Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сала эк.для сотки.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499.2 Кб
Скачать

4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.

Нарықтық экономикада баға үш басты қызмет атқарады:

  1. Бағдар беруші – сатушы мен сатып алушылар әрекеттері үшін ақпарат береді;

2. Ынталандырушы - өндірісті өте үнемді әдіспен жүргізуге және сұранысты ұтымды пайдалану арқылы ықпал етеді;

3. Бөлу – бұл арқылы нарықтық экономика қатысушылары арасында табыстар, өндірістік факторлар және игіліктер бөлінеді.

Бұл қызметтердің орындалуы тек ғана бағалардың табиғи динамикасын бұзатын монополия және инфляциясыз жағдайдағы еркін баға қозғалысы арқылы ғана мүмкін болады. Бұл шарт бұзылса нарықта бейберекет, кездейсоқ құбылыстар орын алады.

Жылу-энергетикалық теңдестік халық шаруашылығы мен тұрмыста өзара үйлесімді өндіріліп пайдаланылатын жылу-энергетикалық қорлардың және олардан туындаған энергия түрлерінің (электр энергиясы, жылу және т.б.) кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі.

Отын теңдестігі отынның барлық түрлерін көрсетеді, ал жылу-энергетикалык теңдестік өндірілген және қолданылған энергияны (электр энергиясы, сығылған ауа энергиясы және т.б.) ескереді.

Жылу-энергетикалық теңдестік материалдық теңдестік сияқты екі бірдей бөлімнен тұратын тор түрінде беріледі:

- сол жағында (ресурстар) өндірілген отынды, электр энергиясын, атом және геотермальді электр энергиясын, шет елден келген энергияны, басқа да келіп түскен энергия мен жыл басында қалған қалдықты есептейді.

- оң жағында (таратылғаны) жалпы пайдаланғаны көрсетіледі, оның ішінде электр энергиясына, жылу энергиясына және сығылған ауаға, өндірістіктехникалык және т.б. мұктаждарға жұмсалған, экспортқа жіберілген отын-энергетика мен жыл соңында қалған қалдық ескеріледі.

Жылу-энергетикалық теңдестік отынды және энергияны өндіру мен тұтынудың көлемі жайлы ғана емес, сонымен қатар жоспарлау мерзімінде отынның қандай түрін, қай ауданда, қанша көлемде, өндіру керектігі туралы мәліметтерді береді.

Отын және отын-энергетикалық теңдестікті жасаудың қажеттілігі:

- қазіргі заманғы отын мен энергияны өндіру, оның тұтыну көлемін зерттеу;

- отын мен энергияны қажеттілігіне қарай ресурстармен қамтамасыз ету;

- жетілдіру үшін отын-энергетикалык теңдестіктің құрылымын талдау;

- елдің отын-энергетикалық кешенін дамыту үшін қажет күрделі қаржыны анықтау;

- отын-энергетикалық ресурстардың сыртка шығару немесе сырттан алу мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау.

Сонымен, отын - энергетикалық теңдестік пен оны жасау мемлекеттің экономикалық саясатының мыңызды элементі болып табылады.

Оңтайлы пайдаланудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

- отын және отын-энергетикалық теңдестіктің құрылымын жақсарту;

- өнеркәсіп кәсіпорындарында шикізатты пайдалануға мұқият және сапалы дайындалу;

- шығынын азайтып, сапасын төмендетпей шикізат пен отынды тасымалдауды дұрыс ұйымдастыру;

- шикізатты кешенді пайдалану;

- өндіріске химия саласын ендіру;

- өндіріс қалдықтарын дұрыс пайдалану;

- шикізатты қайта пайдалану және т.б.

Осылардың кейбіреуіне толығырак тоқталайык.

Шикізатты алғашқы өңдеу және байыту. Өндірісте пайдаланылатын минералдық және органикалық шикізаттар, көбінесе, белгілі бір дайындықты қажет етеді. Осыған орай кез келген өндіріс саласында пайдаланылатын шикізаттарға ерекшеліктеріне қарай әр түрлі алғашқы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі - концентрат, ал екіншісі - қалдық (хвосты) деп аталады. Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95%-ы, темір рудасының көпшілігі, фосфориттердің барлығы байытуға жіберіледі.

Байытудың экономикалық мыңыздылығы келесіден тұрады:

- өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;

- дайын өнім алу үшін кейінгі өңдеу арзанға түседі;

- дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;

- шикізатты алынған жерінен өңдеу орнына жеткізу шығындары азаяды;

- көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және оларды пайдалану тиімділігі артады.

Әрбір кәсіпорын өзінің ерекшілігіне байланысты өнімнін материалдық сыйымдылығын азайтуы тиіс. Бұнымен іс бітпейді. Бұл мәселені тезірек шешу үшін мемлекет өз тарапынан ұтымды саясат жүргізуі қажет. Өкінішке орай, жүргізіліп отырған мұндай саясатты әлі көріп отырғанымыз жоқ, сондықтан да бұл ұлтык экономиканың дамуына үлкен кедергі болып отыр