссыз. Нитроглицерин қабылдаған нәтижесіз. Анамнезінен: аяқ веналарының тромбофлебиті.
Объективті: жалпы айқын цианоз, инспираторлы ентігу. ТЖ 26 рет мин. Пульс 100 рет мин, бірен-саран экстрасистолалар. АҚ 90/60 мм с.б. екі жақтан да аздаған құрғақ сырылдар естіледі.
Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?
«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.
Билет №46
1. Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі шұғыл көмек және диагностикасы.
2. Науқас 65 жаста, шүйде аймағынан басының ауыруына, тұншығу ұстамасына, қатты ентігуге шағымданды.
Объективті: жағдайы ауыр, ортопноэ. Өкпесінен ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызықпен 6-қабырға аралықта. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, төстің оң және сол жағынан 2-қ/а ІІ тонның акценті. АҚ 210/90 мм с.б. ЖСЖ 98 рет мин. Бауыры қабырға доғасының астында, ісінулер жоқ.
ЭКГ:
Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?
«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.
Билет №47
1. Дефибрилляцияны жүргізу ережесі және көрсеткіші.
2. Науқас 58 жаста, зауыттың бас инженері, пульсация беретін шүйде аймағындағы басының ауырсынуына, жүрегінің айнуына, бір рет құсқанын, басының айналуына, көз алдында«тор»пайда болуына шағымданды. Басының ауыруы бұрындары да болған, көбінесе таңертең не психоэмоционалды күш түскеннен кейін болып тұрған. Емделмеген. Соңғы ұстамасы қалыпты жағдайда пайда болған. Оның алдында іс сапарда болған, көп жұмыс істеген.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, науқас аздап қозған, шошынған, тері жабындылары ылғалды, бет және мойын терілері қызарған. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Пульс кренеулікте, 98 рет мин. АҚ 200/100 мм с. б. Сол жақ шекарасы сол жақ бұғана ортаңғы сызығынан 1,5 см чсыртқа орналасқан. Жүрек тондары анық, ырғақты, қолқадан ІІ тонның акценті. ЖСЖ 98 рет мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры ұлғаймаған, ісіктер жоқ. ЭКГ:
Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?
«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.
