- •1. Халық шаруашылық жүйесіндегі энергетиканың мәнін сипаттап жазыңыз:
- •2.Көмір, газ және мұнай өндірісі бар қорлар.
- •3. Өндіріс айналымындағы активтер құрылымы-өндірістегі қорлар.
- •4. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржыға түсініктеме беріңіз.
- •Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткішінің ерекшелігі атап өтіңіз
- •6 Пайдаланылатын және жөндеуде істейтін қызметкерлердің түрлерін атаңыз
- •7 Жөндеудің тапсырмалары мен мәні, ағымды және күрделі жөндеу формаларына мысал келтіріңіз
- •8 Жөндеу түрлері, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіз
- •9 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
- •10 Кәсіпорынның энергияны үнемдеу жүйесіне мысал келтіріңіз
- •Энергетикада басқарудың мақсаты және функцияларын атаңыз
- •Салық салу принциптері және салық түрлерін атап өтіңіз
- •Инвестицияның мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құру негіздерін атаңыз
- •14. Өндірісті жетілдіру және оған әсер ету факторларына тоқталып өтіңіз
- •15. Кәсіпорын құрылымына қойылатын талаптар
- •1. Елдегі отын энергетикасы ресурстарының қазба көлемдерін көрсетіңіз
- •2 Елдегі электрлендіру және материалдық техникалық базасын құрыңыз
- •3.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың қағидаларына тоқталып өтіңіз
- •4. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі және жібергендегі шығындарды құраушыларға сипаттама беріңіз.
- •5 Баға белгілеудің теориялық және практикалық негіздерін атаңыз
- •6. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау, энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасын атаңыз
- •7 . Өндіріс өнімін өңдеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері
- •8 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындрына тоқталып өтіңіз
- •9. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығын басқарудың ерекшеліктері
- •11. Өнеркәсіпке қаржы жұмсалымдардың (капитал) масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмұны
- •2. Ұйымдық әкімшілік әдістер
- •13 Нарықта энергетикаға сұраныс оны үнемдеу негіздеріне мысал келтіріңіз.
- •14. Кәсіпорын салықтарын талдаңыз және мемлекеттік бюджет жүйесіне мысал келтіріңіз
- •15. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтың жұмыс істеуіндегі жалпы шығындарын атап өтіңіз
- •1. Негізгі активтердің құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.
- •3. Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз
- •4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.
- •5.Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функцияларын атап өтіңіз
- •6 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдістерін түсіндіріңіз
- •7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз
- •8. Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері
- •9. Басқарудың классификациялық әдістері: Ұйымшылдық-реттеушілік, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды тәрбиелік басқаруларға мысал келтіріңіз.
- •10. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдарын көрсетіңіз
- •11. Жобаны өткізудегі алынатын табыс кестесін құрыңыз
- •12. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.
- •13. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •14 Кәсіпорынның энергетикалық байлансының формаларының кестесін құрыңыз
- •15.Энергетикалық шаруашылықта негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді кесте жүзінде көрсетіңіз
9 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
Шығындардың баптары бойынша өзіндік кұнды толық дэ-лелдеу шығындарды әр түрлі талдамалық топтастыру арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сипаты бойынша барлық жиынтық шығындарға жүйелі шектеу қоятын жоғарыда көрсетілген саралаулардан бұның бір айырмашылығы - ондай мак-сатты алдына коймайды. Калькуляциялоіқ баптардың көмегімен барлық шығындар екіге бөлінеді, әрқайсысы топтасудың негізі болатын нышанға қатысы бар екенін көрсетеді.
Шығындарды талдамалық топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері төмендегідей:
1. Шығындардың пайда болу орны бойынша өндірістік және кезең шығындары (коммерциялық) болып бөлінеді. Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың қатарына жатады. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп аталады. Бұл кез келген кәсіпорнында міндетті түрде болатын айналыс шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар екіге бөлінеді: көліктік және өткізу шығындары. Дайын өнімді тасымалдау өндіріс үдерісінің жалғасы болып табылады және оның құрамына өнімді тиеуге, түсіруге кеткен шығындар және тасымалдау тарифтері кіреді. Өткізу шығындары буып түю және сорттау үшін, дайын өнімді сақтау үшін, қызметкерлердің еңбекақысына, іссапарына кеткен шығындарынан тұрады. Өндірістік және кезең шығындары өнімнің толық өзіндік құнын көрсетеді.
2. Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген шығындарды өндірістік деп атайды. Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ақаулы өнім шығарғаннан келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.
3. Әр түрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша шығындар тікелей және жанама шығындар деп екіге бөлінеді. Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шыгаратын кәсіпорындарда қолданылады, солай болғандыктан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады.
Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды атаймыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатқы-зылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға, тасымалдаудайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік салықтарға кететін шығындар.
Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдайдағы шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жендеудің неше түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына парапар бөліп таратады.
4. Өндіріс көлемінің өзгерісіне қатысты шығындары айнымалы және шарттытұрақты (парапарлы, парапарсыз) деп бөлінеді. Өндіріс көлемі өскен сайын шығынның кейбіреуі көбейеді де, ал басқалары өзгеріссіз калады немесе өте аз өзгереді, осындай байланысты осы топтастырумен көрсетуге болады.
Айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне белгілі бір түрде тура байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялык мақсатқа жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген шығындар.
5. Экономикалық мағынасына қарай інығымдар негізгі және үстемелі деп бөлінеді.
Негізгі шығындарға өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей байланысты және басқарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз.
Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы технологиялык үдеріске тікелей байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады.
6. Экономикалық біртектілігіне қарай карапайым және күрделі деп бөлінеді.
Қарапайым (біртекті) шығындар - бір экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысына кететін шығындар.
Күрделі (кешенді) шығындар - бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті экономикалық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі шығындар, өнімді өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары
