Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты кардио пулмо 5к.12-13 каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.92 Mб
Скачать

Билет №39

1. Дәрілік аллергия кезіндегі шұғыл көмек.

2. 63 жастағы әйел адамнан ауау жетпеу сезімі, жалпы әлсіздік, бас айналу, естен тану жағдайдың бәр сағат бұрын пайда болғанымен шақыру түсті. Қызының айтуы бойынша, әйел адам, «Жедел жәрдемді» тосып отырған кезде, ас үйге кіре берісінде естен танып құлап қалған.

Объективті: әйел адам жерде жатыр, жағдайы ауыр, есі бар, әлсіреген, қозғалысы төмендеген, сұрақтарға дұрыс жауап береді, бірақ баяу, әрең және бір сөзбен. Тері жабындылары бозарған, акроцианоз, суық жабысқан тер. Тывнысы беткей, жиілеген, ТЖ 22 рет мин. Өкпе үстінен тынысы әлсіреген, сырылдар жоқ. Ps 140 рет мин., аритмиялы. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы. ЖСЖ 180 рет мин. АҚ 60/30 мм с. б.

ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Семей мемлекеттік медицина университеті

Факультет: жалпы медицина

Пән: Жедел және шұғыл медициналық көмек (№3,4 блок)

Емтихан

2012-2013 Оқу жылына Билет №40

1. Анафилактикалық шоктың этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

2. Науқас 52 жаста, жүрегінің қағуына, ауа жетпеу сезіміне, күрт әлсіздікке шағымданды.

Анамнезінен: ұстамалар соңғы 4 жылда пайда болған. Медикаментозды ем қабылдамаған. Соңғысы 3 күн бұрын пайда болған, айқын әлсіздік және артериялық гипотониямен сипатталған (80/60 мм с.б.), 40 минуттан соң кенеттен аяқталған.

Объективті: жағдайы орташа, гипергидроз, қызыл дермографизм. ТЖ 26 рет минутына, тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрегі: сол жақ шекарасы сол бұғана сызығынан 1см ішке, оң жақ шекарасы төстің оң қырымен, жоғары- ІІІ-қабырғаның төменгі жиегімен. Жүрек тондары қатаң, ЖСЖ шамамаен 200 соққы мин. АҚ 130/75 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көме» дәрігерінің әрекеті.

Билет №41

1. Анафилактикалық шок кезіндегі шұғыл көмек.

2. Науқас 47 жаста, жұмыстан кенеттен әлсіздік сезімін, бас айналуын сезген. Есінен танып қалған, тартылулар болған. Қызметкерлер «жедел жәрдем» шақырған.

Объективті: науқастың есі жоқ, тері жабындылары бозарған, акроцианоз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. ЖСД 30 рет/мин.

ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №42

1. «Жедел көмек» жұмысын ұйымдастыру.

2. Егде адамда кенеттен төс артынан өткір ауырсыну, кейін жөтел, бас айналу пайда болған. Кейінірек инспираторлы түрдегі ентігу және терісінің бозаруымен цианоз көрінді. Визуалды эпигастрий аймағындағы патологиялық пульсацияанықталынады. Перкуторлы жүректің оң жақ шекарасы ұлғайған, аускультативті –өкпе артериясынан II тонның акценті және оның екі еселенуі.

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.

Билет №43

1. Ауруханаға дейінгі этапта жедел инфаркт миокардының диагностикасы.

2. Босанған М. 35 жаста, аспазшы, бірінші рет босанған кезде кеуде клеткасындағы күшті ауырсыну және ентігу пайда болып, есінен танып қалған.

Объективті: жағдайы ауыр, есі жоқ, денесінің жоғары бөлігі көгілдір-қошқыл цианозды. Тынысы беткей 50 рет 1 минутта. Аускультацияда өкпенің оң жағында тыныс күрт әлсіреген, бірен саран құрғақ сырылдар, төменгі бөлігінде, сол жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ 30 рет мин.

ЭКГ:

Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?

«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.