- •1. Халық шаруашылық жүйесіндегі энергетиканың мәнін сипаттап жазыңыз:
- •2.Көмір, газ және мұнай өндірісі бар қорлар.
- •3. Өндіріс айналымындағы активтер құрылымы-өндірістегі қорлар.
- •4. Жекеменшік, қарыздық және жарғылық қаржыға түсініктеме беріңіз.
- •Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткішінің ерекшелігі атап өтіңіз
- •6 Пайдаланылатын және жөндеуде істейтін қызметкерлердің түрлерін атаңыз
- •7 Жөндеудің тапсырмалары мен мәні, ағымды және күрделі жөндеу формаларына мысал келтіріңіз
- •8 Жөндеу түрлері, энергетикадағы жөндеуді ұйымдастыру формаларын түсіндіріңіз
- •9 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы
- •10 Кәсіпорынның энергияны үнемдеу жүйесіне мысал келтіріңіз
- •Энергетикада басқарудың мақсаты және функцияларын атаңыз
- •Салық салу принциптері және салық түрлерін атап өтіңіз
- •Инвестицияның мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құру негіздерін атаңыз
- •14. Өндірісті жетілдіру және оған әсер ету факторларына тоқталып өтіңіз
- •15. Кәсіпорын құрылымына қойылатын талаптар
- •1. Елдегі отын энергетикасы ресурстарының қазба көлемдерін көрсетіңіз
- •2 Елдегі электрлендіру және материалдық техникалық базасын құрыңыз
- •3.Кәсіпорында еңбекті ұйымдастырудың қағидаларына тоқталып өтіңіз
- •4. Электр және жылу энергиясын өндіргендегі және жібергендегі шығындарды құраушыларға сипаттама беріңіз.
- •5 Баға белгілеудің теориялық және практикалық негіздерін атаңыз
- •6. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау, энергетикалық шаруашылықтың техникалық құжаттамасын атаңыз
- •7 . Өндіріс өнімін өңдеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері
- •8 Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындрына тоқталып өтіңіз
- •9. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығын басқарудың ерекшеліктері
- •11. Өнеркәсіпке қаржы жұмсалымдардың (капитал) масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмұны
- •2. Ұйымдық әкімшілік әдістер
- •13 Нарықта энергетикаға сұраныс оны үнемдеу негіздеріне мысал келтіріңіз.
- •14. Кәсіпорын салықтарын талдаңыз және мемлекеттік бюджет жүйесіне мысал келтіріңіз
- •15. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылықтың жұмыс істеуіндегі жалпы шығындарын атап өтіңіз
- •1. Негізгі активтердің құрылымы мен құрамы.
- •2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.
- •3. Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз
- •4. Нарықтық жағдайдағы отын бағасының электр және жылу энергиясына баға белгілеуді қалыптастыру жүйесіне тоқталыңыз.
- •5.Энергетика саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функцияларын атап өтіңіз
- •6 Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдістерін түсіндіріңіз
- •7.Кәсіпорынның өнім шығару жоспарының әдістерін анықтаңыз
- •8. Кәсіпорында энергияны тұтынды жоспарлау әдістері
- •9. Басқарудың классификациялық әдістері: Ұйымшылдық-реттеушілік, әкімшілді-құқықтық, экономикалық, моралды тәрбиелік басқаруларға мысал келтіріңіз.
- •10. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдарын көрсетіңіз
- •11. Жобаны өткізудегі алынатын табыс кестесін құрыңыз
- •12. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу формаларына кесте құрып көрсетіңіз.
- •13. Кәсіпорында қызметті энергетикалық бақылау жолдарын атап көрсетіңіз.
- •14 Кәсіпорынның энергетикалық байлансының формаларының кестесін құрыңыз
- •15.Энергетикалық шаруашылықта негізгі технико – экономикалық көрсеткіштерді кесте жүзінде көрсетіңіз
2. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері.
Өндіріс процесінде негізгі қорлар қолданылуына байланысты тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.
Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлардың тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтыну құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу – жабдықтардың техникалық погреске байланысты ескіріп құнсыздануы.
Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп, құнсызданады. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте - бірте төмендеуі, сондай-ақ оларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатында осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударым болып табылады. Оның көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлар бағасына бөлу арқылы амортизация нормасы анықталады. Ол пайыз арқылы беріледі:
Ф1-Фж
Н= -------------100
Ф1•Т
Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны
Фж - жойылған негізгі қорлардың құны
Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативті қызмет ету уақыты),жыл
Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формуламен анықталады:
А= Н•Ф
Н - амортизация нормасы,
Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, тенге
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және оны есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтау керек:
- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;
- моральдық тозу;
- техникалық қайта құру жоспары;
- жабдықтардың балансы;
- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
3. Еңбекақы төлеу формаларын атаңыз
Еңбекакы төлемі жұмыс күшінің құны ретінде қалыптасуын, яғни еңбекақының төлем мөлшерлерін белгілеуді жүзеге асыратын құрал келесі негізгі элементтерден құралады:
- жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлердің өкілдері арасындагы келіссөздер еңбек төлемақы шарттарын алдымен еңбекақы мөлшерлері жөнінде жүргізіп, осы шарттарды бекітетін арнайы келісімшарт түзіп, оның қабылдануымен аяқталады;
- ең төмен еңбекақы мөлшерін бекіту, инфляция әсерінен нақты еңбекакы деңгейінің төмендеуін болдырмайтын, кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда еңбекақының төленуін қамтамасыз ететін секілді, еңбекақыны нарықтық экономикадағы жағымсыз кұбылыстардан қорғайтын мемлекеттік кепілдіктер жиынтығы;
- бюджеттік проблемаларды шешу үшін қызметкердің еңбекақысын оның табысы ретінде реттеу, нақты еңбегі үшін алынған ақысы еңбек құнынан шектен тыс айырмашылығы болмауын қамтамасыз ететін салық тетігі.
- қызметкерлер еңбегін өтеу деңгейі мен динамикасы және жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсаған өзге де шығындары жайлы есеп беру арқылы қызметкерге де, жұмыс берушіге де келіссөздер барысында белгіленген еңбекақы мөлшерлері бойынша төленетін нақты еңбекақы мөлшерінің ауьттку деңгейі анықталады, соның арқасында енбекақыны өзгерту қажеттілігі пайда болады.
Келтірілген еңбекакы төлемінің қоғамдық ұйымдастыру элементтерін кез келген нарықтық экономикасы бар елден көруге болады. Олардың, әрине, көріну нысандары әр елдің жалпы экономикалық даму денгейіне, дәстүрлерінің ұлттық ерекшеліктеріне, бір жағынан қызметкердің, екінші жағынан жұмыс берушінің мүддесін қорғайтын ұйымдардың даму деңгейіне сәйкес болып келеді.
Әр түрлі меншік нысаны бар кәсіпорындарда еңбекакы төлеудің екі түрі кең таралған: кесімді төлеу - әрбір өндірілген өнім бірлігіне немесе орындалған жұмыс көлеміне сәйкес ақы төлеу және мерзімді төлеу - заңмен реттелген нормативті жұмыс жасалған уақыт мөлшеріне тиісті акы төлеу. Кесімді және мерзімді еңбекакы төлеу түрлерінің екеуін де тізбек түрінде беруге болады.
