Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

10 Кәсіпорынның энергияны үнемдеу жүйесіне мысал келтіріңіз

Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын табыстылықтың негізгі көрсеткіштері ретінде келесі топтарға біріктіруге болады:

- өнім табыстылығының көрсеткіштері;

- капитал (активтер) табыстылығының көрсеткіштері;

- қолма-қол ақшалар табысы бойынша саналатын көрсеткіштер.

Көрсеткіштердің бірінші тобы кәсіпорын есебінде кәрсетілген пайданың көрсеткіштері бойынша табыстылық дең-гейін анықтау арқылы қалыптасады. Мысалы:

Жалпы пайда / сату көлемі > Өткізуден түскен пайда / Сату көлемі > Салық алынатын пайда / Сату көлемі > Таза пайда / Сату көлемі.

Көрсеткіштердің екінші тобы алдын ала төленген қаражаттардың: кәсіпорынның барлық активі; инвестициялық капиталы (меншікті қаражаттар + ұзақ мерзімді міндеттемелер); акционерлік капиталдың сипатына және көлемінің өзгеруіне байланысты табыстылықты есептеу арқылы қалыптастырылады. Мысалы:

Таза пайда / Барлық активтер > Таза пайда >Инвестициялық капитал > Таза пайда / Меншіктікапитал

Осы көрсеткіштер мәнінің дәл келмеуі табыстылықты жоғарылату үшін кәсіпорын қаржылық тетігі болатын ұзақ мерзімді несиелер мен басқа да несие қаражаттарын пайдаланғанын сипаттайды.

Әрбір келтірілген көрсеткіштерді факторлардан тәуелділігін оқай өңдеуге болады. Келесі айкын тәуелділіктен көруге болады:

Таза пайда/ Барлық активтер = Таза пайда / Сату көлемі х Сату көлемі/ Барлық активтер

Бұл формула барлық активтердің (немесе өндірістік активтердің) табыстылығы, өткізу табыстылығы және қор қайтарымы (өндірістік қорлар айналымының көрсеткіші) арасындағы байланысты ашып көрсетеді.

Тағы да табыстылықтың факторлы үлгісін қарастырып көрейік.

Таза пайда / Меншікті капитал > Таза пайда /Сату көлемі > Сату көлемі / Жинақты капитал >

Жинақты капитал/ Меншікті капитал

Көрініп тұрғандай, меншікті (акционерлік) капиталдың табыстылығы өнімнің табыстылық деңгейінің өзгеруіне, жи-нақты капиталдың айналым жылдамдылығына және меншікті және несиелі капиталдардың қарымқатынасына байланысты. Мұндай тәуелділікті зерттеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін, оның іс-әрекетінің нәтижелік дәре-жесін бағалау үшін өте қажет. Бұл тәуелділіктен көріп тұрғандай, барлық жағдайлар бірдей болғанда акционерлік капиталдың қайтарымы жинақты капиталдың ішіндегі несие үлесінің өсуіне қарай өсетіні көрініп түр.

Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы табыстылықтың деңгейін есептеу негізінде қалыптасады, бірақ пайданың орнына есептеуде ақша қаражаттарының табысы қолданылады.

Мысалы:

Таза ақша қаражаттарының табысы > Таза ақша қаражаттарының табысы Жинақты капитал > Таза ақша қаражаттарынын табысы / Меншікті капиал> және т.б.

Бұл көрсеткіштер өндірістік әлеуетті пайдалана отырып, кәсіпорын карыз берушілер, несие берушілер мен акционерлерді колма-кол ақша қаражаттарымен қамтамасыз ете алатынын көрсетеді.

Табыстылықты жоғарылату екі бағыт бойынша жүргізіл-уі мүмкін: пайданың өсуі және өндіріске кететін шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда, оң нәтижеге өзіндік құнның төмендеуінен немесе өнімнің бағасының өсуі арқылы кол жеткізуге болады. Табыстылыктың өсуінің басты көзі - өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, көбінесе, негізгі қорлардың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуге болады.