Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

4. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржыға түсініктеме беріңіз.

Қарыздық қаржы – бұл мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың арасында ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Қаржы ақша құралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау және ЖІӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалық құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.

Жарғылық қаржы - қызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардың табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Қаржының ынталандырушы қызметі: салық ставкаларын, жеңілдіктерді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техникалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.

Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталықтандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін, өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.

Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтандырылған, орталықтандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады.

Орталықтандырылған қаржылар – ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалпы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар - әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылары. Бұл заңды тұлғалар арасындағы, заңды тұлғалар мен мемлекет арасындағы және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің негізін құрайды. Мұнда қаржы ресурстарының маңызды бөлігі қалыптасады. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы қаржы жағдайы тәуелді болады.

Үй шаруашылықтарының қаржылары - өзіндік қаржылар, яғни ортақ шаруашылық жүргізетін жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Қаржы жүйесінің әрбір элементі өндіріске әсер ете алады және өзінің қызметтері бар. Орталықтандырылған қаржылар көмегімен мемлекеттің негізгі орталықтанған қорына ресурстар жинақталып, халық шаруашылық салалары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді. Фирмалардың қаржылары өндірісті қамтамасыз етеді. Олардың қатысуымен ЖҰӨ өндіріледі. Үй шаруашылығының қаржылары олардың өмірінің материалдық негізі болады. Сондықтан жалпы қаржы жүйесі қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығынан тұрады. Макроэкономикалық зерттеу көзқарасынан мемлекеттік қаржылар маңызды роль ойнайды.