Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

7 Жөндеудің тапсырмалары мен мәні, ағымды және күрделі жөндеу формаларына мысал келтіріңіз

Өндіріс тиімділігінің деңгейі еңбек құралдарына және оның жұмыс жағдайында сақталуын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен модернизациялаудың жүйесіне байланысты.

Бұл жұмыстардың төменгі сапасы мен уақытылы орындалмауы өндіріс ырғақтылығын бұзады, шығынға әкеледі, өнімді қымбаттатуға әкеледі. Жөндеу бойынша қызмет көрсету шығындары өндіріс шығындарының көп бөлігін құрайды және жөндеумен айналысатын жұмысшылар саны да жоғары болады.

Кәсіпорындардың жаңа жоғарғы өнімділікті және қымбат техникамен жабдықталуы техникалық қызмет көрсету әдістері мен формаларын ұйымдастыруға, жабдықты жөндеуді, жөндеу бойынша шығындарды төмендетуге қажеттілікті анықтайды.

Жөндеу шаруашылығының міндеттеріне - жабдықты әрдайым жұмыс қалпында сақтау, жөндеуде оның тұру уақытын қысқарту, оның жөндеу шығындарын қысқарту жатады.

Өнеркәсіптік кәсіпорында олар жоспарлық- ескертулік жөндеу жүйелері негізінде шешіледі.

Жоспарлық-ескертулік жөндеу- бұл жабдықты күту мен бақылау, жөндеу, жөндеуде болу уақытын қысқарту, сондай-ақ жөндеу мен іске қосу бойынша шығындарды қысқарту бойынша жоспарланған ұйымдастыру-техникалық шаралар кешені болып табылады. Бұл жүйе жабдықтың жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етеді және берілген сападағы өнімді дайындау үшін жағдайлар жасайды.

Жоспарлы- ескертулік жөндеу келесі жұмыстардан тұрады:

Жөндеу аралық қызмет көрсету.

Мерзімдік профилактикалық операциялар.

Жоспарлық жөндеулер.

Жөндеу аралық қызмет көрсету- жабдықтың қирауын ескерту үшін және қатардан шығуын болдырмау үшін жүргізіледі. Оған: жабдықты күтумен және оның жағдайын бақылаумен, пайдалану ережелерін сақтауды бақылаумен, жабдықты майлауды бақылаумен, майда бұзылыстарды жоюмен байланысты күнделікті шаралар жатады. Бұл жұмыстарды жабдықты пайдаланушы жұмысшылар, жөндеу персоналы (сменааралық үзілістерде жұмыс сменасында жабдықтың тұрып қалуын болдырмау мақсатында жүргізіледі) атқарады. Шеберлер мен бригадирлер жабдықты пайдалану ережелерін сақтау барысында бақылау жасайды.

Мерзімдік профилактикалық операциялар жөндеу персоналымен алдын-ала өңделген кесте бойынша және жабдық түріне, оны пайдалану жағдайына байланысты жуу, майын ауыстыру, дәлдікке тексеруі, сондай-ақ майда бұзылыстарды жою мақсатында және кезектегі жөндеу үшін қажетті дайындық жұмыстарының тізімін бекіту үшін жабдықты тексеру үшін жүргізіледі

8 Жөндеу түрлері, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіз

Жоспарлық жөндеулер олардың көлеміне, еңбек сыйымдылығына және шығындарына байланысты кіші, орташа және күрделі жөндеулер болып бөлінеді.

Кіші жөндеу бұл тез тозатын бөліктерін ауыстыру мен қалпына келтіруді жүзеге асырады. Бұл жөндеу жұмыс емес сменаларда, демалыс күндері жүргізіледі немесе кезектегі жөндеуге дейін жабдықтың жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етеді.

Орташа жөндеу бұл кішіге қарағанда үлкен және қымбат жөндеу және бірқатар бөліктерді ауыстыру немесе қалпына келтіруді жүзеге асырады және жабдықты бөлшектеуді орындау арқылы жүзеге асырылады.

Күрделі жөндеу көлемі, еңбек сыйымдылығы мен құны бойынша жоғары. Күрделі жөндеу барысында жабдық түгелімен бөлшектеледі, ауыстырылады немесе толық қалпына келтіріледі. Нәтижесінде оның техникалық сипаттамалары түгелімен қалпына келтіріледі.

Кәсіпорында жөндеу шаруашылығының қызметі бас механик бөлімімен басқарылады. Оның құрамына: конструктор-технолог, жоспарлы өндірістік топтар, жөндеу цехтары, қосалқы бөлшектер қоймалары тағы басқа кіреді.

Кәсіпорында жөндеу жұмыстары орталықтандырылған, орталықсыздандырылған және аралас жүйе бойынша орындалуы мүмкін.

Орталықсыздандырылған жүйеде барлық жөндеу жұмыстары цехтік механиктердің өз күшімен, бас механик бөлімінің басшылығымен жүргізіледі. Ал орталықтандырылған жүйеде жөндеу - механикалық цех жұмыскерлерінің күшімен, аралас жүйеде - цехтік механиктер жөндеу аралық қызмет көрсетеді және кіші жөндеу жүргізеді, ал жөндеу цехінің жұмыскерлері - орташа және күрделі.