Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать
  1. Энергетикада басқарудың мақсаты және функцияларын атаңыз

Менеджердің қолындағы басқарудың ең маңызды құралы – оның иелігіндегі информация болып табылады. Ол осы информацияны пайдалану және таратумен бірге кері байланыс көмегімен қарамағындағыларды ұйымдастырады және басқарады.

Коммуникация дегеніміз – басшының тиімді шешім қабылдауы үшін хабарлар, мәліметтермен алмасуы және төмендегі буындарға қабылданған шешімдерді жеткізуі.

Басқару қызметтерінің барлық түрлеріндегі ақпараттар, хабарлар, мәліметтер айналымы коммуникациядағы байланыс процесстері деп аталады.

Әр бір басшы өзі басқаратын ұйымның мақсатына жетуі үшін үш бейнеде көрінеді және басқарудың 4 функциясын орындайды. Осы мақсатқа жету үшін олар хабарлар, мәліметтермен жұмыс жасайды және олар мақсатқа тура ықпал етеді.

Ұйымдардағы коммуникациялық процесстің бірнеше түрлері бар:

  1. Ұйымаралық және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастары. Әрбір ұйымдардағы қызметтер жөніндегі жазбалар, телефон арқылы сөйлеседі, кеңестер т.б. қарым-қатынастар байланыстырудың негізгі көзі болып табылады.

  2. Бөлімшілер мен деңгей арасындағы байланыстар тік байланыс шеңберінде жүргізіледі. Ол хабарлар жоғары деңгейден төменге келіп түседі немесе бәсеңдеп түсуі мүмкін. Осы арқылы бағынышты деңгейлерге алдағы міндеттер нақты тапсырмалар туралы хабарланады.

Сонымен бірге ұйымдарда төменнен жоғары көтерілуші хабарларда болады. Мысалы, банк маманы жаңа іске қосылған ЭХМ клиенттерді көп күттіретінін басшыға айтуы керек. Бұл байланыс әдетте есеп беру, ұсыныс жасау, түсініктеме хаттар жазу түрлерінде жасалынады.

  1. Бөлімшелер арасындағы байланыстар

Ұйымда жоғарыдан төмен және төменнен жоғарыға хабарлар байланысы болып қана қоймай, сонымен бірге көлденең байланыстарда болуы қажет. Көлденең қатынастар бөлімшелердің тепе-тең қалыптасуына әсер етеді.

  1. Басшылар және бағыныштылар арасындағы байланыстар. Бұл қатынастардағы жан-жақты және түрлі хабарлар мақсаттарды белгілеу, бір нәрсені ойлап табу және оның қорытындысы, бөлімшелердің мақсатқа жетулері үшін атсалысуы, тиімді жұмыс істеу үшін талқылаулар жасау, қол жеткізген тапсырмалар мен жетістіктері үшін ынталандыру бағыныштар қабілетін дамыту және жетілдіру оларды алдағы өзгерістер жайлы хабардар ету т.б. арқылы іс жүзіне асады.

  2. Басшы мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстар.

Басшы мен бағыныштар арасындағы байланысқа қосымша басша мен жұмысшы топтар арасындағы байланыстар қарастырылады.

Бұл байланыс жалпы басышларға топтардың тиімді жұмыс атқаруы үшін қажет. Хабарлар мәліметтер айналысы кезінде топтардың барлық мүшелері қатынасатын болғандықтан, олар болашақтағы жұмыс мақсаттары, олардағы өзгерістер мен жаңалықтар т.б. туралы өз ойларын ортаға салып бір кісідей талдап шешім қабылдайды.

  1. Бейресми байланыстар

Бейресми байланыстар арнасы – сыбыс-қауесет таратушы арналары деп айтуға болады.

Дәл емес хабарлар мен мәліметтер жиынтығы сыбыс-қауесет немесе сырттай естіп білген хабар-ошарлар деп аталады. Оларға мысалы: асхана, ділездерде, көше, аулада т.б. жерлерде. Бұл сыбыстың 80-90% арқашанда дәл деп танылады.

Бұл сыбыстар ұйымдарда төмендегідей болуы мүмкін:

  • жұмысқа кешіккендері үшін қолданылатын шара түрлері,

  • ұйым құрылымындағы өзгерістер,

  • басшылардың болашақтағы жоғарылауы немесе төмендеу т.б.

Коммуникация процессі және оның негізгі кезеңдері.

Коммуникация процессі дегеніміз екі немесе одан да көп адамдар топтарының хабарлар, мәліметтер т.б. алмасулары.

Оның негізгі мақсаты хабарлардың осы алмасуы үстінде түсінушілікті қалыптастыру болып табылады.

Хабарлар алмасу процессінде мынадай негізгі төрт элементті қарастыру қажет:

  1. Жөнелтуші, жіберуші – хабарларды жинақтап, өңдеп жіберуші адам;

  2. Хабардар ету немесе жариялау – шартты түрде символдар арқылы берілген хабар;

  3. Арналар – хабарлардың берілу құралдары;

  4. Хабарды қабылдаушы – хабарлар арналған және оны өзбетінше түсіндіретін адам.