
1 Этика- моорал туралы ғылым
Этика — адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады. Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
2 Мораль және құқық арасындағы қатынас
3
4
5 Деонтологиялқ этика
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.
Медициналық деонтология- медицина қызметкерлері қызметінің моральді-этикалық негіздерін, олардың рухани және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарын, қоғам мен халық алдындағы жауапкершіліктерін, науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестерімен өзара қарым-қатыстарын қамтиды
7 Гипократтың дәрігерлік этикасы
Дәрігер беделіне жете мән берген ежелгі дәуір медицинасының негізін қалаушы Гипократтың (б.д.д. 460-377 жж..) адамгершілік қасиеттері кең таралды. Арада едәуір уақыт (2500 жылдан астам) өткеніне, әрі заманның ғылыми жетістіктеріне қарамастан, кейінгі деонтологиялық қағидалардың барлығы, тіпті қазіргілері де «Гиппократ антының» мазмұнын бұлжытпай қайталайды.
7 Дәрігермен науқас арасындағы қарым-қатынас ережелері
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
9 императивти қатнас
Императивті қатынас- бұл науқасқа авторитарлық және директивтік әрекетжасау. Қарым-қатынастың бұл түрініңмақсаты - науқастың тәртібін бақылау және белгілі бір әрекет жасауға оны мәжбүрлеу. Императивті қатынастың негізгіерекшелігі - науқасты мәжбүрлеу мақсатыжасырын емес ашық түрде жүргізіледі. Мұнда әсер ету құралдарына жататындары - бұйрық, нұсқау, талап.
Императивті қатынас түрін қолдану, мақсат және этика тұрғысынан, әлеуметтік әрекет түрлерінде ғана қолайлы болады. Мысалы, төтеншежәне жедел жағдайларда. Команда, бұйрық және тыйым салу арқылы,сырттай бағынышты жағдайды жәнеталанты орындату- адамның ішкі ойы мен сенімінен,оның интровертті мотивациясынан (өзіндік ықпалынан) тумайтыны анық. Дәрігер - науқас арақатынасында императивті тәсілді қолдану көбінесе орынсыз және этикаға сәйкес емесболады.
10. Диалогтық қатынас
Диалогтық қатынас. Бұл арақатынаста, науқасқа дәрігер тарапынан ұстамдылық көрсетіліп, тепе-тендік жағдайы туады. Өзара әрекеттесудің келесі ережелерін айнытпас орындағанда ғана диалогты қатынасқа нәтижелі түрде жетуге болады:
Науқастың өзекті жағдайына өзінің толық көңіл-күйін аудару.
Науқасыкпалдарына априорды (алдын ала) сенім білдіріп, оны бағалаусыз қабылдау.
Науқасты өзіне тең деп есептеп, оны «өз жекешелік ойы мен меншікті өз шешімі бар» деп қабылдау.
Қатынасуды жеке тұлғалау (персонофикациялау) - қарым-қатынасты, сұхбатты өз атынан жүргізіп,басқалардың пікірлеріне жәнебеделділердің көзқарасына сүйенбей, тек өзінің нақтылы сезімдері менталаптарын көрсету.
Арақатынастың ішкі құрылысы да өте күрделі болады. Мұнда біріне бірі байланысты үш жағын айқындауға болады: коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік.
Арақатынастың коммуникативтік жағы науқаспен ақпарат алмасуды, ақпарат беру және кабылдаудан құрастырылады. Арақатынастың интерактивтік жағынан («интеракция» - әрекеттесу) мағынасы - қатынасқа түскендәрігер мен науқас әрекеттерінің алмасуы, яғни тұлға аралық әрекеттіұйымдастыру. Ал перцептивтік қатынасу жағы – бұл дәрігердің науқасты түсінуі,білуі. тәрбиелеуі негізінде тұлға аралық нәтижелі қатынас орнатуы
11. Сөзсіз қатынас
Сөзсіз қатынасу. Қатынас жасаған кезде басқа адамның физикалык бейнесінің жекеше белгілеріне назар аудару (бет әлпеті, қол, иық қимылдары, жестілері, позасы, интонациясы) арқылы қосымша мәлімет жинастырып, қатынасу процесін дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіншілік алады, әсіресе көп мәліметті (сигналдарды) тындаушы адамның бет-жүзі береді. Бұл сөзсіз қатынасу арқылы дәрігер ойын ауру адам қабылдап,я кабылдамағанын, оның түсініп сенім білдіргенін немесе күмәнданғанын көрсетеді.
12. Қосақтастыру техникасы
Қосақтастыру техникасы — бұл пациентпенбір дәрежелі психологиялық жанасу арқылы ем тиімділігін іске асыру. Басқа адамды түсіну және сезіну дәрігердің жеке тұлғалық психологиялық қасиеттеріне, яғни эмпатия қабілетіне байланысты болады. Сондықтан, бұл әдісті игеру үшін, дәрігер алдымен өзінің жекеше тұлғалық эмпатиялық қасиеттерін дамытып жетілдіру кажет. Егер науқаста, дәрігерді таңдау кұқығы болса, дәрігерде ондай мүмкіншілік жоқ, ол әр ауру адаммен қатынас жасауға даяр болуы керек. Мұнда, дәрігердің науқаспен алғашқы қатынасуы өте мағыналы болады, себебі бір қалыптасқан алғашқы пікірді өзгерту оңай болмайды