- •1. Халық шаруашылық жүйесіндегі энергетиканың мәнін сипаттап жазыңыз:
- •2.Көмір, газ және мұнай өндірісі бар қорлар.
- •3. Өндіріс айналымындағы активтер құрылымы-өндірістегі қорлар.
- •4. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржыға түсініктеме беріңіз.
- •Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткішінің ерекшелігі атап өтіңіз
- •6 Пайдаланылатын және жөндеуде істейтін қызметкерлердің түрлерін атаңыз
- •7 Жөндеудің тапсырмалары мен мәні, ағымды және күрделі жөндеу формаларына мысал келтіріңіз
- •8 Жөндеу түрлері, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіз
- •9 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
- •10 Кәсіпорынның энергияны үнемдеу жүйесіне мысал келтіріңіз
- •Энергетикада басқарудың мақсаты және функцияларын атаңыз
- •Салық салу принциптері және салық түрлерін атап өтіңіз
- •Инвестицияның мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құру негіздерін атаңыз
- •14. Өндірісті жетілдіру және оған әсер ету факторларына тоқталып өтіңіз
- •15. Кәсіпорын құрылымына қойылатын талаптар
- •1. Елдегі отын энергетикасы ресурстарының қазба көлемдерін көрсетіңіз
- •2 Елдегі электрлендіру және материалдық техникалық базасын құрыңыз
- •3.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың қағидаларына тоқталып өтіңіз
- •4. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі және жібергендегі шығындарды құраушыларға сипаттама беріңіз.
- •5 Баға белгілеудің теориялық және практикалық негіздерін атаңыз
- •6. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау, энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасын атаңыз
- •7 . Өндіріс өнімін өңдеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері
- •8 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындрына тоқталып өтіңіз
- •9. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығын басқарудың ерекшеліктері
- •11. Өнеркәсіпке қаржы жұмсалымдардың (капитал) масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмұны
- •2. Ұйымдық әкімшілік әдістер
- •13 Нарықта энергетикаға сұраныс оны үнемдеу негіздеріне мысал келтіріңіз.
- •14. Кәсіпорын салықтарын талдаңыз және мемлекеттік бюджет жүйесіне мысал келтіріңіз
- •15. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтың жұмыс істеуіндегі жалпы шығындарын атап өтіңіз
- •1. Негізгі активтердің құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.
- •3. Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз
- •4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.
- •5.Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функцияларын атап өтіңіз
- •6 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдістерін түсіндіріңіз
- •7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз
- •8. Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері
- •9. Басқарудың классификациялық әдістері: Ұйымшылдық-реттеушілік, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды тәрбиелік басқаруларға мысал келтіріңіз.
- •10. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдарын көрсетіңіз
- •11. Жобаны өткізудегі алынатын табыс кестесін құрыңыз
- •12. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.
- •13. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •14 Кәсіпорынның энергетикалық байлансының формаларының кестесін құрыңыз
- •15.Энергетикалық шаруашылықта негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді кесте жүзінде көрсетіңіз
7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді, міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі міндеттерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс жолдарын таңдап алу болып табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда жоспарлау мынандай сұрақтарға жауап береді:
Біздің қазіргі, бүгінгі жағдайымыз қандай?
Болашақта біз қандай болуымыз қажет?
Осы жолда нендей кедергілер орын алған?
Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды ?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатын төмендегідей міндеттерді атап өтуге болады:
-нақтылы мерзім ауқымында белгіленген мақсаттар мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;
-қажет етілетін адамдық, материалдық, ақпараттық басқада ресурстарды іздестіру;
-басқару жүйесі мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
-еңбек өнімділігімен пайда деңгейін арттыру, өндіріс барысы мен құрал – жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
-сенімді бақылау жүйесін қамтамасыз ету арқылы міндеттерді орындауға қол жеткізу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап ететді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді. Мідеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылуы мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілетін зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару кҰзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жузеге асыру мен қажет болған жағдайда тузетулер және өзгерістер еңгізу әрекеттері орындалады.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативті жоспарлау және ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.
8. Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері
Стратегия ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттіліке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында генерал шеберлігін береді. Стратегиялық жоспарлау- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімдікті орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.
Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.
Сыртқы ортаға бейімделу . Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік-мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.
