Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

12. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.

Кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштер деңгейі өндіріске техникалық және ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету қызметінің жұмыстарының сапасымен анықталады.

Кәсіпорындарды техникалық қайта құру мен қайта жарақтандыру қарқындарының арту жағдайында, кәсіпорындардың жоғарғы өнімді автоматтандырылған жабдықпен жарақтануы жағдайында өндіріс ырғақтылығы, еңбек өнімділігі, өнім сапасы мен өзіндік құны аталған қызметтердің жұмысының тиімділігіне байланысты болады. Еңбекакы төлемі жұмыс күшінің құны ретінде қалыптасуын, яғни еңбекақының төлем мөлшерлерін белгілеуді жүзеге асыратын құрал келесі негізгі элементтерден құралады:

- жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлердің өкілдері арасындагы келіссөздер еңбек төлемақы шарттарын алдымен еңбекақы мөлшерлері жөнінде жүргізіп, осы шарттарды бекітетін арнайы келісімшарт түзіп, оның қабылдануымен аяқталады;

- ең төмен еңбекақы мөлшерін бекіту, инфляция әсерінен нақты еңбекакы деңгейінің төмендеуін болдырмайтын, кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда еңбекақының төленуін қамтамасыз ететін секілді, еңбекақыны нарықтық экономикадағы жағымсыз кұбылыстардан қорғайтын мемлекеттік кепілдіктер жиынтығы;

- бюджеттік проблемаларды шешу үшін қызметкердің еңбекақысын оның табысы ретінде реттеу, нақты еңбегі үшін алынған ақысы еңбек құнынан шектен тыс айырмашылығы болмауын қамтамасыз ететін салық тетігі.

- қызметкерлер еңбегін өтеу деңгейі мен динамикасы және жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған өзге де шығындары жайлы есеп беру арқылы қызметкерге де, жұмыс берушіге де келіссөздер барысында белгіленген еңбекақы мөлшерлері бойынша төленетін нақты еңбекақы мөлшерінің ауьттку деңгейі анықталады, соның арқасында енбекақыны өзгерту қажеттілігі пайда болады

Әр түрлі меншік нысаны бар кәсіпорындарда еңбекакы төлеудің екі түрі кең таралған: кесімді төлеу - әрбір өндірілген өнім бірлігіне немесе орындалған жұмыс көлеміне сәйкес ақы төлеу және мерзімді төлеу - заңмен реттелген нормативті жұмыс жасалған уақыт мөлшеріне тиісті акы төлеу. Кесімді және мерзімді еңбекакы төлеу түрлерінің екеуін де тізбек түрінде беруге болады.

Енбекакы нысандары мен жүйесі

Кесімді еңбекакы төлеу

Мерзімді еңбекакы төлеу

Жай кесімді

Жай мерзімді

Кесімдісыйақылы

Мерзімдісыйақылы

Жанама-кесімді

Сағаттык

Акқордтык

Күндік

Кесімді үдемелі жеке адамға

Апталык

Кесімді үдемелі ұжымдык

Айлык

Еңбекақы төлемдерінің екі нысаны мерзімді және кесімді бойынша төлеу бар екенін білеміз. Қандай да бір нысанын таңдап алу өндірістің ұйымдастырылу және технологиялық ерекшеліктеріне, еңбекті ұйымдастыру түріне және жұмыс күшімен қамтылу деңгейіне қатысты анықталады. Бұл факторлардың барлығы еңбекақы төлеу нысанын, негізінен, техникалық шарттар және оларды қолдану аумағын шектеу тұрғысынан сипаттайды. Шынында да екі нысанға меже орнатудың нышаны - өнімнің табиғи көлеміне жұмсалған жұмыс уақытына қатынасы арқылы еңбек өнімділігін есептеу мүмкіндігі болып табылады.

Мерзімді төлемақы кезінде еңбек мөлшері болып жұмыс атқарылған уақыт саналады, ал еңбекақы тарифтік мөлшері бойынша немесе іс жүзінде жұмыспен өтелген уақыттың төлемі түрінде жүргізіледі.

Еңбекакыны есептеу тәсіліне қарай жай мерзімді еңбек-ақы төлеу жүйесі - сағаттык, күндік, айлық болып бөлінеді.

Мерзім бойынша еңбекакы төлеу кезінде келесі келтірілгендердің мыңызы зор:

1) жұмыскерлердің нақты орындайтын жұмысының мамандық деңгейін ескеріп, дұрыс тарифтік разряд беру, себебі олардың еңбегін дұрыс бағалау осы факторға байланысты;

2) әр жұмыскердің нақты аткарған жұмыс уақытын дәл есептеу.

Мерзімді еңбекақы төлеу кезінде жұмыскердің еңбек-ақысы келесі түрде анықталады:

ЕА = Т х ф ,

м ук'

мұнда: ЕА - жұмыскердің белгілі бір кезең ішіндегі еңбек-ақысы;

Т - уақыт бірлігіндегі разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат, ай);

Ф - нақты атқарылған жұмыс уақыт қоры (күн, сағат).

Мерзімді төлемақының нысандары: жай мерзімді, мер-зімдісыйақылық.

Мерзімдісыйақылық еңбекақы төлеу кезінде тарифтік мөлшер немесе нақты атқарылған уақыт ақысына қосымша жұмыскерге жұмыстағы нақты көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді:

мұнда: Ак - бір ай ішінде нақты атқарылған жұмыс уақыт мөлшері, адам/сағат;

Т - уақыт бірлігіндегі сәйкес разрядтың тарифтік мөлшері (теңге/сағат);

р - тарифтік мөлшерге пайыздык қатынаспен берілген сыйақы мөлшері;

К - сыйақы шарттары көрсеткіштерін әрбір асыра орындау пайызы үшін есептелетін сыйақы, %.

п - сыйақы көрсеткіштерін асыра орындау үлесі (пайызы) [81].

Өндірістің кәсіптік арнайы ерекшеліктері мен жекелеген жұмыскермерзімшілердің орындайтын жұмыс сипатына қарай әр түрлі сыйақы көрсеткіштері белгіленеді.

Өндірістік және көмекші цехтарда қызмет ететін көмекші жұмыскермерзімшілер өздері қызмет ететін телімнің өндірістік тапсырмасын орындаған жағдайда, жұмысты өз мер-зімінде және сапалы орындағаны үшін сыйақы алуы мүмкін. Сапалы көрсеткіштері үшін технологиялык құрал-жабдықтар жөндеумен айналысатын жұмыскермерзімшілер де сыйақыға ие бола алады.

Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек мөлшері жұмыскердің өндірген өнімі (аткарған жұмыс көлемі) болып табылады, еңбекакы келісілген бағамдау бойынша өндірілген өнімнің көлемі мен сапасына тікелей тәуелді болады.

Тура кесімді жүйе бойынша еңбекақы төлеуді дұрыс қолданудың негізгі шарттары келесілер:

1. Жұмыскердің өндіріске косқан еңбек үлесінің мөлшері мен сапасын мүмкіндігінше дәл есептеуді қамтамасыз ететін техникалық негізделген өндіру мен уақыт мөлшерлерінің болуы және олардың дұрыс қолданылуы.

2. Тарифтік-мамандық анықтамаларына сәйкес жұмыстың дұрыс тарифтелуі.

3. Нақты аткарылған жұмыска косып жазуға жол бермейтін жұмыс көлемін дәл есептеу жүйесі.