Ішкі үйлесімдікті орындау дегеніміз стратегияны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз түстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі.
Ұйымдық стратегияны ұсыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады. Ал енді осы айтылғандарды қорытындылай келе, ұйымдардағы стратегияны анықтап өтейік.
Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай , нақтылы деректермен негідделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жузеге асырады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне осылардың барлығы стратегиялық жоспардың белгілерін анықтап береді.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындаған кезде ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейіноны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс-жосығы және ереже арқылы жүзеге асырылады.
Тактика - ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімде үйлестірілуі.
Саясат – мақсатқа жетудегі жеңілдігі үшін шешім қабылдау мен іс-қимылда жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарын тиімді қолдануға және оларды әлеуметтк қорғауға жағдай тудырады.
Іс-жосығы - ұйым қызметінің барысы қайталанылатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бір іс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бір қатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі бар. Жәнеде іс-жосық нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама беріледі, ал бұл бір қатар кедергілермен, келіспеушіліктер тудырады.
Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.
Ереже мен іс-жосығы міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғарға ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеуде, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және дұрыс салыстырулар жургізудемаңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ-да өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бес жылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар, батыстағы ірі концерндер өз кәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.
өндіріс пен экономиканы басқарудың тиімділігін дамыту мақсатында тактикалық жоспарлаудың қолданылуы орынды.
Ал енді осы белгілеріне қарай тактикалық жоспардың қабылдануы мен бастапқы міндеттерін анықтап өтейік.
Кәсіпорындағы жоспарлар жүйесі барлық саласының нақтылы шектелген әрі жекелеген жоспарларынан тұрады. Осыған орай ұйымда тактикалық жоспарлау шеңберінде арнайы қабылданған өндірістік жоспар, шикізат жоспары, еңбек күшінің жоспары, маркетинг кешенінің жоспары, тауар айналымының жоспары, қысқа мерзімді қаржы жоспары орыналады.
Тәжірибеде басшылық көптеген жоспарларға өзгерістер енгізіп жетілдіріп отырады, яғни басшылық жоспарды үнемі басқарып отыруы тиіс.
Индикативті жоспарлау.
Қазіргі кездегі өндірістің күрделене түсуі жағдайында айқын экономикалық құрылымдық саясаттың қабылдануы мен жүзеге асырылуын халық шаруашылығының басым салаларының дамуындағы мемлекеттік бағдарламаларына негізделген индикативті жоспарсыз елестету қиын. Жоспардың аталған түрі нарықтық экономика кең етек алған көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Жапонияда үш жолы он жылдық мемлекеттік жоспар қабылданады. Дегенмен, батыс елдерінде қолданылатын индикативті жоспар біздегі жоспарлардан бірқатар өзгеше болып келеді. Оның себебі қоғамдық және жеке қысқа мерзімді және ұзақ уақыттағы мүдделерді тепе-теңдікті үстауда жүйеге әкімшілдік араласу емес, экономикалық реттеу арқылы ықпал етуінде.
Индикативті жоспар кең мағынасында мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуындағы басылымдылық пен ғылыми дәлелденген мақсаттарды анықтауды, осыларға байланысты өлшемдер жүйесін міндетті орындау әдістерін береді.
Жеке аймақтың, кәсіпорынның және азаматтардың құқықтары мен мүдделері сақталына отырып, нарықты экономикада индикативті жоспар арқылы әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыт-бағдарламасы мен оны жүзеге асыру әдістемесі орындалады.
Бастапқы макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық даму қарқынының болжамын, қоғамдық өндірістің құрылымын, мемлекеттің, кәсіпорындардың құрылымын, мемлекеттің, халықтың қаржы қорларын анықтайды.
Ұйым ішіндегі жоспарлау фирманың сыртқы ортаға бейімделу барысын мақсаттар мен ықтымалды стратегияларды қалыптастыруларды және олардың орындалуындағы қажетті іс-қимылды бейнелейді.
Ұйым ішіндегі жоспарлаудың мақсаты: ұйымның сыртқы ортасындағы белгісіздік пен тұрақсыздықтың кертартпа зардаптарын жою; күш-жігермен көңіл-күйді негізгі мақсатттарды орындауға бағыттау; экономикалық қызмет жасауды қамтамасыз ету; бақылауды жеңілдету болып табылады
